|
Мектеп: №3жалпы білім беретін мектеп
|
Күні: 15.02.2021ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Құлхашов Берекет Нұрғизатұлы
|
Сынып: 5Б
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру
|
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау
|
5.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну
|
Сабақтың мақсаты:
|
Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын түсіне білу
Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамыту және қолдану
|
Негізгі мақсаттар
|
Қозғалмалы ойындарда баскетбол элементтерін жетілдіру
Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.
|
Жетістік критерийлері
|
1. Допты екі қолмен алып жүре алады.
2. Қарсыласты доппен айналып өте алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:
• Баскетбол добы
• Дриблинг
• Ойыншылар
• Көшбасшылар
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.
|
АКТ пайдалану дағдылары
|
Интербелсенді тақтада презентация көрсету
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар баскетбол ойыны туралы біледі және допты екі қолмен алып жүре алады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезендері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар:
|
Сабақтың басы
|
Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.
Жүгіру жаттығулары.
Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.
|
Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
|
Сабақтың ортасы
|
Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Ойын туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б) Ойыншылар оң қолымен допты алып жүреді. Жүргізуші де оң қолымен допты алып жүреді, ал екінші қолымен басқа ойыншыға допты тигізуі керек. Доп тиген ойыншы қолын көтеріп «Мен жүргізушімін» деп айтады да ойынды әрі қарай жалғастырады. Бағалау дескрипторлары:
• допты алып жүргенде тек оң қолымен алып жүреді.
• Жылдам әрі көп ойыншыға доп тигізеді
• Залда шебер қашады және орын ауыстырады
|