Сабақтың тақырыбы: Кальций. Кальцийдің қосылыстары. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі213,87 Kb.
#23666
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Сынып: 9А , 9Ә сыныбы

Күн реті: 19.01.-20.01.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Кальций. Кальцийдің қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сілтілік металлдар жайлы білімді сатылай кешенді талдай

отырып дамыту. Кальцийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін, қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет беру.



Дамытушылығы:

  • кальцийді басқа металдардан ажырата білу дағдыларын және

металдар туралы білімдерін толықтырып, дамыту;

  • өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету

  • есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелігі: еліміздегі металдардың таралған жерлеріне, кенорындарына

тоқталып, патриоттық тәрбие беру, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу, оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, есеп шығару.

Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих т.б

Көрнекіліктер: тірек-сызбанұсқа (кальцийдің сипаттаммасы мен оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты сызбанұсқа), сабақты толық қамту үшін карточкалар.
Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық

Сұрақ: ІІ топтың негізгі топша металдарына қандай элементтер жатады? Олардың периодтық жүйедегі орны.

Жауабы: Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra.

Сұрақ: Металдардың химиялық қасиеттері тәуелділігі.

Жауабы: Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, яғни атом ядросының үлкендеу, валенттілік электрондар санының аздау болатынына тәуелді.

Сұрақ: Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Жауабы: Қазіргі адам тіршілігі металдарды қолданумен тығыз байланысты. Адам организмінде ең кем дегенде 10 металдың болатыны анықталған. Олар: темір магний, мыс, кобальт, мырыш, марганец, кальций және т.б. Бұларды «тіршілік металдары» деп атайды. Мысалы, қан құрамындағы гемо – глобиннің, темірі бар қосылыс – гем және белок – глобиннен тұратыны, ал оттекті тасымалдайтын қан құрамындағы темір екені белгілі. Магний жүрек, қан тамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қатысады.

Сұрақ: Металдар және олармен әрекеттесетін тотықтырғыш заттардың арасындағы реакция түрлері.

Жауабы: Металдар және олармен әрекеттесетін тотықтырғыш заттардың арасындағы негізгі 2 реакция түрі бар. 1) Қосылу реакциясы: бейметалдармен әрекеттесуі (оттекпен, күкіртпен, галогендермен), 2) Орынбасу реакциясы: күрделі заттармен әрекеттесуі (сумен, оксидтермен, қышқылдармен, тұздармен, сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар), тотықтырғыш заттармен).

Сұрақ: Қосылу реакциясына мысал келтіріңіз.

Жауабы: Бейметалдармен әрекеттесуі:

  1. Оттекпен:



  1. Күкіртпен:



  1. Галогендермен:



Сұрақ: Орынбасу реакциясына мысал келтіріңіз.

Жауабы: Күрделі заттармен әрекеттесуі:

  1. Сумен:



  1. Оксидтермен:



  1. Қышқылдармен:



  1. Тұздармен:



  1. Сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар):



  1. Тотықтырғыш заттармен:



Сұрақ: Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі.

Жауабы:

Сұрақ: Металдарды тарихпен байланыстыру.

Жауабы: Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, металдарды зерттеуші Георгий Агрикола XVI ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді».

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша белсенді металдарды ата.

Жауабы: Cu, Hg, Ag, Pt, Au.

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша белсенділігі орташа металдарды ата.

Жауабы: Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb.

Сұрақ: Электрохимиялық кернеу қатары бойынша ең белсенді металдарды ата.

Жауабы: Li, K, Ca, Na, Mg, Al.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Периодтық жүйедегі орны:


Каталог: uploads -> doc -> 0b3f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b3f -> Сабақ Африка- біріктіріп қайталау сабағы
0b3f -> Жумабаева Гулнар Садыққызы №8 қазақ гимназиясы «Саз өнері» курсының бағдарламасы
0b3f -> Химия пәні бойынша тест тапсырмалары. Заттардың қайсысы жай затқа жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет