Музыка 2 сынып 23. 01. 2015



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі186,89 Kb.
#26497
  1   2
Музыка 2 сынып 23.01.2015
Тақырыбы: Филармония - өнер шаңырағы. күй «Балбырауым» Құрманғазы
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өнер шаңырақтары, өнер адамдары жайлы толық мағлұмат бере отырып, музыканы түсініп, тыңдай білуге, сыйластыққа үйрету.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге, рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу, мәдениеттілікке, сахна өнеріне баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, ойын, сұрақ - жауап, топпен ән айту, музыка тыңдау
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу
Көрнекіліктер: Театр, филармония, өнер адамдарының фотосуреттері, слайд
Техникалық құрал - жабдықтар: Баян аспабы, үнтаспа, музыкалық аппаратуралар

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді қалаған.
Асыл өнер жанашыры біздерміз

ІІ. Үй тапсырмасы «Өнер ордасы – театр»


1. Театр мен концерт залдарына барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек? Оның қандай ережелері бар?
2. Театрдағы ең басты адам кім?
3. Режиссер не істейді?
4. Суретшілер қандай жұмыс жасайды?
5. Сахна әртістерінің киім үлгілерін кім жасайды?
6. Көрермендер өз көңіл - күйін қалай білдіреді?
7. Адамдар театрға не үшін барады?
8. Театрдың қандай түрлері болады?
Жарайсыңдар оқушылар! Үй тапсырмасына өте жақсы жауап бердік.

Енді жаңа тақырыбымызға шығу үшін бізге мына сұрақтарға жауап беру керек керек.


1 - сұрақ: «Күйші - композиторлар»
2 - сұрақ: «Ежелгі музыкалық аспаптар»
3 - сұрақ: «Өнер ордасы – театр». Осы сұрақтарға жауап берсек қана біз бүгінгі жаңа тақырыбымызды аша аламыз.

ІІ. Жаңа сабақ: Галереяға шолу (суреттермен таныстыру)


Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ең үлкен музыкалық өнер шаңырағы. 1935 жылы құрылған. Филармония әртістері Қазақстанның көптеген қалаларында, шет елдерге барып өнерлерін көрсетеді. Бұрын тек қана Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония болатын. Ал қазір Қазақстанның барлық қалаларында филармониялар бар. Өзіміздің Атырау қаласында белгілі актер, ұстаз Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония бар. Филармония залында күнде классикалық музыка концерттері өтеді.







Каталог: uploads -> doc -> 0e99
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e99 -> 10“б” сынып Ұйымдастыру кезеңі
0e99 -> Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы
0e99 -> Сабақтың тақырыбы: Гүлдерден композиция құрастыру Сабақтын мақсаты : Білімділік
0e99 -> 6Тоқсанды қайталауға арналған тест тапсырмалары. Жаратылыстану. 5 – сынып і-тоқсан
0e99 -> «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» тренингі Мақсаты
0e99 -> Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман Ана» Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет