Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мұратова Кенжегүл Жалғасқызы
Сабақтың тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға автор Т. Молдағалиевтің өмірінен қысқаша мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру және мәтінді оқыту Қ. Рысқұлбеков жайлы және Қазақстан жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары жайлы жалпы түсінік қалыптастыру.
Сөздік қорын молайту, оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін, ой өрісін дамыту.
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, желтоқсан оқиғасы жайлы видео, видео слайд «Қазақстан», автор портреті.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім----------------Балалар(хормен)
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгінгі әдебиеттік оқу сабағы ерекше. Өйткені, сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- З. Шүкіров. «Ақша қар» өлеңін - жатқа айтқызу. (3-4 оқушыға айттыру).
Әңгіме жазып келу.
- Міне, балалар, осы өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- (Балалардың жауаптары ) Қыс мезгілі.
Үй тапсырмасын қорыту сурет көрсетіп сұрақтар қою.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Ақын ақша қарды неге теңейді?
- Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды.
- Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
Рәміз.
Қазақтың ханы.
Жыл басы.
Киелі сан.
Бұрынғы астана.
Ресей халқы.
Алып жануар.
Қасиетті ай.
Мұз айдыны.
Жыртқыш құс.
Қазақстан қаласы.
- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).
- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу)
- Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
- Биыл біз тәуелсіздіктің 23 жылын тойлаймыз.
- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.
- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Салақтықтан қашамыз.
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жады, тақырыпты жазу)
- Ендеше, тақтаға назар аударайық.
Т. Молдағалиев жайлы түсінік
Оқулықпен жұмыс:
- Өлеңді оқушыларға оқыту, мазмұнын ашу
- Өлеңнен не түсіндік?
- Оқулықтағы сұрақтар
1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке? (оқушылардан жауап алу).
- Міне, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныстық.
Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы. Осы тәуелсіздікті алу жолында біздің ата - бабаларымыз көптеген қиындықтарды басынан кешірді.
Видео көрсету; «Желтоқсан оқиғасы»
- Жаңа балалар біз видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.
- Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты.Олар Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова , Сәбира Мұхамаджанқызы, Қайрат Рысқұлбеков т.б көптеген жастар алаңға шықты.Олар алаңға жаман оймен барған жоқ бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін барған.Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетіліді.Соңында жаппай ұрып соғудың нәтижесінде көптеген жастар абақтыға қамалып, оларға «бұзақылар», «ұлтшылдар» деген кінә тағылды.
IV. Шығармашылық тапсырма:
Ләззат тобы- Астана Ербол тобы – Президент Сәбира тобы – Тәуелсіздік
Тақырыптарына өз ойларын жазады.
Оқушылар фостер қорғайды.
V. Сергіту сәті.
- Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.
Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамызға ерекше тоқталамыз.
Слайд: «Қайрат»
Жан сыры.
- Осы абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.
- Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен.
Сонымен танысайық.
(тақырыпты жаздыру)
Мәтінді оқу
1. Өзім оқулықтан оқып беремін.
2. 2 оқушыға оқытамын.
Мазмұнын ашу
Сұрақтарға жауап алам.
а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу)
Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.
V. Сабақты қорыту
Слайд «Қазақстан»
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау, мәтінді мазмұндау.Тәуелсіздіктің құрбандары жайлы мағлұмат жинастыру.
- Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?
VI. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға 23 жылдықтың төсбелгісін тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |