Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»



Дата29.09.2023
өлшемі12,99 Kb.
#183020
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ инклюзивті білім беру
fizika-10-synyp-test-sratary-14-nsa-1

Сабақтың тақырыбы:

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Сабақтың мақсаты

1.Түзете білімділігі:Балаларға мамандық туралы түсінік беру.Әртүрлі мамандықтармен таныстыру.
2.Түзете дамытушылығы:Балалардың тілдерін дамытып,ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту.
3.Түзете тәрбиелігі:Балалардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру

Әдіс-тәсілдер

Информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер

Суреттер

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау;
2.Баланың ынтасын ,іскерлігін арттыру;

Өткен сабақты пысықтау

«Құстар қалай ұшады» ойыны
Бала құстардың даусын келтіріп, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қарға ұшар қарқылдап
Торғай ұшар шырылдап
Көгершін ұшар гуілдеп
Қарлығаш шықшықтайды

ІІ Жаңа сабақ

Суреттер бойынша әңгімелесу
-Мамандықтарға дәрігер,мұғалім,жүргізуші,аспазшы жатады.
Дәрігер-адамдарды емдейді,дәрі береді.Ал мұғалім сабақ оқытады.
Тігінші көйлек тігеді.Сондықтан бізге барлық мамандық керек.
-Сенің әкең қайда істейді?
-Жүргізуші
-Суреттен жүргізушіні көрсетші.
-Ал Әйгерімнің анасы қайда істейді екен?
-Тігінші
-Тігінші не тігеді?
-Көйлек
Жұмбақ шешу:
Ішті де,тісті де емдейтін
Ақ халатты
Абзал жандар кімдер?
-Дәрігерлер
-Мынау кім?
-Дәрігер
-Дәрігерлердің киімінің түсі қандай?
-Ақ
-Дәрігерлер кімдерді емдейді?
-Адамдарды
«Менің анам-дәрігер» өлеңін жаттау
Тіс ауырса,іш ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана,барлық бала
Оны жақсы көреді

ІҮ.Сергіту сәті

Ұшқыш болып ұшайық
Тігіншіге ұқсайық
Дөңгелене би билеп,
Бишіге біз ұқсайық

Ү.Бекіту

Дидактикалық ойын: «Құралдардың иесі кім?»
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дамыту.Әртүрлі мамандық бірнеше құралдың атын және иесу кім екенін допты беру арқылы балалардан сұрау.

ҮІ. «Біз не білдік?»

Мамандықтар әртүрлі болады-дәрігер,аспазшы,сатушы.
Мамандықтың бәрі жақсы!

ҮІІ.Бағалау

Балаларды жеке-жеке мадақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет