Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»



Дата31.12.2019
өлшемі5,65 Mb.
#55033
түріСабақ
5- сынып

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік :М. Дулатұлы өмірі мен шығармашылығының қыр - сырын меңгеріп, бойлату. Өлеңге жан - жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу;

Дамытушылық: оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілік: электронды презентация, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.

Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын бақылау.

Үй жұмысы

Ахмет Байтұрсынұлы “Оқуға шақыру”

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


Интерактивті тақта арқылы

«Бес арысты» көрсету.(А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов)
Неліктен «Бес арыс» деп атаған? А. Байтұрсынов туралы айту (Қысқаша)
Қайда туды? Ол кім? Өлеңі қандай?
– Балалар, осы адамдардың ішінде тағы кімдер сендерге таныс? (Ш. Қ. Абайдың інісі). Жаңа тақырып.
Ал бүгін, балалар, біз осы «Бес арыстың» тағы бір өкілімен танысамыз. Ол М. Дулатов.

Мақсатымыз:
М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық таблица арқылы түсіндіру.
Оқып, есте сақтауға тырысу.
Бүгін, балалар, М. Дулатовтың

Жаңа сөздер

өлеңдер жинағы - сборник стихов

саяси айып - политическое обвинение

ауыр науқас – тяжелая болезнь

қуғында жүру - быть в изнании

білімді - образованный

мәдениетті - культурный

қамауға алу – взять по стражу

Өмірбаяны

Оян, қазақ!



«Шешенің балалардың сүюі» өлеңімен танысамыз.
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Оқып мазмұнын ашу, талдау.
1. Мәнерлеп өлеңді оқу.
2. Жаңа сөздердің астын сызу, түсіну.
3. Синонимі, антонимі бар сөздерді табу.
4. Әр шумақты оқи отырып, оқушылар аударады, талдайды.
Оқулықпен жұмыс. Сұраққа жауап беру. Нәтижесін айту. Түйін шығару.
Бұл өлеңде ана баласы жақсы болса қуанады. Жаман, жалқау болса ренжиді. Баласы үшін түнде ұйықтамайды, бірнеше рет оянады, баласы үшін мақтанады. Төбесі көкке жетеді. М. Дулатов ананың баласына деген махаббатын жыр етеді.
– Ал енді, балалар, жан Аналарымыздың осы қандай мерекесі жақындап келе жатыр? Әрине, 8 - наурыз мерекесі! Балалар сендер өз аналарың туралы не айта аласыңдар?
Электрондық презентация.
Сендердің араларыңда анасына өз өлеңін кім сыйлық ретінде дайындады?
Ал ендігі шығармашылық жұмысымыздың мақсаты аналарымызға сыйлық жасау. Бұл жұмысты біз топпен істейміз.
Ақындар тобы. Бес жол өлең. Ана, мереке, қуаныш.
Шешендер тобы. Мақал - мәтелдер айту. Мақал - мәтелдермен сөйлем құрастыру.
Жазушылар тобы. Ана туралы еркін жазу.
Нәтижесін шығару.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Бүгін сендермен кімнің шығармашылығымен таныстық?
2. Өлең қалай аталады?
3. Өлеңнің негізгі идеясы неде?
4. Өлеңде біз кімнің портретін көрдік?
5. Портрет қандай?
Келесі жұмысымыздың мақсаты өткен тақырыпты бекіту, тексеру.
Тесті шешіп, көршілеріңмен ауыстыра тексеру. Нәтиже.

Үйге тапсырма: «Шешенің балалардың сүюі» өлеңді оқу
Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет