Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»



Дата06.11.2016
өлшемі251,49 Kb.
#1161
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбеттің өмірі және заманы, шығармалары туралы түсінік беру, «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің идеясын ашу, әдеби талдау жасау, ақын жырының көтеріліс шындығымен байланысты өзіндік ерекшеліктерін таныту;

Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп оқу дикциясын жетілдіру, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, халқымыздың біртуар азаматтарын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіре баяндау, ізденушілік, топтастыру

Көрнекілігі: Махамбеттің портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығы «Аруна» баспасы – 2005 жыл, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы «Алматы» баспасы- 1999 жыл

Қолданылған құрал-жабдықтар: экран, компьютер

Сабақтың барысы

І. І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі


  1. Зар заман өкілдері кімдер?

  2. Ш.Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы

  3. «Зар заман» өлеңінің тақырыбы мен идеясы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ

...Жасырмай ойымды айттым талай-талай

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

... Айтарын ашып айтқан абайламай,

Дариға-ай,

Махамбеттер, Абайлар – ай!



Осылайша ақиық ақын М.Мақатаев жырлаған екен. Ендеше, мына бір үзік сырды мұқият тыңдалық.

Ой шақыру

«Оның есімі – өмірдегі қасіреттің синоноимі, өнердегі қасиеттің рәмізі. Оның өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтындығы да сондықтан» (З.Қабдолов)

Осыншалық өмір мен өнер жолында қасірет пен қасиетті қатар ұштастырып, қазақтың қара сөзіне қайталанбас мұра қалдырған, өзі де, сөзі де қорғасыннан құйылғандай салмақты, заманының кесек тұлғасы кім деп ойлайсыздар?

Әрине, Махамбет Өтемісұлы. Олай болса, Махамбет есімі көз алдарыңызға қандай бейнені елестетеді? Сипаттап көрелікші.

(Слайдтан Махамбеттің портреті көрсетіледі)

Махамбетті тереңірек тануды біздер оның «Мен, мен едім, мен едім» өлеңін тыңдаудан бастасақ.

(Домбырамен өлең жырланады)

«Өтемістен туған он едік»

Махамбеттің өмірі

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмы, Жасқұс деген жерде өмірге келген. Шыққан тегі Байұлы ішіндегі Беріш руынан. Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты, беделді би болған. Махамбет Қосуан есімді екінші әйелінен туылған. Ол мұсылманша, орысша хат таныған.

«Бізге мәлім деректер»

Оқушылар, сіздер Махамбеттің есімін төменгі сыныптан бері білесіздер. Оның есімінің дебиетте қаншалықты орны болса, тарихта да соншалықты орны бар. Қане, «Бізге мәлім деректер» айдары бойынша Махамбет Өтемісұлы туралы не білеміз? Өз ойларымызды ортаға салайық.

Махамбет Өтемісұлы туралы ақпарат көздерінен тың деректер іздеп келуге тапсырма берілген болатын. Қане, кімде қандай дерек бар?

Иә, Махамбет Өтемісұлы – ХІХ ғасырдың көрнекті ақыны, әділетсіздікке, теңсіздікке қарсы шыққан шаруалар көтерілісінің ұйымдастырушысы, халқының мүддесін қорғап, елім деп еңіреген ер.

Махамбеттің отбасылық жағдайымен тереңірек таныстырып өтейін.

Құлманияз

Өтеміс Шыбынтай

Бекмағамбет

Махамбет


Ысмайыл

Досмайыл


Қожахмет

Қабыланбай

Хасен

Сүлеймен


Ибрайым

Мұса


Махамбет (1803-1846 ж.ж.)

Нұрсұлтан

Сауғабай

Мырзағали, Шәкір (Қазір ұрпақтары Башқұртстанда тұрады)

Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы екі жақты қыспаққа түсті: патша үкіметі мен жергілдікті ел билеушілерінің қысымынан халықтың наразылығы туындады. Осындай Ресей отаршылдарына қарсы «Қара қазан, сары бала қамы үшін» «Егеулі найзасын қолына алып, «Еңку, еңку жер шалып», атқа қонған ерлеріміздің бірі де, бірегейі – М.Өтемісұлы.

Әрине, Махамбеттің есімімен бірге Истатайдың да есімін атамай өту мүмкін емес. М.Өтемісұлы өз туындыларының көпшілігін жан серігі Исататйға да арнап отырған. Ол негізінен оптимист болып, халықты батылдыққа үндеп, болашақтан жақсы үмітін үздірмесе, досының қазасынан кейін «Жалғыз қалдым... Адасып қалған үйректей», немесе «Қаумалаған қасымда қарындастың кемі үшін» деп өзінің айналасындағы елдің санының хан әскерінен әлдеқайда аз екендігін айтып, мұңаяды.

Алайда, батыр батырлығын дәлелдеп, еңсесін тез тіктеп, қайғысынан айығып, «Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талайды,

Жолдастарым, мұңайма» - деп «Мұңайма» өлеңі арқылы жолдастарын қайта қайрап, күреске шақырады.

Махамбеттің жолын торуылдаған Жәңгір ханның, Орынбор генерал-губернаторының қуғыншылары ақынды сотқа беріп, түрмеге жаптырады. Мұнан да құтылып шыққан Махамбетті Жәңгір өлгеннен кейін Баймағамбет сұлтанның тапсырмасымен алыс туысы, араласып жүрген жолдасы қанішер Ықыластың қолынан қаза табады.

Ол тек ақын ғана емес, батыр, күйші де болған. Махамбеттің бүгінге дейін домбырашыларымыздың тиегінде жүрген күйлерін атап көрелікші. «Жұмыр қылыш», «Қайран, Нарын», «Өкініш», Исатайтың Ақтабаны-ай», «Шілтерлі терезе», «Қиыл асуында», «Жайық асу».

Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку, еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Арып-ашып шөл көрмей,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?
Шығарма жанрының түрі: поэзия

Өлеңнің тақырыбы: ел қамын жеген ер бейнесі

Идеясы: Қарапайым халықты әділетсіздікке қарсы күреске шақыру, табандылыққа, қажымай, торықпауға үндеу

Шумақ саны: 1

Тармақ саны: 19

Бунақ саны: 2

Буын саны: 7-9

Ұйқас түрі: шұбыртпалы ұйқас

Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу – терлігі майдай ерімей

Аллитерация - Тебінгі терге шірімей,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай

Ассонанс - Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку, еңку жер шалмай,...

Эпитет – қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза.

ІҮ. Сабақты бекіту



«Сөз сырына үңілсек»

Сөзжұмбақ «ЕРЛІК»



  1. Даланың ұзақ жолы

  2. Ұзақ жортуылға шыдамды, берік, мықты аттың атауы

  3. Құрттың езіліп, кішірейген түрі

  4. Ат пен үзеңгі аралығына байланатын киізден, былғарыдан жасалған жабынды

  5. Қозы не лақ терісінен иленіп аттың арқасына жабылатын, тері сіңетін жабдық атауы

Ү.Сабақты қорытындылау

Топтастыру


МАХАМБЕТ
ҮІ. Үйге тапсырма

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту



«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет