Қысқа мерзімдік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»
Сабақтың мақсаты: Ақиық ақын–Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру, өлең арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің, қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат бере отырып, «Фантазия» өлеңінің мағынасын ашып, өлеңнің құрылысын топпен талдайды.Өлеңнің идеясын өмірмен байланыстыра алады. Ынтымақтасып ортақ мақсатқа жетуге талпынады, ой өрісі дамиды . Өзін еркін сезінуді үйренеді. Бір бірін бағалайды...
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
1 мин
|
Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру. Сыныппен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ынтымақтастық атмосферасын орнату
|
Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдеседі.
|
Оқулық «Әдебиет»5-сынып
|
2 мин
|
Топқа бөлу. Өлеңнің тармақтары бойынша топқа бөлу
(Жаңа тәсілдер)
|
Оқушылар топқа бөлініп, топ башыларын сайлайды.
|
Түрлі түсті кеспелер
|
5 мин
|
Үйге берілген тапсырманы «Роунд-робин» әдісі.
(АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту)
|
Оқушылар бір бірінің сөзін қайталамай өткен сабақ бойынша деректер мен түсінігін айтып шығады
|
|
10 мин
|
Негізгі бөлім. Блум жүйесі. Білім
Топтық тапсырма-1 СТО пайдалана отырып оқушыларға Мұқағали Мақатаев өмірін және оның шығармалары туралы талқылаймыз . Сұрақтар арқылы қорытындыланады.
(СТО, АКТ)
|
Оқушылар Мұқағали Мақатаев тың өмірі мен шығармашылыға түсіндіріп береді. Ақынның кім екенін анықтайды
|
Интернет
тен алынған метриалдар.
Оқулық «Әдебиет»5-сынып
|
20 мин
|
Мағынаны тану. Анықтау. Талдау. Зерделеу. Салыстыру.
Топтық тапсырма-2 Оқулықтағы «Фантазия» өлеңді мәнерлеп оқиды. Фантазия сөзінің мағынасын ашу
мазмұныны талқылап, оның ертегімен байланысын табады.
Топтық тапсырма-4 І топ сөздікпен жұмыс жасайды, ұйқас түрін, буын өлшемін анықтайды
ІІ топ бүгінгі күн мен болашақты салыстырады.
(СТО,көшбасшылық)
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін айтады.
Оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен берілген тапсырмаларды постерде орындайды. Орындаған жұмыстарын топ арасында талқылап, түсіндіріп қорғайды.
|
Оқулық «Әдебиет»5-сынып Постер, кестелер
|
3 мин
|
Қорытынды бөлім
Бағалау Оқушылардан сабақтың кезеңдері бойынша өзін критерий бойынша бағалайды.
(ОүБ және оқуды бағалау)
|
Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Бағалау критериясы кестесіне сай бағаланады.
|
Бағалау парақшасы
|
1 мин
|
Үйге тапсырма. Мұқағали Мақатаев «Фантазия»
|
Оқушылар үйге берілген тапсырмаларды күнделігіне жазып алады.
|
|
3 мин
|
Рефлексия немесе кері байланыс
Мұқағали ағаға хат жазады.
|
Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіреді.
|
Кеспе қағаздар.
|
Аян. Рефлекциялық есеп.В 2
М.Мақатаев «Фантазия» 5-сынып әдебиет
Ыбырай Алтынсарин «Жақсы мұғалім- мектептің жүрегі» деген. Мұғалім оқушылардың білімін өмірмен ұштастыра алуын үйрету керек. Балалардың болашағы партада отырған кезінен бастау алады. Бала- біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі. Қазіргі дамыған технология уақытында, балалардың білімді салыстырмалы түрде , сыни көзқарас арқылы, дамуға бағыттау керек. Қазіргі бәсекелектік заманға сай , өз мүмкіндігін көрсете және іске асыра алатын шығармашыл жастардың өзіндік қабілетін дамыту маңызды. Қай кезеңде болмасын кез келген жағдайда өз білімін пайдалана алауын қамтамасыз ету керек.
Сындарлы оқытуды бірлестікпен кеңесе отырып 5-сынып оқушыларымен тізбектелген сабақтарда өтуді жоспарладым.Сыныптың білім сапасының көрсеткіші жалпы пәндер бойынша орта. Бұл сыныптың жаңа әдіс- тәсілмен пәнді оқуға ынтасын арттырып, білімге деген өзгеше көзқарасын бақылап, нәтижеге жетуді жоспарладым.Сабақтар топтамасы жоспарлауда сындарлы оқытудағы модульдерді сабағыма енгізе отырып, оқушыларға пәнді терең меңгеріп, талабын шыңдап.қызығушылығын арттыруды мақсат еттім. Сабағымда модулдерді орында пайдаланып, қол жеткізген нәтежені көрдім. Әдіс- тәсілдерді , тапсырмаларды жас ерекшеліктерін орай пайдаландым. Балалардың өздерімен кеңесе белгілеген топ ережесіндегі уақытты сақтау пен бір мақсатқа жету жолында ынтымақта болуын талап еттім. Қазіргі кезде уақытты , өз білімін ұтымды пайдалау маңыздылығын ескертіп отырдым.
Сабақты сергіту сәтімен бастадым. Оқушылар сергіту сәтіне үйренген , дереу орындарына тұра қалып сергіту сәтін ноутбукке қарап жасады. Топқа бөлу әдісін заттарын қорапқа салып , бөлдім. Топ басшысы етіп 1-топқа Н оқушыны, 2-топқа А оқушыны сайладым.Оқушыларға топ ережесін сақтауды айттым.
Үй тапсырмасын сұрауды «Роунд-робин» әдісі бойынша өткіздік. Өткен сабақ Қ.Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, өлеңнің идеясы мен мазмұны туралы балалар бірінің айтқанын қайталамай түсініктерін айтып шықты. Балалар әдістің шартын сақтады. Е оқушы ақынның өмірі туралы дерекеті қайталаған кезде , басқа мәлімет айтуды есіне салдым. Бұл ескертуден соң оқушылар бірің-бірі мұқият тыңдады. Мәліметті дұрыс айтпаған Е оқушының ойын кім жалғастырады , деп дұрыс жауапты өзге оқушыларға айтуға мүмкіндік бердім. Г оқушыны үнемі сұрақ қойып , сабаққа қатысып отыруын қадағаладым. Бұл оқушы тек міндеттеліп тапсырған тапсымамен шектеліп, өздігінен қол көтеріп жауап беруге талпынбады. Сол себепті басқа оқушылардың айтқан деректерін Г оқушыдан сұрақты өзгертіп қойып сұрадым. Ол бір-екі ауыз сөзбен ғана жауап берді. Сұрақ: Абылай туралы қандай деректермен таныс болдың?
Топ басшысы бағалау кестесін белгілеп отырды.
Негізгі бөлім . Үйге Мұқағали Мақатаев туралы деректер жинау, оқу тапсырылған болатын.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы айтып өттім. Екі топқа ақының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарды бердім.Зымыран сұрақтарды өзім оқыдым. Бірінші топ жауап бере алмаған сұраққа , екінші топ жауап берді. Онан соң сұраақтарды екінші топқа оқыдым. Екі топтың сұрақтары қайталанған жоқ. Мұнан кейін «Болжау» әдісі өтті. Мұнда фантазия ұғымын қалай түсінесіңдер? Қиял ғажайып шығармалар туралы не білесідер? Қиял –ғажайып қандай ертегілер бар? Балалар «Ер Төстік» ертегісіндегі Ертөстіктің алты досын, «Керқұла атты Кедебай» ертегісіндегі алтын құйрықты құлыншақты мысалыға келтіріп байланыстырып түсінігін айтты.
Бірінші топтағы Л/д оқушыға өлеңді мәнерлеп оқуды және топтағы екі оқушыға өлеңді мәнерлеп оқуды тапсырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |