«Заттар интернетінің» қолданылуы мен жұмыс істеу қағидаларын сипаттайды.
«Заттар интернетінің» болашағын талқылайды және перспективаларын ұсынады.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін
Сөйлеу қабілетінде бұзылысы бар оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларға жазбаша жауап беруге жағдай жасау.
«Заттар интернеті» ұғымын түсіндіру
«Заттар интернетінің» қолданылу салаларын және талаптарын ұғындыру.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу,түсіну,қолдану.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 7 мин
1.Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа қатысымын тексеру.
2. Оқушылардың бір-біріне деген қарым қатынасын реттеу мақсатында «Бірін бірі тексеру» әдісі арқылы үй тапсырмасына қайталау жасайды
3. Мұғалім бүгінгі оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырады
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар көрші отырған оқушымен дәптерлерін ауысып,тапсырманы тексеріп жібер ген қателер бойынша өз пікірлерін айтып,бағалайды.
Топтастыру. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.
І топ «Тұрмыстық заттар интернеті»
ІІ топ «Өнеркәсіптік заттар интернеті»
1.Тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушының ізденімпаздық қабілетін дамыту және өзін-өзі оқытуға баулу мақсатында «Қазына іздеу» әдісі арқылы жаңа тақырыпты толықтыру.(Топтар интернет көздері мен оқулық мәліметтерін қолданады)
Мұғалім толықтырады.
І топ «Заттар интернетімен» жұмыс істеуге арналған ауқымды платформаларды көрсетіңіз (Кластер жасау)
ІІ топ. Заттар интернетін қолданатын негізгі салаларды және мақсаттарын ата. (Постер жасау)
ЕББҚ оқушы тек сөйлеу қабілетінде бұзылысы болғандықтан, оқушы топпен бірлесіп тапсырманы жазбаша орындай алады.
(Жж)2- тапсырма. Оқу сауаттылыққа арналған тапсырма «Заттар интернеті» дегеніміз қазіргі қолданыстағы ғаламтор көзіне жалғанған құрылғылардың барлығын білдіреді. Бұл құрылғылар (смартфон,компьютер,тоңазытқыш,күзет камералары т.б). Интернет заттар тобына енетін құрылғылар,автоматтандырумен байланыстыруға болады. Мысалы, өзіміз күнделікті өмірде қолданып жүрген есік алдындағы орнатылған жарық көздерін айтуға болады. Егер бұл қараңғы түскенін жарық көздерінің сенсорына білінсе жарық іске қосылады.
Заттар интернеті уақытты үнемдеуге,деректерді талдауға,ресурстарды бақылауға,шұғыл әрекет жасауға мүмкіндіктер береді.
Заттар интернетінің артықшылығы мен қатар кемшілігі де жетерліктей.
Бағдарламалық құрал қауіпсіз,ондағы ақпараттардың шифрланбауы т.б.
Заттар интернетін пайдалы немесе кері мақсатта да қолдануға болады. Ғимараттарға қойылған бейнебақылау камерасының жүйесін бұзып,сол ғимараттағы болып жатқан жағдайды толықтай бақылап отыруға болады.