Сыныбы: 6 сынып
Пәні: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Музыка және бейнелеу өнеріндегі өнерпаз бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейне жайлы әңгімелеу.
Сабақтың міндеті:1. Сұрақтарға жауап беру.
2. «Ағаларым». Әні Ә.Бейсеуов,өлеңі Т.Молдағалиев.
3. Бибігүл Төлегенованың шығармашылық келбеті.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
Оқулықпен жұмыс.
Өнердегі көркемдік бейне жайлы әңгімелеу.
Портрет бейнелеу өнеріндегі ең басты жанрлардың бірі болып табылады. Портрет салу өнері көне ғасырлардан бері жалғасып келеді. Ежелгі Мысырда адамның мүсіндерін жасайтын болған. Ақын,ойшыл және патшалар мен ел билеушілердің мүсіндерін ежелгі гректер мен римдіктер де жасаған екен. Ал ортағасырлық иконалардағы адам бейнелерін салу портрет жанрының дамуына негіз болады. XV-XVI ғасырларда қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи,Рафаэль,Тициан,т.б. әйгілі суретшілердің туындылары портрет жанрын аса биік деңгейге көтерген болатын. Олар тек қана белгілі адамдарды ғана емес,жай,қарапайым адамның да суретін салып,ондағы адамның жан дүниесінің сұлулығын көрсетуге тырысқан.
Музыка тыңдау.
Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гаухартас». «Гаухартас» әнін тыңдай отырып,оқушылармен ой бөлісуге болады. Не себепті «Гаухартас» әні бұлбұл дауысты әнші Бибігүл Төлегенованың музыкалық бейнесін жасаған басты әнге айналды. Бұл портрет арқылы Бибігүл Төлегенованың шығармашылық бейнесін көруге талпыныс жасап көріңіз.
Ән орындау.
«Ағаларым» әнін жалғастыру.
Әнін жазған Ә. Бейсеуов, өлеңін жазған Т.Молдағалиев.
Қорытындылау.
Терминдерге түсінік беру.
Үйге тапсырма.
Суретші Г.Ысмайылова жайлы қысқаша өмірбаяндық деректі оқып келуді тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |