Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.11.2016
өлшемі71,96 Kb.
#123
түріСабақ
Серикбаева Индира Амангелдықызы

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардаң еңбектерімен оқушыларды жан – жақты таныстыра отырып, шығармаларының тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи – ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім – тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Семинар сабақ

Әдісі: сұрақ–жауап, әңгімелеу, тірек–сызбалар арқылы түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: тірек–сызбалар, оқулықпен жұмыс, бейнефильм

Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу. Сабақтың дәйек сөзі: «Білім-қараңғыда адастырмас шырақ»

Ж. Баласағұни

Операциялық-орындаушылық кезең.



  1. Мұғалім кіріспе жасау арқылы бағыт береді.

  1. Әбу Наср әл-Фараби қай жерлерде білім алған?

  1. Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?

  2. Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?

  3. «Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?

  4. Қожа ахмет Йасауидің әулиелігі неде?

  5. «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  1. Махмуд Қашғари – «Түрік тілдерінің сөздігі».

  2. Жүсіп Баласағұни – «Құт негізі - білік».

  3. Ахмет Игүнеки – «Ақиқат сыйы».

  4. Сүлеймен Бақырғани шығармалары.

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Түрлері

Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:

Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және

Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.



Ғылым үш топқа бөлінеді

Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады.

Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды

Тіл білімнің дамуы


Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз,қарлұқ,қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп

 

 

Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмуд Қашқари зерттеген


 


Махмуд Қашғари(1030-1090)
 

 


Шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашқари.Махмуд алғаш Қашқар қаласында,кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алған.

 Махмуд.Қашқари үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан 



 Атақты орыс ғалымы Кононов М.Қашқаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп,оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды
 

 

 




Жүсіп Баласағұни(1021-1075)
 


Ғұлама Шу өзені

бойындағы Баласағұн

Қаласында туған.

Толық аты Жүсіп Хас

Хажип Баласағұни


 

Ол өзінің атақты

“Құт негізі-білік” атты

еңбегімен белгілі.

Бұл еңбек алғаш

рет түрік тілінде

жазылған.



 

 Құтадғу білік”-ХІ ғ

түркі тілді халықтарының

қоғамдық ой-санасын

орын алған,терең

мазмұнды ғылыми

еңбек.

 

 


 Ж.Баласагүнидің еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады. Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседі.

 


Әдебиет

 ҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы жазба әдебиетінің жандануына әсерін тигізді.

 

 Жазаба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын

Ахмет Иүгнеки.




Сұрақтар

1. Қандай Қазақстанның ғалымдарын білесіздер?

2. Әбунасыр Әл-Фараби қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған?

3. Отырар қаласы қайда орналаскан? Оның басқа атауларын айтыңыздар.

4. Әл-Фараби қандай тілдерді білді?

5. Жүсіп Баласағұни кім? Ол қандай аяларда жұмыс істеді?

6. Жүсіптің ең әйгілі шығармасы қалай аталады? Ол не туралы?

7. Қожа Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған?

8. Оның біраз шығармаларын айтыңыздар.

9. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай калада орналасқан?

10. Ш. Уәлихановтың шын атын айтыңыздар. Ал қалай оны әжесі атады?

11. Ол қайда білім алды? Қандай тілдерін білді?

12. Оның әйгілі және зор еңбегі қандай?

13. Семенов Тян-Шанский нені зерттеді?

14. Ол қандай мекендерге саяхаттады?

15.Асфендияров Саржан қай аяларда жұмыс істеді?

16. Қаныш Сәтбаев кім? Ол нені зерттеді?

17. Мұрат Айтхожин нені ашты?

18. Оның негізгі қызметтерін айтыңыздар.

Сәйкестендіру тест жұмысы



  •  «Ғалымдар » Еңбектері

  • 1. М. Қашқари «Диуани лұғмат ат-түрік»

  • 2. Ж. Баласаұни «Құдатғу білік»

  • 3. Қ. А. Яссауи «Даналық»

  • 4. Әл-Фараби «Өлең кітабы»

  • 5. А. Иүгінеки «Ақиқат сыйы»

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

«Ерекшелігін көрсет» ойыны.

 


Р/с

Тұлғалар

Ғылымға қосқан үлесі

Ерекшелігі

1

 

2

 

 3



 

 4

 

 5



 

6

Әбу Наср әл-Фараби

(870-950)

 Әбу Райхан әл-Бирун



(973-1050)

Махмуд Қашғари

(1030-1090)

 Жүсіп Баласағұни



(1021-1075)

 Ахмет Иүгнеки

 

Қожа Ахмет Йасауи

(1103-1167)

 


 

 

 

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. 21 – параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу.

Каталог: files -> sites -> 1384418080685817 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орны, атқаратын қызметі
sites -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
sites -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
book-catalog -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет