Сабақтың тақырыбы: Орыс тілі сабағында ПӘН



Дата15.09.2017
өлшемі46,74 Kb.
#32698

Сабақтың тақырыбы: Орыс тілі сабағында

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ

МЕКТЕП: «Жезкент кентінің экономикалық мектеп-лицейі» КММ

КҮНІ: 21.10 .2014ж.

Мұғалім: Ерімбетова Д.К.

СЫНЫП:4 «Б» сыныбы

Оқушы саны: 16

Келмегендер: 2

Сабақтың мақсаты:

Жаңа сөздер үйрету.Орыс тілі сабағы мен қазақ тілі сабағының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіру .

Күтілетін нәтижелер:

Жаңа сөздерді үйренеді . Орыс тілі сабағы мен қазақ тілі сабағының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсінеді .

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

«Доп лақтыру», постермен жұмыс, (СТО); шаттық шеңбері, дыбыстар арқылы топқа бөлу, презентация (АКТ);сурет жұмбақ, топтық жұмыс; формативті, суммативті, критерийлер арқылы бағалау

Сабақтың көрнекілігі:

АКТ, кеспе қағаздар, флипчарт, маркерлер, әріптер, сурет жұмбақ, күлегештер, бағдаршам, стикер, қалташалар

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл

3 мин.


Өткен тақырыппен байланыстыру. «Доп лақтыру» ойыны арқылы оқушыларға сұрақтар қою. Мыс.:



  • Қазақ тілінде неше әріп бар?

  • Неше дыбыс бар?

  • Дауысты дыбыстардың түрлерін ата

  • Пән сөзінің аудармасы

  • Жуан сөзінің аудармасы

  • А дыбысы дауысты дыбыстардың қай түріне жатады?

Сұраққа жауап береді. Басқа оқушыларға сұрақ қояды да, допты сол оқушыға лақтырады .





Топқа бөлу

2 мин.

Оқушыларды әріптер арқылы топқа бөлу. (дауыссыз, ашық, қысаң дыбыстар)

Берілген әріптер арқылы 3 топқа бөлінеді

Үй тапсырмасы

3мин.

Фонетикалық талдауды ауызша бірнеше оқушыдан сұрау.

Оқушылар үй тапсырмасын оқиды.

Сурет жұмбақ

5 мин.

Сурет жұмбақты жасырады. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Оқушылар оны шешеді.

Мағынаны ашу

5 мин.


Тапсырмалар

5мин.


Сөздікпен жұмыс

Әңгіме –рассказ

Өзінің- свой, своя, свое

Оны- его, ее

Сөздерді буындарға бөліп, қағаз қиындыларына жазу,оқушыларға сол қиындылардан сөз құрастыруды тапсыру

1)Сөйлем құрау. Әр сөйлемді әр түрлі қағаздарға жазу

* Бұл - қазақ тілі сабағы

* Бұл – орыс тілі сабағы

* Қазақ тілі сабағында қазақша сөйлейміз

* Орыс тілі сабағында орысша сөйлейміз

*Біз сабақта мәтінді оқимыз

* Сөйлемдерді орысшаға аударамыз.



Оқушылар қиындылардан сөздер құрайды, сөздікпен танысады, сөз тіркестерін құрайды.

Оқушылар сөздерден сөйлемдер құрайды, аударады.




Сергіту сәті

2-3 мин.


Видео қою. (танцевальное попурри)

Оқушылар көрген қимылдарды қайталайды

Тапсырма

5 мин


2) Сөйлемдерді толықтырып сөйле

Сөйлем берілген, сол сөйлемді толықтыратын сөздер беріледі.

І тоқсан ... басталады

... аяқталады

ІІ тоқсан .... басталады

... аяқталады

ІІІ тоқсан ... басталады

... аяқталады

ІV тоқсан ... басталады

... аяқталады

1 қыркүйек, 3 қараша, 12 қараша, 29 желтоқсан,9 қаңтар, 19 наурыз, 1 сәуір, 25 мамыр


2) Оқушылар дұрысын тауып, сөйлемдерді толықтырады.


Сабақты бекіту

10мин.


Қазақ тілі сабағында не істейміз?

Орыс тілі сабағында не істейміз?

Қазақ тілі сабағында да, орыс тілі сабағында да не істейміз?

Қазақ тілі орыс тілі


тыңдаймыз тыңдаймыз

Оқимыз оқимыз

жазамыз жазамыз

аударамыз орысша сөйлейміз

қазақша сөйл. Тапс.орынд.

Сөздікпен жұмыс жас.



Тапсырма орындаймыз

Диктант жазамыз

Оқушылар постермен жұмыс жасайды.

Кері байланыс

2 мин.


Қағаздар таратып береді.


Оқушылар сабаққа кері байланыс жасап, сабақтан кейінгі көңіл күйлерін күлегештер арқылы жеткізеді

Үйге тапсырма

2 мин.


Суретке қарап мәтін құрап келу, сөз тіркестерін немесе сөздер жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет