|
|
«Бекітемін»
«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
директордың өндірістік оқу
ісі жөніндегі орынбасары ____________ Б.Самалбаев
|
Өндірістік оқу сабағының жоспары №1
Күні- айы: 01.02.2016ж Топ: 267 Курс: 1
Мамандығы: 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 1401262 Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері
Бөлімнің тақырыбы: Сылақ жұмыстары
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: білім алушыларды мамандықтың мазмұнымен, өндірістік оқыту сабақтарының ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптармен, кәсіптік бағдарламаның мазмұнымен, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету;
Дамытушылық: алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: кіріспе сабақ
Сабақтың әдістері: сөздік әдіс (түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап), көрнекілік әдіс (еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, презентация көрсету), практикалық әдіс (оқу-өндірістік жұмыстарды (жаттығуларды) орындау).
Материалды-техникалық жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік құралдар: дәрі-дәрмек қобдиша, дәкелер, мақта, тақырыптық презентациялар, үлестірмелі материалдар, кәсіптік практика бағдарламасы.
Өткізілетін орны: №106 Жалпы құрылыстық жұмыстар шеберханасы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Білім алушыларды түгендеу;
1.3.Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау:
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Білім алушылардың тақырып бойынша теориялық сабақтарда және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
- мамандықтарың бойынша қандай жұмыстар жасай білу қажет деп ойлайсыңдар?
- арнайы киім деп нені атайды?
- техника қуіпсіздігі ережелері туралы не білесіңдер? олар не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- адамға алғашқы медициналық көмек көрсете аласыңдар ма? Ол не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- шеберханадағы дәрі-дәрмекке арналған қобдишаның құрамында не болу қажет деп ойлайсыңдар?
2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру , сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету:
- мамандыққа сипаттама;
- кәсіптік бағдарлама мазмұны;
-өндірістік оқыту сабақтары және оған қойылатын талаптар;
- жұмыс орындары және оған қойылатын талаптар;
-еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелері;
- алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін көрсету;
2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау:
- шеберханада тәртіп бұзу;
- жұмыс орнын таза ұстамау;
- адамдарға дер кезінде көмек көрсете алмау;
- ТҚ ережелерін сақтамау салдарынан адам өміріне зиян келтіру.
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырыпты бойынша білім деңгейлерін тексеру:
- «Қатесін тап» жаттығуын орындау (суреттермен жұмыс);
2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау:
2.8. Білім алушыларға тапсыру беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу:
3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
1. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге қатысты жаттығуларды орындау (медициналық қызметкердің бақылауымен):
- саусақты таңу;
-қолды таңу;
-шынтақты таңу;
- басты таңу;
-аяққа таңу;
- қолға шина таңу.
2. Есеп жазу;
3.2. Ағымдағы нұсқау (жұмыс орындарын арнайы аралап жүру арқылы):
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;
- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;
- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды қабылдау.
4. Қорытынды нұсқау:
4.1. Сабақты қорытындылау;
4.2. Жіберілген қателерді талдау;
4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;
4.4. Үй тапсырмасы:
«Беттерді сылақ жұмыстарына дайындауда қолданылатын құралдар» тақырыбында презентация дайындау.
5. Жұмыс орнын жинастыру.
Директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
|
_________ А.Малаева
|
Өндірістік оқу шебері:
|
_________ Н.Е.Рысбеков
|
Конспект- жоспар №1
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ
1.Мамандыққа сипаттама
Мамандығы: 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 1401262 Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері
Кәсіптік құзыреттер:
Арқаулаушылық жұмыстарын орындау.
Бетондау жұмысын орындау.
Тас жұмыстарын орындауда.
Металл констукциясы және құрамалы темір бетоннан ғимараттармен имараттардың барлық типтеріне жинақтау жұмыстарын жүргізу.
Пеш салу жұмыстарын орындауда.
Стропальдық жұмыстарын орындау.
Электрлі дәнекерлеуді қолмен орындау жұмыстары.
Базалық құзыреттер:
Заманауи әлемді рухани, мәдени, зияткерлік және экологиялық біртұтастық ретінде қабылдау, заманауи қоғамда өзін және өзінің алатын орнын сезіну.
Болашақ мамандығының мәнін және әлеуметтік маңызын түсіну, оған қызығушылық таныту;
ҚР ата заңының негізін білу, экологиялық, құқықтық, ақпараттық және коммуникативтік мәдениеттерді меңгеру, мемлекеттік тілде және шетел тілінде тілдесуді игеру;
Өзінің еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуге бейімді болу, кәсіби қызмет деңгейінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана білуге дайын болу.
Өмірлік құбылыстарды түсінуге, ақиқатты өзіндік ізденуге, кәсіби қызмет деңгейіндегі мәселелерді өзіндік және тиімді шеше білу.
Кооперацияға, қарым-қатынас орнатуға, коммуникативтік бейімлілікке дайындығын таныту.
Білімділік және кәсіби деңгейін үнемі көтеруге, өзіндік жеке мүддесін актуалдаудағы және жүзеге асырудағы қажеттіліктерге, жаңа білімді және біліктілікті игерудегі өзіндік қол жеткізуге, өзін-өзі дамытуға дайындығын таныту.
Мамандықтың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.
2.Кәсіптік бағдарлама мазмұны:
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай;
Нәтиже:
- орта білім;
3 жылдық еңбек өтілі;
жұмысшы мамандығы (разряттар-3-4);
еңбек дағдылары.
Оқытудың мазмұны:
1.Жалпы білім беретін пәндер;
2. Жалпы гуманитарлық пәндер (кәсіптік орыс тілі, кәсіптік шетел тілі, дене тәрбиесі);
3. Жалпы кәсіптік пәндер (Сызу, Электротехника, Нарықтық экономика негіздері, Информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері, Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, Материалтану, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу);
4. Арнайы пәндер (арнайы технология, әрлеу жұмыстарының технологиясы);
5. Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
- өндірістік оқыту (шеберхана);
- Танысу практикасы (1 апта, 4 семестр);
- Технологиялық (2-3 курс);
- Диплом алды (6 семестр);
- Аралық аттестаттау (емтихандар ЖББ);
- Қорытынды аттестаттау (емтихан арнайы пәндер + КДДБ емтихандары (ОУПП);
- Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру - тестілеу (ОУПП)
- Дипломдық жұмысты қорғау;
Кәсіпорындарда өтетін практика қорытындысын әр студент қорғайды:
Практиканың түрі мен мерзімі;
Практикадан өткен мекеменің атауы мен негізгі қызметі;
Мекеме тарапынан бекітілген практика жетекшісі туралы мәлімет;
Практиканыың бағдарламасында көрсетілген жұмыстардың орындалуы;
Практика барысында кездескен қиындықтар;
Практика қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттер;
Қорытынды.
Қосымша: есеп презентация түрінде жасалуы қажет.
Ескерту: Практиканың нәтижесі бойынша есепті қорғауға құжаттарды түгел өткізген білім алушылар жіберіледі: жолдама, күнделік, мінездеме, келісім шарт.
3. Өндірістік оқыту сабақтары және оған қойылатын талаптар:
1 топ: 8.30-12.00
12.00-12.30 – түскі үзіліс
2 топ: 12.30- 15.40
Арнайы киім, құрал-саймандар, дәптер, жұмыс орнын ретке келтіру.
4. Жұмыс орындары және оған қойылатын талаптар:
Жұмыс орны – жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға бейімделген (қажетті құрал-жабдықтар мен құрал-саймандармен) орын.
Жұмыс орындарына қойылатын талаптар:
реттілік;
артық заттар болмауы;
құрал-саймандардың жұмысқа дайындығы;
арнайы киіммен жұмыс жасау.
5. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелері:
Шеберханаға өндірістік оқу шеберінің рұқсатымен және асықпай кіріп, сабақ барысында үнемі тәртіп сақтау қажет.
Шеберханадағы қондырғылар мен жабдықтарды шебердің рұқсатынсыз қосуға, орындарынан қозғалтуға болмайды.
Шеберханадағы электржабдықтарын және олардың кабельдерін қолмен ұстауға болмайды.
Өндірістік оқу сабақтарына қажет емес бөгде заттарды әкелуге болмайды.
Өндірістік оқу сабақтарына арнайы жұмыс киімін әкелу қажет.
Берілген тапсырмаларды арнайы жұмыс орнында және шебердің рұқсатымен ғана орындау қажет.
Жұмыстың алдында жұмыс орнын және құрал-саймандарды дайындап ал.
Жұмыс орнында нұсқаулық-технологиялық карталарда көрсетілген жұмыстарды атқару қажет.
Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің ережелерін мүлтіксіз орындау қажет.
Жұмыс орнында тазалықты сақтап, құрал-саймандарды белгіленген ретпен орналастырған жөн.
Қондырғылар мен жабдықтардың жұмысында ақау байқалған жағдайда дереу шеберге хабарлау қажет.
Жұмыс аяқтаған соң құрал-саймандарды шеберге өткізіп, жұмыс орнын ретке келтіріп, тазалау керек.
6. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін көрсету (презентация).
Достарыңызбен бөлісу: |