Сабақтың тақырыбы: Құмы да қымбат туған жер.
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
4.2.8.1 – эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.
Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.
Бағалау критерийі
Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты түсіне отырып, жоспар құруды түрлендіруді үйренетін әдістемені тәжірибеден өткізеді.
Әдеби мұра Әдеби көркем сөздер Халық ауыз әдебиеті Даналар нақылы Шешендік
Құндылықтар:
Адамгершілік, еңбекқорлық.
Алдыңғы оқу
Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады. Негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген.