Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Абай жолы»



Дата27.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170372
түріСабақ
Байланысты:
pptx1642240954
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201

Қазақ тілі мен әдебиеті, 11 сынып
8-бөлім:
“Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы. 1, 2-кітабы”
Сабақтың тақырыбы:
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.
2-кітап. Тайғақта.

ОҚУ МАҚСАТЫ:


11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу
11.3.6.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу

мәтін үзіндісі бойынша тиісті ақпаратты анықтай біледі

  • мәтін үзіндісі бойынша тиісті ақпаратты анықтай біледі
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға береді, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізеді

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

САБАҚҚА КІРІСПЕ:

Ой шақыру: сұраққа жауап беріңіз

  • Сен «Абай жолын» толық оқыдың ба?
  • Роман-эпопеяның авторы кім?
  • Роман-эпопеядағы қандай кейіпкерлер ұнады?
  • Суреттердегі классиктерді атаңыз
  •  

1-ТАПСЫРМА

Оқулықтың 60-бетіндегі 5-тапсырмада берілген мәтінді мұқият оқып, мәтіннен 5 тірек сөз / сөз тіркесін тауып жазыңыз

Дескриптор:

  • мәтінді оқиды
  • 5 тірек сөзді теріп жазады

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!

Тірек сөздер

  • Абайдың үйінде
  • Біржан
  • Өнерлі жастар
  • Сыйластық
  • Әке орнына

2-ТАПСЫРМА: Мәтінді тыңдап, мәтіндегі Біржанның қыздарды сипаттаған жерін тауып, диаграммаға түсіріңіз

Бiржан «қыздар», «қарындастар» деген сөздердi әдейi айтпады. Ол сөздердi әдепсiздеу, тұрпайылау көрдi. Және әдейi аға боп, бауыр тартып сөйледi. Осында отырған бiрнеше өнерлi, көрiктi жас әйелдерге жағалай көз тастап өттi. Аттары аталмаса да, зор құрметпен еске алғандары өзi мен Абайды, Базаралыны айнала қоршап отырған Балбала, Керiмбала, Үмiтей, Әйгерiмдер болатын.

Мағыналы сөз қатып, одан да мағыналы жүзбен Бiржан көз салғанда барлық жаңағы жас әйелдердiң шыншыл, сезгiш жүздерiне жағалай дауылдап, шапшаң толқын, жеңiл қызғылт нұр жүгiрдi. Бейне бiр таң сәскеде түңлiктi ашып жiбергенде шаңырақтан күн сәулесi түскендей. Сол кезде батсайы шымылдық, дүрия көрпе, манат мақпал тұскиiздi күн сәулесi қуанта бiр ал гүл қаққызып жағалай сәулелендiрiп, жайнатқан тәрiздi.

Жас әйелдердiң Бiржандай әз ағадан, әсем өнерпаздан естiген мақтаулары да сондай әсер еттi.

Жас әйелдердiң Бiржандай әз ағадан, әсем өнерпаздан естiген мақтаулары да сондай әсер еттi.

Үй iшiнде сыңқыл-сылтың да, мәз қошемет те қатар қаулап, әзiл мен жарастық көп естiлдi. Сыпайы сыйластық ажарлары, өнерлi жастар мәжiлiсi реңдене түскендей.

Абай мен Әйгерiмнiң бұл жолғы қонақтары, шынында, тобықты жастарының ең бiр өнерлi, нәрлiсi болатын.

Дескриптор:

  • мәтінді тыңдайды
  • мәтіндегі Біржанның қыздарды сипаттаған жерін тауып, диаграммаға түсіреді

шыншыл

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!


шыншыл
қызғылт нұрлы
шапшаң
сезгіш
ҮШІНШІ ТАПСЫРМА
61- бет, 8-тапсырма: кестені толтырыңыз
Дескриптор:
кестені толықтырады

Шығарманың атауы

Кейіпкері

Кейіпкердің қасиеттері

Кейіпкерге берілетін баға

Мақал-мәтел, даналық сөз келтіру арқылы тұжырымдау

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!


Шығарманың атауы

Кейіпкері

Кейіпкердің қасиеттері

Кейіпкерге берілетін баға

Мақал-мәтел, даналық сөз келтіру арқылы тұжырымдау

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.
2-кітап. Тайғақта.
(үзінді)

Біржан

Сыпайы сыйластық

Өнерқұмар,
әз аға,
әсем өнерпаз

«Ән де біледі, айтса- тілі орамды, шырқаса – үні балдай. Тәрбие-тәлімімен жібек талдай, отыр ғой, міне жақсы шәкірт, жақсы інілерім”, - деп Біржан Абай мен Әйгерімнің жас іні-қарындастарына өз өнерін көрсетті.

ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
  • Дескриптор:

    мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Мәтіннің негізгі ойы: Абай мен Әйгерім өнерлі жастарға қолдау жасап, оларды қазақ даласына белгілі Біржандай өнерпаздармен кездестірген. Мұндай кездесулер сыпайы сыйластық жағдайында өткізілген.

  • Мәтіннің негізгі ойы: Абай мен Әйгерім өнерлі жастарға қолдау жасап, оларды қазақ даласына белгілі Біржандай өнерпаздармен кездестірген. Мұндай кездесулер сыпайы сыйластық жағдайында өткізілген.

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!

Қорытынды


Бүгінгі сабақта:
  • үзінді бойынша тиісті ақпаратты анықтай білдіңіз
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өзіндік көзқарасыңызды жеткіздіңіз

  • Есте сақта!
    Қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын әлем жазушылары өте жоғары бағалаған. Абай балаларын оқытуды мақсат еткен. Абай өнерлі жастарды жақсы көрген. Оларды әдейі үйіне қонаққа шақырып отырған

ОҚУ ТАПСЫРМАСЫ



«Сұрақ сандық» ойынына дайындалыңыз: сабақ тақырыбы бойынша 8 сұрақ құрастырып, жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет