Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару. Мұғалімніңаты-жөні : Досмат Г



Дата22.08.2017
өлшемі94 Kb.
#23906
түріСабақ
Пәні:Алгебра Тексерілді :


Сабақтың тақырыбы:Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару.

Мұғалімніңаты-жөні: Досмат Г

Күні: 27. 01. 2017

СЫНЫП: 8

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағаноқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Оқушылардың квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жетілдіру

Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Квадрат үшмүше анықтамасын біледі , квадрат үшмүшенің түбірлерін таба алады.

2-деңгей

(қолдану, талдау):




Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын біледі, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктелетінін және жіктелмейтінін біледі.

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




Оқушылардың кейбіреулерімынаныорындайалады:

Есептер шығару кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады.

Күрделі есептерді шығара алады.

Тілдікмақсат:

Квадрат үшмүше, квадратный трехчлен.

Ресурстар:

Оқулық, тақта, бор, таратпа қағаздары, слайд

Пәнаралықбайланыс:

Логика, қазақ тілі

Алдыңғы оқу:

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланғануақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

минут

І. Сәлемдесу

ІІ.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

"Жүректен-жүрекке" жағымды тілектер тілеу






ҮЙТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» сұрақ- жауап кезеңі:

1- топ

1. Төртінші дәрежелі теңдеуді шешу үшін не қолданамыз?

Жауабы: Жаңа айнымалыны енгізу арқылы.

2. Квадрат теңдеу дегеніміз не?



Жауабы: ах2+вх+с=0 түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

2- топ

3. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?



Жауабы: в, с немесе в мен с нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады. Мына түрде жазылады.

4. Квадрат теңдеудің түрлерін ата.



Жауабы: Толымды квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу.

3- топ

5. Квадрат үшмүше дегеніміз не?



Жауабы: ах2+вх+с түрінде берілген көпмүше квадрат үшмүше деп аталады.

6. Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминантын

қалай табамыз?

4- топ

7. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?

8. Виет теоремасын білесің бе?

5- топ

9. Квадрат теңдеудің қанша түрі бар?

10. ах4+вх2+с=0 түріндегі теңдеу қалай аталады?


Әр дұрыс жауапқа

1-ұпай


2-деңгей

(қолдану, талдау):



№ 232 Дұрыс жауаптары арқылы жұптық тексеру

1-6 ұпай

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):



№ 233

1-5 ұпай

ЖАҢА САБАҚ

минут


ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ Оқулықпен жұмыс.

235 (1, 2, 3,)

237 (1, 3, 4 )
Көбейткіштерге жіктеу тәсілдері Сәйкестендіру тестін орындау.

1-5 ұпай
1-7 ұпай




1. Топтау тәсілімен жіктеу

2. Квадрат теңдеулерді шешудің 1 формуласын пайдаланып жіктеу


3. Қысқаша көбейту формуласын

пайдаланып жіктеу
4. Виет теоремасын пайдаланып көбейткіштерге жіктеу
5. Көбейткішке жіктеледі
6. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
7. Көбейткішке жіктелмейді


2+2х-3=0; Д= 22-45 (-3)=4+60=64;

х1 = = , х2= -1.

5x2+2x-3=5(х- )(х+1)=(5х-3)(х+1).
х2 + 3x + 2;х2 + 3x + 2 = 0 ,

х2+ 3x + 2=(5х-3)(х+1).

х2 -5x = х(х-5)

а2+4а+5а+20=(а2+4а)+(5а+20)=а(а+4)+

5(а+4)=(а+4)(а+5)
121-289х2=112-(17х)2=(11-17х)(11+7х)
Д0 болғанда

Д0 , Д0 болғанда


Сергіту сәті

Мақал- мәтелдердің ішінен сан есімдерді тауып квадрат теңдеулер құрау.
1. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. х2 -1001x + 1000 = 0

2. Жеті рет өлшеп бір рет кес. х2 -8x + 7 =0

3. Алтау ала болса , ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. х2 -10х + 24 =0

4. Жігіт бір сырлы сегіз қырлы. х2 -9х + 8 =0

5. Ұлға отыз үйден

Қызға қырық үйден тыю. х2 -70х + 1200 =0

6. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім іл. х2 -14х + 49 =0

7. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес,

Жүзге келсе де пәс емес. х2 -115х + 1500 =0

8. Бір тал кессең, он тал ек. х2 -11х + 10 =0

9. Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды х2 -60х + 900 =0

10. Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем болар. х2 -3х + 2 =0

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай



САБАҚТЫ БЕКІТУ

минут

1-деңгей (білу, түсіну):

2-деңгей

(қолдану, талдау):



3-деңгей


Білімді жүйелеу. Тест тапсырмаларын орындау

1. ах2 +вх + с квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеу формуласы.

А)ах2 +вх +с =(х-)(х-).Ә) ах2 +вх + с = а(х-)(х-).Б) ах2 +вх + с =(х-а)(х-в).

2. х2 -8х + 15 =0 түбірін Виет теоремасы арқылы тап



А) 3; 5 Ә) 2 ; 6 Б) 1; 7

3. Түбірлері 11 және -2 болатын квадрат үшмүше жазыңдар.

А) х2 -8x + 22 Ә) 11х2 -2x + 7 Б) х2 -9x -22

4. х2 +5x -14 квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеңдер.

А) (5х-3)(х+1). Ә) (х-3)(х+2). Б) (х+7)(х-2).


1-5 ұпай аралығы



ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

минут

1-деңгей (білу, түсіну):


Анықтама, формулаларды жаттау




2-деңгей

(қолдану, талдау):



№236 есепті шығару




3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

№ 237 ( 2, 5, 6 ) есептерді шығару






БАҒАЛАУ


Әр топтағы топбасшылардың бағалау парақтары негізінде жиынтық балл мен бағаны жариялау, мадақтау.




КЕРІ БАЙЛАНЫС


«Социограмма» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу.






Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?





Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?





Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет