Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным. (5 сынып). Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі46,82 Kb.
#4997
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным. (5 сынып).
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың өткен сабақтарды қайталай келіп, ойларын тақырыпқа байланысты дамытуын, өз ойларын еркін жеткізуін қалыптастыру, қазақ тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру.

  2. Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Өз туған елге, жерге, өз ана тіліне деген патриоттық сезімен ояту.


Сабақтың көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер, Қазақстан картасы, сабақтың эпиграфы, кітап көрмесі, буклет
Қолданылатын әдісі: жаңа технологиялық әдіс (стратегиялық, Вен диаграммасы)
Сабақтың барысы:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ


  1. амандасу

  2. түгіндеу


ІІ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

ІІІ. САБАҚТЫҢ ЭПИГРАФЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

ОТАН ОТТАН ДА ЫСТЫҚ
«Отан», «Туған ел», «Туған өлке» - сен қандай ыстық едің. «Өз Отаным» деп еміренбейтін, «Өз жерім» деп тебіренбейтін адам бар ма, сірә, жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен, «Отаным» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың. Отанның ауасына не жетсін, шіркін! Балалар, біздің сүйікті Отанымыз қасиетті мекеніміз қай республика? (Қазақстан)


  • Қазақстан қандай мемлекет? (Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет)

  • Қазақстан Республикасын президент басқарады. 2005 жылда 4 желтоқсан айында біздің халқымыз президенті сайлады.

  • Балалар, біздің Отанымыздың президенті кім? (Н.А. Назарбаев)

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы жоғары сыныптарда да кездеседі сабағымыз үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді жоғары сыныптан келген оқушылар өткізеді.

І бөлім


1) 7 а сыныптың оқушысы Мельник А. «Қазақстан Республикасы» тақырыпқа арналған өз жазған рефератты мазмұндайды.

- Балалар, сендерге мен біздің республикамыз туралы қысқаша мәлімет бердім. Ал, енді сендер сұрақтарға жауап беріңдер (мәтін бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береді)

-Мемлекеттік рәміздері атау және олар нені білдіреді (Суретпен көрсетіп, түсіндіру. Диаграмманы пайдаланып, рәміздерге тән бейнелерді жазып, ортасына ортақ белгілерді жазу.

күн

сәулесі сары

түс көгілдір түс

тудың суреті

елтаңба сурет

2) «Отан» тақпақты жатқа айту (үй жұмысын тексеру)




  1. – Балалар, менің Отаным сөзін естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді? (әке, шеше, туыстарым, өзім)

Өз туралы, өз отбасың туралы әңгіме айтқызу.
ІІ бөлім. Жаңа тақырып
1) Жаңа сөздермен танысу (Р.Ю. Мартынова технология бойынша)
көмір – уголь

мұнай – нефть

темір – железо

мыс – медь

мақта – хлопок

мақтан етемін – горжусь

пайдалы қазбалар – полезные ископаемые
(Жоғардан төмен, төменнен жоғары оқиды: қазақша орысша кезекпен оқиды. Орыс тілінде жазылған сөздерге қарап, қазақша диктант жазады)
2) Қазақстан Республикасы мәтінмен жұмыс (62 бет)


  • оқыту (тән дыбыстарды дұрыс оқу)

  • қысқаша мазмұндау

3) 8 а сыныптың оқушылары Рощина С., Габченко Т. «Кең – байтақ Қазақстаным» мәтіннің мазмұнын айтып (карта, кластер бойынша) сұрақтарды береді.

  • Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді?

  • Қазақстан жерінде қандай пайдалы қазбалар бар?

ІІІ деңгей


1) 9 а сыныптың оқушылары Гречишникова Ю., Лизанец Ю. «Болашақтағы қала» өз жобасын қорғайды (макет, карта бойынша)



  • Балалар біз сендерге болашақтағы қала туралы айттық, ал сендер өз қала туралы не білесіңдер?

2) Оқушылар өз қала, мектеп, дос туралы әңгіме құрып, айтады

3) Эссе стратегиясы (5 жолды өлең)

Зат есім 1. Отан

Сын есім 2. Кең байтақ

Етістік 3. Қорғаймыз, гүлдендіреміз, көркейтеміз

Сөйлем 4. Кең байтақ Отанымызды қорғаймыз, көркейтеміз

Синоним: Өлке


IV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Айналайын, Ақ мекен!

Қандай адам іздеп сені тапты екен,

Туған өлке – тәтті екен ғой, тәтті екен.


  • Сонымен өзі ыстық, өзі тәтті, оның атын естіген адам еміренбей, тебіренбей тұра алмайтын Отан деген не? Кім өз пікірін айтады.

  • Отан деген – ата-бабамыздың туып-өскен қасиетті де, құрметті жері.

  • Отан деген - әрбір адамның туып-өскен жері отбасы, қаласы, мектебі, достары

(ассоциограмманы жасау)

отбасым өзім



досым мектебім



қалам

V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
«Отан» тақырыбына 5 мақал-мәтел жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет