Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік кұндылықтары туралы



Дата11.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#131409
түріСабақ
Байланысты:
Журек жылуы


№ 100 жалпы орта мектеп
Өзін-өзі тану пәні
Ирискулов Абдисаттар
Усарқулұлы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Жүрек жылуы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік»
адамгершілік кұндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - мейірімділік, кайырымдылық туралы
түсініктерін кеңейту;
- камқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, тауық пен балапандардың
суреті, дәптер, оқулық, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру сәті: 1) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
2) Психологиялық дайындық.
3) Өткенге шолу.
4) Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір –біріне мейірімді, қайырымды махаббатқа жылы сезімге толы екенін жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Ынталандыру.
1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді.
Сурет бойынша
әңгімелеу.
Балалар сұрақ бойынша
жауап береді.
АНА
Топтастыру: Ана кім?
Тапсырма: Оқушылар өздерінің жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеу.
Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін
оларды да жақсы көретін адамдардың
бар екенін ұғындырады.
Дәйексөз:
Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді?
“Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан”.
Жағдаятты талдау:
Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
Сен бір құшақ газет –
журнал көтеріп,
келе жатқан хат тасушыға
кездестің...
Сен аулаға ролик тебуге шықтың
ал досыңның ролигі жоқ...
Анаң ас пісіріп жатыр,
ал інің мазасызданып кетті....
Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады.
Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Сергіту сәті:

Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: кубик
Ойын барысы: тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін естеріне түсіреді.
Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға кубикті беріп «Таңертең» десе, кубик алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін кубикті екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, кубикті келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.
«ШАТАСПА» ОЙЫНЫ
Дәптермен жұмыс
Өздеріңнің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу.
Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді.
Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жан жылуы кімдерге , нелерге арналатынын бос торкөздерге жазу.
Қорыта айтқанда:
Жүректен жүрекке.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! және т. б.
Шығармашылық жұмыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет