Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы:қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа. Қан. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата23.01.2022
өлшемі17,19 Kb.
#113601
түріСабақ
Байланысты:
f5e7d91b79af5e


Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы:қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа. Қан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін білімін тиянақтау. Ойлау қабілеттерімен танымдық ерекшелігін арттыру.

Тәрбиелігі: Ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру, жаман әдеттен жиренуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, биологиялық диктант, проблемалық сұрақтар т.б. жұмыс.

Жаңа сабақ

Организмнің ішкі ортасын қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа құрайды. Ішкі ортаның тұрақтылығы ( гомеостаз) ағза ұлпаларының тіршілігі, дұрыс қызмет атқаруы үшін өте маңызды. Гомеостазды жүйке және эндокриндік жүйелер реттейді. Қан -дәнекер ұлпаға жатады.

Ол адамның ішкі ағзасын толтырып тұратын үш сұйықтықтың біреуі. Қан, жасушаларға оттегін,қоректік заттар жеткізу,СО2 және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару қызметін атқарады.Сонымен қатар жылуды реттейді. 23 секундта қан денені бір рет айналып шығады. Сонымен бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/ қызметін де атқарады.

Қанның қызметі:


  • Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен өзара байланыстырады.

  • Оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.

  • Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.

  • Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.

  • Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.

  • Ағзаны зиянды микроптардан қорғайды

  • Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды.

  • Жасушаларда қышқылдың, судың денгейін реттейді.

  • Қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).

Қан плазмадан 55-60% және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан 40- 45% тұрады. Плазмада 90-92%, 7% - ақуыз, 0,8%- май, 0,2%- глюкоза, 0,9%- минералды тұздар, 0,05%- мочевина болады. Адамда 4,5 – 5л қан болады, яғни адам денесінің 7 % -ін құрайды. Плазма құрамы еш өзгермейді. Қан жасушаларына эритроцит, лейкоцит, тромбоцит жатады.

Қанның ең керемет қасиетінің бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са / кальций/ тұздарының қатысуымен жүреді. . Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі (57-сурет). Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн.

Қанның қызыл түсті болуы – эритроцитке байланысты.. Олар оттегін өкпеден жасушаларға апарады, ағзадағы СО2 сыртқа шығарады.

Лейкоциттер – қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер – қанның ұю қызметін атқарады. Қан жасушалары сүйек кемігенде, көк етте. Лимфа түйіндерінде түзіледі. Адамның 1 мм3 қанында 4–9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады

Эритроциттер – ядросы жоқ. Олардың орташа d – 7, 2 - 7, 5мкм – құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар Гемоглобин құрамында темір (гем ) және нәруыздық бөліктер (глобин ) кіреді. – қанның 1мм көлемінде 4, 5 - 5млн эритроцит бар. - олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді. Бұл эритроциттердің бетін 1, 5 есе үлкейтеді және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді. - орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн. - сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. - бауыр мен көкбауырда жойылып отырады. - қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.

Қаназдық (анемия) ауруының пайда болу себептері:

1.Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.

2.Адамнан көп қан кеткен жағдайда.

3.Интоксикацияда.

4.В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.

Жаңа сабақты бекіту:

1.Қанның негізгі қызметі қандай?

2. Қан жасушаларын ата

3.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?



4.Қан ауруын емдейтін дәрігер кім?

Үйге тапсырма: Оқулықтың соңындағы тапсырмалармен жұмыс. Организмнің ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа. Қан тақырыбын оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет