Негізгі бөлім
|
- Балаларға бүгінгі сабақтың ерекше екенін айтып, түсіндіру.
а) Психологиялық жаттығу.
Арайлап таң атты ,
Алтын нұрын таратты.
Менің елім оянды,
Қыран сынды қанатты.
Күннен алтын нұр туады,
Байтақ өлке құлпырады.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар, біз бүгін күздің керемет шуақты күнінде «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сабағы жайлы әңгіме қозғаймыз.
Суреттен президенттің, тудың ,Астананың, үйдің,отбасы мүшелерін көрсету арқылы не екенін, кімдер екенін сұрау.
Суреттерге қарап әңгімелеу.
Біздің президентіміздің аты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бас қаламыз Астана.Аспанда желбіреген көк туымыз бар.Біздің Отанымыз –Қазақстан.
Ата, әже, ана, әке, ұл, қыз бәрі қосылып, отбасын құрайды.Ұл мен қыз үлкен кішілігіне қара «аға, іні, әпке, қарындас, сіңілі» деп аталады. Олар барлығы бір үйде тұрып,бірге өмір сүреді. Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі.Ондағы әр адам бір – бірін сыйлайды. Бір – біріне жәрдемші, қамқоршы, көмекші.
Ал, енді балалар өз отбасымыз жайлы айтайық.
Отбасындағы ата, әже, әке, ата туралы әпке, іні, қарындас туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?
- Ал, енді балалар сендер отбасы туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?
1. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
2. Ана алдында – құрмет,
Ана алдында – қызмет.
3. Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
4. Әкеден – ақыл, анадан – мейір.
5. Қыз «қуыршақ,» - дейді,
Бала «құлыншақ,» - дейді.
- Сонымен балалар отбасы дегеніміз не?
- Неге Отан отбасынан басталады?
Балаларсендерде әрқайсың бір отбасысыңдар.
Қорта келе балаларды шаттық шеңберге шақырып, отбасыларына жақсы тілектер айтқыза отырып ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтау.
|
Суретпен жұмыс жасайды.
1- оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Біз үлкен отбасымыз. Отбасында апам, әкем, анам, бір әпкем және үш ағам бар. Мен отбасында ең кішісімін. Сондықтан да бәрі мені еркелетеді.
2 – оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Отбасында әкем, анам, бір әпкем, бір ағам және менен кіші бір сіңілім бар. Мен отбасында ортаншысы болғандықтан үлкендерге көмекші, сіңіліме қамқоршымын.
Ата
Ата – үлкен кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Апа
Мейірімді апалар,
Балалар келіп бата алар.
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
Әке
Атам айтса «ұлым» деп,
Әжем айтар «күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «інім» деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде түзде жүргенде,
Саған ұқсап бағамын.
Ақ мамам
Мамам менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
Мамам менің ақ мамам,
Балын маған сақтаған.
Әнін маған жаттаған,
Мамам менің ақ мамам.
Атама
Атыңды әр кез ардақтап,
Сабақты беске оқимын.
Ата саған арнаған,
Жырыммен кесте тоқимын.
Әкешім
Асқар таусың әкешім,
Дейсің маған көкешім.
Ата саған арнаған,
Жырыммен кесте тоқимын.
Әже
Менің әжем баланы,
Өте жақсы көреді.
Көже берсе шараны,
Шып толтырып береді.
Әпке
Таудай менің талабым,
Айна мен ақ тараған.
Алып беріп тартпадан,
Әпке көңілін табайын .
|
|
|