Сабақтың тақырыбы: Көсемше Сабақтың мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі42,96 Kb.
#23583
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

4 ОЖББ мектебінің қазақ тілі мен



әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аюпова Жұмагүл Темірғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Көсемше

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға көсемше туралы жалпы түсінік бере отырып, жасалу, түрлену , қолдану жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: оқу, жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: мысалдарға алынған сөйлемдер арқылы оқушыларды ерлікке, отанын сүюге, адамгершілікке,достыққа, бірін – бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау, таным сабағы.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, кубизм, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ой толғау жазу.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты тірек сызба,интеррактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын қадағалау, 3 топқа бөлу.

Әр топ өздері топ басшысын сайлайды.

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына өлең жолдарын оқып көрейік.

Барша заттың бір өзімде қимылы

Сөз табының күрделісі, қиыны.

Сабақты,салт,есімше, көсемше боп,

Шақ,рай,етіс те боп жиылдым.



  • Балалар осы төрт шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?

  • Етістік.

  • Өткен сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?

  • Есімше.

  • Ендеше, есімшеге байланысты үйге берілген тапсырмаларды тексеріп шығайық.(әр топ басшысы өз тобының үй тапсырмасын тексеріп шығады)

1-топ: есімшеге топтастыру жасап, мысал келтіріп, ережесін айтады.

2-топ: 252-жаттығу. 20 есімшелі етістік жазу.

3- топ. есімшені қолданып сөйлем құрау.

Үлгерімі төмен немесе үй тапсырмасын орындамаған оқушыларға перфокарта беріледі.



ІІ Мағынаны тану.

Көсемше – етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. 1. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, қимыл, іс-әрекетті білдіріп, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады.

2. Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде жұмсалады. Мысалы: Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.

Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

Арман кітапты дауыстап оқыды.

Оның жұрнақтары: -а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі.

Соңғы түрі жіктелмейді. Көсемше септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді. Бұл жұрнақтар негізгі етістікке,туынды етістікке, болымды, болымсыз етістіктерге, етістерге жалғанады.



Жаттығулармен жұмыс.

1 -топ. Ізден.255- жаттығу. Мақалдарды оқып, көсемшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

2 -топ. Түрлендір.Осы мәтіндегі етістіктерге есімше жұрнақтарын жалғап жазып түрлендіріңдер. Мысалы. Келіп-келе-келгелі. Айқайлай- айқайлап-айқайлағалы.

3-топ. Анықта.Мәтіндегі көсемшелер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Сергіту сәті.

Қолымыздың шаршағандығын басу үшін, мынандай ойын ойнап көрейік.



«Ойнайық та, ойлайық» Мен сұрақтар қоямын егер «ия» деген жауап болса, қолымызды шапалақтаймыз, егер «жоқ» деген жауап болса, жұдырығымызды екі рет ашып- жұмамыз.

Келесі тапсырма:



1-топ.256– жаттығу.Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

2-топ.254- жаттығу. Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар. Үлгі: жүгіре жөнелді, жүгіріп келеді, жүгіргелі тұр.

3-топ. Суретке қарап, мәтін құрастырыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Қандай етістік түрін қамтыдыңдар? Көсемшелер бар болса, астын сызыңдар.

ІІІ Толғаныс. Жуан – жіңішке сұрақтар.«Сен маған, мен саған»

Әр топ бір – біріне бір қиын, бір оңай сұрақтан қояды.



Венн диаграммасы

Есімше ұқсастығы көсемше

«Сабақтан алған әсерім» өз ойын жазу. «Автор орындығы»
«Талдау – табыс кілті»

Әр топқа талдау беріледі.

1-топ. көсемше, жұрнақ сөздеріне фонетикалық талдау;

2-топ. «Асыл бұйым тозбайды» морфологиялық талдау;

3-топ. Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Сөйлемге синтаксистік талдау.
Үйге тапсырма: 257 – жаттығу.Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасаңдар.
Қорытынды: Мен бүгінгі сабағымды төмендегідей нақыл сөзбен аяқтағым келеді.

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле» Ж.Баласағұн.



Қашанда үйренуге, білуге құштар болып, білім жолында қанаттарың талмасын.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет