Құрамы екі бөліктен тұрды: 1-ші Батыс бірлестігі 11 тайпадан тұрды



Дата30.11.2023
өлшемі84,57 Kb.
#194197
түріҚұрамы
Байланысты:
Жұмыс парағы


Тапсырма №1. Мәтінді пайдалана отырып, Қыпшақтардың этникалық құрамын анықта.
Қыпшақтардың этникалық құрамы:
VII-VIII ғасырда қалыптасты. Этниалық құрамы екі бөліктен тұрды: 1-ші Батыс бірлестігі 11 тайпадан тұрды: елбөрілі, тоқсоба, йетиоба, дурут, бужағлы, шортан, қарабөрікті т.б; 2-ші Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрды: тоқсоба, бөрілі, дурут, бажанақ, қара бөрікті т.б.
Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі: бөрілер (шығыс бірлестігі) болған. Бұл елбөрілілер деп те аталған. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес тайпаларда енген. Олар: қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт және ХІІ ғасырдан бастап олардың құрамында қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер де болған.
ХІ-ХІІІ ғасырларда бүкіл Еуразия аумағында саяси ықпалын күшейтті.Олардың құрамына қазіргі башқұрттар, татарлар, әзірбайжандар, қарашайлар т.б кірген.Қыашақтардың тайпалары қазіргі орта жүз құрамына енген.

Батыс бірлестігі

Жалпы Қыпшақ бірлестігі

Шығыс бірлестігі












Дескрипторлар:
- Батыс бірлестігіне кіретін тайпаларды анықтайды.
- Шығыс бірлестігіне кіретін тайпаларды анықтайды.
- Жалпы Қыпшақ бірлестігіне кірген түрік тілдес тайпаларды анықтайды.
- Қыпшақ хандары қай тайпадан шыққанын анықтайды


Тапсырма №2. Тапсырма № 2. Фишбоун»» әдісі арқылы қыпшақтардың шаруашылығын талда.
Шаруашылығы. Негізгі шаруашылығы: мал шаруашылығы. Дешті Қыпшақтың халқы жыл ішінде бір жерден екінші жерге көшіп қонатын көшпелілер болған.
Қыпшақтар негізінен жылқы, қой-ешкі және түйе малын өсірді.
● Қой-ешкі тез өсіп жетіледі. Олар адамдарды жүн, тері, ет, май және жылы киіммен қамтамасыз етеді. Қойлар жүргек, төзімді келеді, сол себептен қыпшақтар алыс аумақтарға көшіп-қона алатын.
● Жылқыны өсіру аса пайдалы болды. Мысалы, олар соғыс және аңшылық кезінде көлік қызметін атқарды, бейбіт кезеңде азық-түлік тасымалдауға пайдаланылды. Ішсе – сусын, жесе – азық, мінсе – көлік. Жылқыны қыпшақтар ерекше қастерлеген.
● Қыпшақтардың Қазақстанның казіргі шөлейтті батыс өңірлеріне қоныстану себебінен түйе өсіру дамыды. Түйелер шөлейт жерлерге бейім болды.
Халық пен мал санының өсуі жаңа жерлер мен жайылымдарды қажет етті. Сондықтан қыпшақтар көршілес тайпалармен жайылым жерлер үшін үздіксіз күрес жүргізді.
Қыпшақтардың шаруашылығы жөнінде белгілі саяхатшы Ибн Батутта «Қыпшақтар сиыр малын көп өсіреді, ал П. Карпини мен В. Рубрук «қыпшақтар арба үстінде тігілген үйлерін 22 өгізбен тартып жүреді» деді,сондай-ақ саяхатшылар «Қыпшақтардың жылқысы басқа елдерде жоғары бағаланды. Үндістанда қыпшақ даласынан шыққан жақсы жылқы 500 динар - алтын монеталарға тұрды» деп жазды.
Егіншілік. Қыпшақтар егіншілікпен де айналысқан. ХІІ ғғ. Еврей саяхатшысы Петахья өз жазбасында қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіргенін жазған. ХIV ғасырда әл-Омари былай деп жазған: «Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні – тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады».
Қыпшақтарда шаруашылықтың қосымша түрі аң аулау болған. Еврей саяхатшысының жазуынша, аңды садақпен аулаған. Ол аңшылардың мергендігін айтқан. Аң еті тамақ үшін және кейбір
қымбат бағалы терілерін сату үшін ауланған және аң терілерінен қысқы жылы киім тігілген.


Балықтың басы:
(негізгі мәселе)

Қыпшақтардың шаруашылығы

Балықтың сүйектері:


(мәселені талдау)

Мал шаруашылығы

1-дәлел;
2-дәлел;

Егіншілік

1-дәлел;

2-дәлел;



Аң аулау

1-дәлел;

2-дәлел;





Балықтың құйрығы:
(қорытынды)

«Біз дала тұрғындарымыз. Біздің қымбат, асыл заттарымыз жоқ. Біздің басты байлығымыз – малымыз. Біз үшін жылқы– сусын, азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ететін көлік құралы. Бізде үлкен сарайлар немесе әдемі бақтар жоқ. Біздің демалатын жерлеріміз жайылымдарымыз...».



Дескрипторлар:
Қыпшаұтарда мал шаруашылығының дамығанына кем дегенде 2 мысал келтіреді
Егін шаруашылығының дамығандығына кем дегенде 2 мысал келтіреді
Қыпшақтарда аңшылықтың болғанына кем дегенде 2 мысал келтіреді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет