Сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдау ертеңді ойлау» Сабақтың мақсаты: «Мамандық»



Дата24.10.2023
өлшемі45,5 Kb.
#187813
түріСабақ
Байланысты:
11 Б Мен тандаған мамандык

Сабақтың тақырыбы:«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»
Сабақтың мақсаты:
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру. балаларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың құралдарының бар - жоғын қадағалау.
ә) Кезекші арқылы сыныпты түгендеу.
б) Топқа бөлу
1-топ. Жаралыстану.
2-топ. Ғылыми-техникалық
3-топ. Гуманитарлық
Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен таңдайтын мамандық».
Мен сендерге бүгінгі тәрбие сағатта сәттілік тілеймін.
– Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз. – деп тәрбие сағатымызды бастаймыз.
ІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:

  1. Кіріспе:

Мамандық жайлы түсінік.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Миға шабуыл. Ой қозғау. Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді.

  1. Постер қорғау? Әр топ оқушылары өз мамандықтарына байланысты постер қорғау.

  2. Білеміз бе? Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар?

  1. І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

  2. ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

  3. ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды


  1. Қонақтарға сұрақ?

  2. «Мамандықты жасыр жаттығуы».

  3. «Ең жақсы мамандық» ойыны.

  4. «Ең жақсы мамандық» ойыны. Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
    Ең ақшасы көп ……………….(банк қызметкері, экономист).
    Ең жасыл ……………………….(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
    Ең тәтті ………………………….(аспаз, кондитер).
    Ең күлкілі ………………………(клоун, карикатурашы).
    Ең жауапты ……………………(сот, бухгалтер).
    Ең салмақты …………………..(мұғалім, заңгер).
    Ең қарым-қатынасы күшті ……………(биснесмен).



ІV. Қорытынды:
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалаМамандық таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін мамандардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларыңызға шын жүректен тілектеспін!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет