Сабақтың тақырыбы: Менің туған өлкем



Дата26.06.2018
өлшемі66,5 Kb.
#45031
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің туған өлкем

Әзірлеген: қазақ тілі оқытушысы Аубакирова Г.С.



Мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың “Павлодар – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларының бірі” тақырыбына арналған жаңа сөздерді меңгерту. Тақырып бойынша дұрыс сұрақ қойып, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету және септік жалғаулары ережесін қайталау.

Дамытушылық мақсаты: Стратегиялар арқылы оқушылардың ауыз екі сөйлеу әрекетін дамыту. Оқушыларды жұппен жұмыс жасауға жаттықтыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, әділдікке, патриотизмге тәрбиелеу. Жұп арқылы жұмыс атқара отырып, қарым-қатынас сыйластығын арттыру

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Организационный момент.

1.Создание эмоционального настроя.



II. Мотивация учебной деятельности.

1.Раскрытие хода урока (объяснить ход урока, цели занятия).



ІІ.Үй жұмысын тексеру – тест аркылы

ІІІ.Жаңа тақырыпқа шығу – кроссворд шешу





1






















2

















3
















4













5



















6
















7






















8


















  1. Отан сүйетін азамат

  2. Өз ісінің шебері

  3. Кеңес орысша

  4. Сабынды ...

  5. Жұз сомын болганша, жұз --------- болсын

  6. Кішкентай балаларды тіл-көзден сақтайтын шаш

  7. ҚР бас қаласы

  8. Павлодар облысының өзені

ІY. СаяхатПавлодар туралы ролик

Y. Жаңа сөздер және мәтінмен жұмыс

Сөздік


Құрылған – основана

Мыңғыртып – многочисленный

қамтамасыз - обеспечивать

қоғам қайраткерлері – общественные деятели

ақын - поэт

топырағында – на земле

жазушы - писатель

ғалым – ученый

шоғырланған - собранные

Павлодар облысы

Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласы. Павлодар өлкесі еліміздің экономикасында маңызы зор аймақ. Электр жүйесі, түрлі зауттары көп шоғырланған өлке. Павлодар қаласы көпшілікке Кереку деген атпен де танымал. Бұл облыстың да табиғаты ерекше, әсіресе, « Қоңыр әулие» үнгірі, «Сандықтас», «Найзатас» сияқты жартастарымен саяхатшыларды қазақтырып келеді.

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Ол Қазақстанның сотүстік-шығысына, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Облыста 12 аудан – Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертіс, Қашыр, Лебяжье, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандары, 4 қала – Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс қалалары бар. Халқы көп ұлтты. Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының ауыр индустрия және энергетика орталықтырының бірі. Облыста алюминий, трактор, химия, мұнай, ферроқорытпа, кеме, автомобиль жөндеу зауттары, көмір разрезлері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.

Ертіс, Железинка, Ақтоғай, Қашыр, Успенка аудандары жайқалып мол егін ексе, Баянауыл, Май, Лебяжье, Шарбақты аудандары мыңғыртып мал өсіреді. Ал Ақсу, Павлодар аудандары облыс жұртшылығын көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге аянбай еңбек етеді. Павлодар облысында табиғаты әсем, ауасы, суы, батпағы шипалы Мойылды курорты, Баян таулары, Шалдай қарағайлы орманы, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері бар. Ерке Ертіс өзеніне, Маралды көліне, Баянауыл баурайына арнап Павлодарлық ақын, композиторлар өлең жазып, әндер шығарды. Павлодар облысының топырағында көптеген ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, батырлар дүниеге келді. Олар ақын, әнші, композиторлар Жаяу Мұса, Майра, Естай ақындар С,Торайғыров, С.Дөнентаев, И.Байзаков, Қ.Бехожин, М.Әлімбаев, жазушылар Д.Әбилов, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Сәтбаев ,Ә. Марғұлан бастаған көптеген ғалымдар, артистер Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев. 1918 жылдан бастап «Звезда Прииртышья», 1929 жылдан «Сарыарка самалы», «Қызыл Ту», облыстық газеттері шығып тұрады. Қазақстан көлемінде әлеуметтік, экономикалық дамуы жағынан мәдениет мен білімінің өркендеуі бойынша да, Павлодар облысының алатын орыны ерекше.



Диалог І -топ

1.Павлодар өлкесі қандай аймақ? Еліміздің экономикасында маңызы зор аймақ .

2. Өлкеде нелнр көп шоғырланған? Электр жүйесі, түрлі зауттары көп шоғырланған өлке.

3.Павлодар облысы қай жылы құрылған? Павлодар облысы 1938 жылы құрылған.



4.Облыста неше аудан бар? Облыста 12 аудан орналаскан.

ІІ –топ

  1. Павлодар облысында қандай батпағы шипалы курорты білесін? Павлодар облысында Мойылды батпағы шипалы курорты бар.

  2. Павлодар өлкесінің өзен,көлдерін ата. Павлодар өлкесінде әсем көлдер Жасыбай, Сабындыкөл, Маралды және Ертіс өзені бар.

  3. Біздің өлкенің қандай атақты адамдар білесін ? Олар ақын, әнші, ғалымдар Жая Мұса, Майра, С.Торайғыров ,К.Сәтбаев,І.Марғұлан ,кинорежисер Ш.Айманов т.б.

  4. Облыс газеттері қай жылдары шықты? 1918 жылдан бастап «Звезда Прииртышья», 1929 жылдан «Сарыарка самалы», «Қызыл Ту», облыстық газеттері шығып тұрады.

YІ. Сергіту кезеңі

Мақал-мәтелдердәң мәнін түсініп, екінші бағанадан орысша баламасын табыңдар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

  1. Отан отбасынан басталады

  2. Күш – білімде, білім – кітапта

  3. Кітапсыз үй – терезесіз бөлме

  4. Кітап – адамның досы

  5. Көп біл – аз сөйле

  6. Ел бірлігі – ел теңдігі

  7. Өлең алтын – сөз күміс

  1. Единство народа в его равенстве

  2. Много знай – меньше говори

  3. Любовь к Родине начинается с семьи

  4. Песня – золото, слово – серебро

  5. Сила в знании, а знанье в книге

  6. Книга – друг человека

  7. Дом без книги, как комната без окон


Мақал-мәтелдерді аяқтандар

  1. Бірлік болмай - ...тірлік болмайды.

  2. Ыңтымақ журген жерде, ...бірлік бар.

  3. Дауда ақыл жеңеді, жауда ...күш женеді.

  4. Отансыз адам - ...ормансыз бұлбұл.

  5. Жүз сомын болганша - ..жүз досың болсын .

  6. Шашу оңай, ...жинау киын.

  7. Алыстан арбалағанша, ...жақыннан дорбала.

  1. Тақырыпты бекіту – презентация сұрақтармен

  2. Тексеру тест

Павлодар облысы тақырыбы бойынша тест

  1. Павлодар қаласы ҚР қандай орталықтарының бірі:

  1. Экономикалық

  2. Мәдениет

  3. Өнеркәсіптік

  4. Өндірістік

  5. Рухани

  1. Павлодар қаласының ежелгі атағы:

  1. Кереку

  2. Қызылжар

  3. Ямышево

  4. Верный

  5. Ақмола

  1. Павлодар облысында қандай өнеркәсіптік орындары бар

  1. Тамақ саласы

  2. Өндірістік

  3. Текстиль

  4. Жеңіл

  5. Барлық аталғандар

  1. Павлодар облысының өзені

  1. Еділ

  2. Есіл

  3. Ертіс

  4. Іле

  5. Орал

  1. Павлодар облысында орналасқан әдемі демалыс жері

  1. Баянауыл

  2. Көкшетау

  3. Тарбагатай

  4. Алатау

  1. Павлодар облысында туған атақты кинорежиссер

  1. Ш.Айманов

  2. А.Карпыков

  3. Т.Бекмамбетов

  4. С.Торайгыров

  5. К.Сатпаев

  1. Павлодар облысының екі атақты ғалымдарын ата:

  1. Қ.Сәтбаев

  2. ӘМарғулан

  3. С.Сейфуллин

  4. Бектуров

  5. Ж.Мұса

  1. «Ақ сиса» әнінің авторы кім?

  1. Ш.Қалдаяков

  2. Н.Тілендиев

  3. Ж.Мұса

  4. Сариев

  1. Біздің қаланың мемлекеттік университеті қай ұлы ақынның атында?

  1. С.Торайгыров

  2. Қ.Сатпаев

  3. М.Мақатаев

  4. М.Магауин

  5. С.Сейфуллин

  1. Павлодар облысында неше аудан бар

  1. 10

  2. 8

  3. 11

  4. 12

Рефлексия – смайлики Сабақ ұнады ма? Әлде жоқ па ? Үй тапсырмасы а) жаңа сөздер жаттауға және шағын шығарма жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет