Сабақтың тақырыбы: Жолың болсын балақай!



Дата03.12.2019
өлшемі423,11 Kb.
#52899
Байланысты:
тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Жолың болсын балақай!

Сабақтың мақсаты:

Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолың болсын балақай» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

Арманға алда күткен асығамыз

Біз қалай толқын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз- дей келе тәрбие сағатымызды бастаймыз.3 топқа бөлінеміз.

1 «Қызылдар» тобы

2 «Сарылар» тобы

3 «Жасылдар» тобы


  • Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру (топ басшысы тобын таныстырады)

  2. Викториналық сұрақтар!

  3. Сен білесің бе? (әр топ өздеріне белгіленген жол белгілері бойынша сөйлейді)

  4. Кім жылдам?

Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар» тобы

Өзгермейтін тұрағын

Бір орында тұратын

Қызыл шамы жанғанда

Қадам баспа бір адым

Бұл тоқтаудың белгісі

Білу керек бар кісі

Бас иеді тәртіпке

Келмесе де көнгісі

Сары түсті белгілері бар «Сарылар» тобы

Сары көзін жаққанда

Өтемін деп мақтанба

Бұл дайындық белгісі

Кідіре тұр аттанба

Сары шамы жағылса

Сақ, абай бол барынша

Жасыл түсті белгілері бар «Жасылдар» тобы

Төксе жасыл шырағын

Қауіптенбе, шырағым

Жолың ашық, өте бер

Жасап алға мың адым

Жасыл жарық – жол ашық

Зымырай бел, бел асып

1-кезекте «Қызылдар» тобы

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)



2- кезекте «Сарылар» тобы

1) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

2) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

3) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

4) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)

5) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

6) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

7) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)



3- кезекте «Жасылдар» тобы

1) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

2) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)

3) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

4) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

5) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

6) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

7) Балаларға қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды? (балаларға арналған ойын алаңына ойнауға болады, көшеде, жолда ойнауға болмайды)



3-кезең Сен білесің бе?

Қызыл түспен «Ескерту белгілері»

Сары түспен «Нұсқау белгілері»

Жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» деген жазу шығады

1-топ

- Ескерту белгісі туралы не айтамыз? Суретін салу.



- Үшбұрышты қызыл баяумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

2-топ


-Нұсқау белгілері нені білдіреді?

-Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен вилосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.

3-топ

- Тыйым салу белгілері нені білдіреді?



-Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

5- кезең Кім жылдам?

Алдарыңызға мына қиындылар беріледі. Сол қиындыларды құрап, белгілі бір белгіні табу және де сол белгінің нені міндеттейтінін айтып бересіңіздер.



6- кезең Қорытындылау

Топтың атынан бір оқушы топтың атын кірістіре отырып, қорытынды сөз сөйлейді.



Мұғалімнің сөзі

  • Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға –дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектеп

Сынып сағаты:
Жолың болсын Балақай!


Сынып жетекшісі А. Муканова


2.Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды

(Автобус)



Ысқырықпен түзеткен

(Милиционер)




1 Ала таяқ ұстаған,                     

Жол тәртібін нұсқаған.                              

Өміріңді  күзеткен,  




4.  Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген.



(Жол)





3. Өзі сөйлей білмейді,                           Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.

(Бағдаршам)

                                                                                                







«Аялдама»  



Тоқта, демал, аялда,

                                    Күтеді әлі жол алда.



Жол бойында тұрады аялдама,

   Жолаушыңды отырғыз аялда да.

  Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

  Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.   



«Көліктер» «Әрқашан күн сөнбесін»-әуеніне салып

Жол жүрудің тәртібінКөшеде біз сақ болайық ,

  Ережесін білеміз Қаймықпасын ата – ана .

  сақтағанда қатерден Жолда сен бол  лайық,

  Сау-саламат жүреміз Жас ұлан деген  атқа

 Көлік,көлік,көлік Қ- сы :

Күлімдеген әдемі Әрқашан күн  сөнбесін,

Көшелерден жүреміз Аспаннан бұлт  төнбесін .

Күнде тынбай,күнде тынбай Қасымда болсын анам,

Көшелерден жүреміз----3 рет Болайын мен де аман !

 Жолда жүру әліппесін


Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап


Хормен:

  Көшеде біз сақ болайық,жас достар



Қаймықпасын ата-анамыз біз үшін

Сақтап жүру әрдайым жол ережесін

Жас өспірім атына сай болайық жас достар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет