САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректерді кестелік түрде ұсыну, электрондық кестелер, Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу, деректердің типтері, формула жазу ережесі, кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?
Рисование панелі арқылы қандай амалдар орындаймыз?
Формат рисунка –Положение командасы қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі.
Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол – көршілес ұяшықтардың бірлестігі
Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Электрондық кестелер
1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды.
10.2-тақырып. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу.
Деректердің типтері.
ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.
Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостроф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады.
Сандық деректер- бұл цифрдан , «+», немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін.
Дата мен уақыт символдарымен жұмыс істегенде ғасыр басынан бастап енгізілген күнге дейінгі күн сайын анықтайтын реттік нөмір түрленеді.
Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.
Формула жазу ережесі.
Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді.
Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы
Кестелік процессорды іске қосу
Кестенің жаңа жұмыс бетін құру
Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу
Деректерді енгізу
Деректерді редакциялау
Енгізілген обьектілермен жұмыс істеу
Кестені пішімдеу
Құжатты сақтау
Құжатты басу
Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Кесте дегеніміз не?
Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?
Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?
ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?
ЭК ұяшығына деректердің қандай типтерін енгізуге болады?
Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер.
Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?
Үйге тапсырма:
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |