Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады:
Суреттен өсімдіктердің бөліктерін атайды.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Тірі табиғат, өсімдіктің негізгі бөліктері, тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, жеміс.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады. Тамыр түрлері тіктамыр, шашақ тамыр, ұзын тамыр.
Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі. Сабақтың атқаратын қызметі: Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
Жапырақ - сабақ пен бұтақта орналасқан. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады.
Гүл - өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі. Гүл ашылғаннан кейін оның күлтелері түседі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады.
Тұқым - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.
Өсімдіктің негізгі бөліктерінің маңызын өз сөздерімен айтады.
|