Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңажол НЖББМ
Аты-жөні : Исмагулова Анар Елеусиновна
Санаты-І
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы- шағын мемлекет
|
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
Ж.5 Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Сюжетті сурет бойынша сұрақ қоя біледі, негізгі ақпаратты анықтай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыра алады. Негізгі ақпаратты анықтай отырып, жинақы мәтін жаза алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырып, әңгімені түрлендіріп, болжау жасай алады. Негізгі ақпаратты сақтай отырып, қосымша идея ұсынады.
|
Бағалау критерийі
|
* Әңгіме желісі бойынша суреттерді ретімен орналастырады.
|
* Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтайды.
|
* Анықталған ақпараттар негізінде өз сөзімен жинақы мәтін жазады.
|
Алдыңғы оқу:
|
Ауызекі стильдегі мәтіндердің өзіндік ерекшелігін әңгімелейді
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтың жоспарланған жаттығу кезеңдері
|
Ресурс-тар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Ширату жаттығуы "Жүректен - жүрекке". (Оқушылар шеңберге тұру арқылы бір біріне жүректен шыққан сөздерін айтады)
– Рақмет, балалар! Жарайсыңдар! Көпшілігің өз отбасыңыз туралы әңгімеледіңіз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
"Отбасы – шағын мемлекет".
Топқа бөлу: сурет қиындылары бойынша
|
Қызыл жүрек
(шаңырақ, уық, кереге)
|
Сабақтың ортасы
Дескриптор:
|
Болжау сұрақтары:
Сенің отбасыңда кімдер тұрады?
Отбасы неден басталады?
Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесің?
Сұрақтар беру арқылы оқушыларға отбасы туралы ұғым қалыптастыру.
І тапсырма: ТЖ. Суретті мұқият зерттеп, жалпы көрініс пен кейіпкерлер эмоциясына отбасы арасындағы қарым-қатынасқа баса назар аударта отырып, суреттерді ретімен орналастырып, мәтінге ат қойыңыз, отбасы туралы әңгіме құрастырыңыз.
Қ\Б. Өзара бағалауды жүзеге асыруда белгілі бір түстегі маркерлер беріп, жазылым соңында маркер түсімен бағалау.
Жасыл- өте жақсы, көк- жақсы, қызыл- қанағаттанарлық
ІІ тапсырма: ЖЖ. Оқушыларға отбасы туралы шағын мәтін беріледі. Берілген мәтіннен жекелеген оқушылар жинақы мәтін құрайды.
Мәтін
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Қ/Б «ПОПС» формуласы бойынша кері байланыс беру.
Ж.
1. «Менің ойымша...»
2. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
3. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Суреттерді ретімен орналасты-рып,тақырып-қа сай әңгіме құрастырады
|
Әңгіме желісі бойынша суреттерді ретімен орналастырады.
|
1
|
Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтайды.
|
1
|
Ауызекі стильдегі мәтіндердің өзіндік ерекшелігін әңгімелейді
|
1
|
– Суреттерді ретімен орналастырады
– Тақырыпқа сай әңгіме құрастырады
– Негізгі ақпаратты анықтайды
– Өз сөзімен жинақы мәтін жазады.
|
Интербелсенді тақтаны пайдал-ану арқылы сурет-тер көрсету.
Түсті маркерлер үлесті
ру.
Жина-қы мәтін
(Оқушылар жинақы мәтін жазған кезде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді қатаң сақтау
ға тырысады).
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
|
Ж. Оқушы құраған жинақ мәтінін "Автор орындығы" әдісі арқылы оқиды.
ҚБ Қол шапалақтау арқылы бағалау
«Білемін, Қызық, Қиын» әдісі
Оқушыларға берілген сурет қиындылары бойынша сабаққа рефлексия жасап киіз үйдің макетіне орналастырады (шаңырақ, уық, кереге).
Мен ------- білдім
Маған ------- қызық болды
Маған ------- қиын болды
|
|
Саралау – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті
балаларға қандай
тапсырмалар
бересіз?
Бұл əртүрлі оқу үшін үнемі əртүрлі жаттығу əзірлеу деген сөз емес; керісінше, саралау – оқушылардың əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру-ға бағытталған жоспарлы жаттығуларыңыз-ды реттеу жолы.
Барынша қолдау көрсету:
|
Қабілетті оқушыларға мынадай тапсырмалар түрін ұсынамын:
1. «Сканерлеу» әдісін қолданып, отбасы туралы сюжетті суретті көз алдына елестете отырып, жинақы мәтін құрастыру;
2. Отбасы туралы мақал – мәтел айту;
3. Жұптаса отырып, кос диаграмма құру.
Топтағы оқушыларға қабылдау ерекшелігіне орай мынадай саралау тапсырмалары беріледі:
- Жинақы мәтін құруда дайын жоспар үлгісін беру;
- Жекелеген оқушыларға мәтін құру үшін тірек сөздер беру;
- «ПОПС» әдісі бойынша кері байланыстың дайын нұсқасын беру.
|
Пәнаралық байланыс: бейне
леу өнері, өзін-өзі тану, құндылықтар
мен байла-ныс.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?
|
Сабақ мақсатында интербелсенді тақтадан суреттерді көрсету арқылы ой шақырып, әңгіме құрастырылды. Оған мынадай әдістерді әкелдім: «ПОПС» формуласы, «Автор орындығы» әдісі, жинақы мәтін құруда кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге жоспар құрып, жұмыстана отырып, сабақ мақсатына жетті. Оқушылар жинақы мәтін құруды үйренді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Жоспарланған саралау әдістері іске асты. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, уақыт тиімді пайдаланылды. Жоспарыма қалыптастырушы бағалаудың түрлерін енгізе отырып, бұрын өз тәжірибемде қолданбаған әдіс – тәсілдер кірістірдім.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Оқушылардың «ПОПС» әдісі бойынша өз ойларын еркін, жүйелі жеткізуі.
2. «Білемін, Қызық, Қиын» әдісі бойынша оқушылардың сабақты талдауы нәтижеге жеткізді.
2: Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. «Бес жолды өлең» әдісі бойынша отбасы туралы өлең құрастыру.
2. «5 минуттық эссе» әдісі бойынша «Менің отбасым» тақырыбында эссе беру.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Оқушыларға кейбір сабақтарда топтық жұмыстан гөрі жеке жұмыстану қажет деп есептеймін. Өйткені кей уақытта көшбасшылық қасиеті жоғары оқушылар көрініп, қабілеті төмен оқушылардың өз деңгейін көрсете алмайтынын байқадым.
|
Достарыңызбен бөлісу: |