Сабақтың тақырыбы: Кегельринг. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата10.10.2023
өлшемі127 Kb.
#184435
түріСабақ
Байланысты:
4-сынып-кмж 16
КТЖ 3 сынып 2022-23 оқу жылы, 5кл-23 кмж, 6-сынып-кмж 27

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Робототехника. Лабиринт және кегельринг.

Педагогтың аты-жөні

Ордабаева Мадина

Күні

23.12.2022 ж

Сынып: 4

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Кегельринг.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.5.1.1 түс датчигін қолдану
4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Кегельринг» ұғымын біледі

Көптеген оқушылар:

Lego Mindsrorms Education EV3 программасын іске қосады

Кейбір оқушылар:

программаны іске қосып тексереді



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Біз жарыстың алуан тұрі болатынын білеміз. Мысалы, спорттық жарыстар және ғылыми жоба, олимпиадалар т.б, жарыстардың түрлері өте көп. Кез келген жарыстың мақсаты- жеңімпазды анықтау. Сол сияқты роботтар арасында да жарыстар болады. Робототехникадағы жарыстардың бір түрі кегельринг деп аталады. Бұл жарыстағы роботтың мақсаты-сақина шеңберінен кегельдерді аз уақыт ішінде итеріп шығару.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.









Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кегельрингке қатысу үшін робот ультрадыбыс және түс датчиктерімен жабдықталады. Кегель-кегельрингтегі міндетті атрибуттардың бірі. Кегельге салмағы аз, көлемі шағын белгілі бір заттарды қолдануға болады.
Кегельрингтің бірнеше түрі бар:

  • Кегельдердің түстерін тану ойыны (белгілі бір түстегі кегельдерді ғана ығыстырып шығару керек);

  • Кегельдің орналасқан жерін тауып, ығыстыру ойыны және т.б.

Жарыс ережесі:
1.Робот рингте орналасқан барлық кегельді аз уақыт ішінде оның сыртына итеріп шығару қажет.
2.Роботты рингтің ортасындағы орынға орналастырады.
3.Рингтің шекара сызығынан 12-15см қашықтықта 8 кегель қойылады.
4.Робот кегельді қара сызықтың сыртына шығарып тастаса, төреші кегельді итерілді деп есептеп, рингтен шығарады.

Оқулықтағы тапсырманы бірге орындап көрейік.


Оқулық 63-бет, «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.


Тапсырма.


Робот рингтің дәл ортасында тұрып, кегельдерді байқағанша сағат тілінің бағытымен айналып тұруы керек.

-Lego Mindsrorms Education EV3 программасын іске қосады;


-программаға қажетті блоктарды таңдап алады;
-жарысқа қатысатын робот пен кегельдің бағыттарын анықтайды;
-түс датчигін қолданады;
-программаны іске қосып тексереді.

ҚБ: «Стикер» әдісі



Мұғалімді тыңдайды

Тапсырманы орындайды


Тапсырманы орындайды

Стикер


Компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»
Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”
Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»

Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд

Үй тапсырмасы

§ 14-15, жұмыс дәптері 27-28 бет










ДОІЖО: Б.Көбей

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет