Сабақтың тақырыбы Мәтіндік прцессоры жайлы жалпы мағыұлмат, программа интерфейсі Құжаттарды құру және сақтау



Дата10.06.2017
өлшемі43,72 Kb.
#18576
түріСабақ
Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Оңғарова
Қысқа мерзімді жоспар


Күні:20.01.2015

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «А» «Б» «В»

Пән мұғалімі: Охапова Г

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік прцессоры жайлы жалпы мағыұлмат, программа интерфейсі Құжаттарды құру және сақтау

Сілтеме

Е.А.Вьюшкова Н.В.Параскун, Б.Қ Әбенов Информатика 6 сынып

Жалпы мақсаты

  1. Мәтіндік процессор жайлы білу

  2. Программаның интерфейсін түсіну

  3. Мәтінмен жұмыс жасауда Microsoft Word процессорын қолдану



Күтілетін нәтиже

  1. Мәтіндік процессор жайлы оқушылардың 100 пайызы білетін болады.

  2. Программаның интерфейсін оқушылардың 70 пайызы түсінеді

  3. Мәтінмен жұмыс жасауда Microsoft Word процессорын оқушылардың 60 пайызы қолдана алады




Негізгі идеялар

Microsoft Word мәтіндік процессорында жұмыс жасауға үйрену

Тапсырмалар

Ой қозғау (Сұрақ қою, қайта бағыттау)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс (Оқы, талқыла, бөліс) Постер қорғау

Тапсырмалар

Жеке жұмыс (Компьютерде практика)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)

1.1 сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (сынып оқушыларымен амандасып,

түгелдеп, көңіл-күйлерін көтеруге «Жылы жүрек» тренингі ойнату )

1.2 Топқа бөлу (сынып оқушылары ортаға келіп, барлығының қолына жүрек таратылады, қолындағы жүректі көршесіне жылы тілегін білдіре отырып сыйлайды. Қолына алған жүрекшедегі Microsoft Word және WordPad жазулары арқылы сынып екі топқа бөлінеді)



ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (7минут) үйге берілген модель тақырыбындағы сызбалары немесе мокеттері сияқты шығармашылық жұмыстары тексеріледі.

(тапсырма мұғалімнің тарапынан мадақтау арқылы бағаланады)



ІІІ Ой қозғау сұрақтары (3минут)

  1. Қолдарыңыздағы жүректен қандай жазу шықты?

  2. Осы екі топтыға ортақ сөз ол қандай сөз?

  3. Осы Word сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасын кім біледі?

  4. Қазақ тілі пәніде сөздерден не құралады?

  5. Сөйлемдерден не құралады?

  6. Демек мәтіннің түпкірі сөзде, ендеше мәтіндік процессорға тоқталатын боламыз..

(жауаптар мұғалімнің тарапынан мадақтау арқылы формативті бағаланады)

IV . Топтық жұмыс «Оқы, талқыла, бөліс» (14 минут)

2 топқа оқуға, талқылап бөлісуге уақыт белгіленеді.



1 топқа: Microsoft Word және WordPad тақырыпшаларына Венн диограммасы бойынша талдау жасайды

2 топқа: Microsoft Word терезесі. Ассацация әдісі бойынша

(Қорғаулар қарсы топтардың өзара топтық бағалауы екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағаланады)



V Сергіту сәті (3мин)

VІ Жеке жұмыс «Компьютерде практика» (13минут)

  1. Microsoft Word тересесін ашамыз.

  2. Мәтінді тер.

Бурабай

Бурабай- Көкшетау облысы аймағанда теңіз деңгейінен 320,9м жоғары биіктікте орналасқан көл. Көлдің суы мөлдір, ең терең жерінде (7м) түбі көрініп жатыр су бетінде 20 метрлік биіктікке көтерілген құз жартастары «Жұмбақтас» аралы асқақтап тұр. Таулардың, қылқанжапырақты ормандар мен көлдердің бірге, үйлесімді қатар орналасуы шатқалда ерекше климаттақ жағдай тудырады. Мұнда қымызбен емдеу курорттық кешені орналасқан. Шипалы балшықтары мен минералды су көздері бар.



  1. Мәтіндегі сөздердің санын анықта. Қайдан көруге болады?

  2. Мәтін соңына дейін 4 түрлі қанық түспен сөздерді бөліп боя.

  3. Мәтінді менің құжаттарым бумасына «Бурабай» деген атпен сақта.

  4. Орын ауыстырып көршіңіздің сақтаған жұмысын төмендегі критериге сай тексеріңіз

Бағалау дискрепторы:

1 Сақталуы:

1 «Бурабай»деген атпен сақталған- 2

2 басқаша сақталған -1

3 Мүлде сақтамаған - 0



2 Боялуы

  1. 4 түрлі қанық түске боялған -2

  2. Түстер қанық емес немесе 4-тен аз -1

  3. Түстер боялмаған 0

3 Сөз құрамы

  1. Мәтін 61 сөзден тұрады-2

  2. 30-50 сөз арасы-1

  3. 30сөзден төмен-0


Бағалауы:

6-5 бал (жасыл)

4-3 бал (сары)

3тен төмен (қызыл)
(Тапсырма қарсы жұптармен орнын ауыстырып бағдаршам арқылы формативті бағаланады)

VІІ Кері байланыс (3мин)(бүгінгі күнен әсерім, маған не қиын болды? Не ұнады? Мұғалімге сұрақ бойынша стикерге жазып қалдырады)


Үйге тапсырма

Мәтіндік прцессор терезесі







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет