Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл. Тілдер мерекесі Сабақтың мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі101,95 Kb.
#37065
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл. Тілдер мерекесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына еңбектенуді, мемлекеттік тілді құрметтеуге және оның мәртебесін жоғары ұстау жөнінде, әр тілдің өз ерекшелігі бар екенін түсіндіру. Өз елінің тіліне деген мақтаныш сезімін ояту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Тіл туралы айтылған ойлы сөздер арқылы оқушылардың тілдік дүниетанымдық білімдерін кеңейту. Өзінің және өзгенің тілін қастерлейтін, құрметтейтін саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, тіл туралы ойлы сөздер, «Дүниеану» оқулығы, Қазақстандағы көп ұлттылығы туралы суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері «Жақсы сөз – жарым ырыс»

Денсаулық – здоровье – health

Байлық – богатство – wealth

Достық – дружба – friendship

Бейбітшілік – мир – the world

Білім – знание - education
ІІ.Кіріспе бөлім.

а) «Әдеп басы - ................»
* Тіл деген не? (дене мүшесі, сөйлеу)

* Қай тіл туралы айтылған?

* Әркімнің өз тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
ә) Топтастыру жұмысы
қазақша арабша қырғызша




орысша өзбекше

ағылшынша французша


немісше үнді


түрік итальян украин



  • Қанша тіл болады?

  • Тіл мерекесі туралы білесіңдер ме?

  • Бұл қай тілдің мерекесі деп ойлайсыңдар?


ІІІ.Негізгі бөлім.

а)Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқып танысу 179-180 бет
Сұрақтар:

  • Мемлекеттік тіл – қай тіл?

  • Бұл туралы қайда жазылып айтылған?

  • Неліктен «қазақ тілі» мемлкеттік тіл?

  • Орыс тілі туралы не айтылған?

  • Ағылшын тілін үйрену қажет пе? Неліктен?

  • Тілді қашан және қайда үйренеміз?

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. 


ә) Әдебиет әлемінен
ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)


Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.


ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.


ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?

БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».

ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:
- Тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы.

б) Ойлы сөздер
С. Торайғыров : «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаным да - ақ берген білім»
Ахмет Байтұрсынұлы:

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсе – тіл»

Мағжан Жұмабаев:

«Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ»

Бауыржан Момышұлы:

«Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің белгісі»

Шерхан Мұртаза:

«Ана тілінсіз халық болмайды»
в) «Ойна да ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)
Ақынның тілі қылыштан ............... (өткір)

Ауызда жиек жоқ, ............ тиек жоқ. (тілде)

Әрбір халық өзінің ................ ғана бақытты. (ана тілінде)

Басқа пәле ................ (тілден)

Адамды өсіретін де, өшіретін де - ......... (тіл)

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ....................... (құрметте)

Тәрбие тілден .......................... (басталады)

Тіл ................. да өткір (қылыштан)

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз .............. сөйле. (тілімен)

Өнер алды - ............ тіл. (қызыл)



IV.Қорытынды бөлім.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:


4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті.

Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Оқушы:........................................................................... Мерзімі: .......................


Топтастыру жұмысы



Оқушы:........................................................................... Мерзімі: .......................


Топтастыру жұмысы





«Ойна да ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)
Ақынның тілі қылыштан .............................

Ауызда жиек жоқ, ...................... тиек жоқ.

Әрбір халық өзінің ............................. ғана бақытты.

Басқа пәле ...................................

Адамды өсіретін де, өшіретін де - .........................

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді .......................................

Тәрбие тілден ........................................

Тіл ................................ да өткір

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз ........................................ сөйле.

Өнер алды - ........................... тіл.



«Ойна да ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)
Ақынның тілі қылыштан .............................

Ауызда жиек жоқ, ...................... тиек жоқ.

Әрбір халық өзінің ............................. ғана бақытты.

Басқа пәле ...................................

Адамды өсіретін де, өшіретін де - .........................

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді .......................................

Тәрбие тілден ........................................

Тіл ................................ да өткір

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз ........................................ сөйле.

Өнер алды - ........................... тіл.




С. Торайғыров : «Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқаным да - ақ берген білім»
Ахмет Байтұрсынұлы:
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсе – тіл»
Мағжан Жұмабаев:




«Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ»
Бауыржан Момышұлы:
«Тіл байлығы,

тіл тазалығы –

ұлт қасиетінің белгісі»
Шерхан Мұртаза:
«Ана тілінсіз халық

болмайды»

Туған тілім - бабам тілім –

өз тілім,
Туған тілім - анам тілім –

өз тілім,
Туған тілім - далам тілім –

өз тілім,
Туған тілім - адам тілім –

өз тілім.

22 қыркүйек
Тілдер мерекесі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет