Күні: 23 қыркүйек
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Отбасы мүшелерінің сүйікті істері
|
Сабақтың мақсаты:
|
Отбасы мүшелерінің сүйікті істері,мамандық атаулары жайында білімдерін,тақырып бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттыру, оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерінің меңгерілуінжәне білім сапасын тексеру;саналы білім алуға,өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру;
байланыстырып сөйлеу дағдыларының деңгейін бақылау,сөздік қорларының жүйелілігі мен санын,сапасын анықтау,адамгершілікке ,отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
|
Оқудың нәтижесі:
|
Тақырып бойынша коммуникативтік қабілеттерін дамытады,отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында айтады.
|
Көрнекілігі:
|
Таныстырылым,смайликтер,түрлі-түсті фломастерлер, стикерлер,оқу құралдары,тапсырмаларға қосымша материалдар.
|
Сабақтың барысы:
|
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Уақыты
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.
-Бүгін сабақта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін аптаның қай күні?
|
Сәлемдеседі.
Оқу құралдарын дайындайды.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
1 мин
|
Ынтымақтастық
атмосферасын орнату
|
Сыныптастарына жақсы тілек тілеу.
|
Әр топ басқа топқа жақсы тілек тілейді.
|
1 мин
|
Миға шабуыл.
|
Ой қозғау
Таныстырылымды көру.
Бұл кім?
Оның сүйікті ісі не?
|
Таныстырылымда көрсетілген отбасы мүшелерін,олардың сүйікті істерін атайды,сабақтың тақырыбын анықтайды
|
3мин.
|
Топтық жұмыс
«Мені суретте» әдісі бойынша
|
Әр топқа суреттер беріледі,оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрау,басқа топқа әңгімелеп беру.
1-топ:Әкемнің сүйікті ісі
2-топ:Анамның сүйікті ісі
3-топ:Әпкемнің сүйікті ісі
4-топ:Ағамның сүйікті ісі
5-топ:Інімнің сүйікті ісі
|
оқушылар берілген сурет бойынша мәтін құрайды,аударады,басқа топқа әңгімелеп береді.
|
10 мин
|
Кластер құру
«Айналмақ» әдісі бойынша
|
Топтар мәтіндерді ауыстырып,сол мәтінге кластер жасау.
|
Берілген мәтін бойынша мәтіннің мазмұнын ашатын кластер құрайды,
түсіндіреді.Кластер құрудың критериі бойынша бір-бірін бағалайды.
|
10мин
|
Сергіту сәті
|
«Қызыл өрік» әні бойынша
|
Сергіп қалады
|
1 мин.
|
Сөздік жұмысы
|
Оқушыларға қазақша,орысша жазылған мамандық атаулары таратылады.
Берілген сөздерді аудару :
Әнші врач
Сауыншы повар
Шаштараз летчик
Жүргізуші учитель
Құрылысшы рыбак
Биші инженер
|
Сөздерді аударады,тексеру парағы бойынша тексереді.
|
7 мин
|
Жазылым
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлемдер жазу.
Кім?
|
Қайда?
|
Не істейді?
|
Мұғалім
Дәрігер
Сатушы
Аспаз
Кітапханашы
Әнші
|
|
|
|
Сұрақтарға жауап бере отырып,
сөйлемдер жазады.
|
7 мин
|
Үй тапсырмасы
|
25-бет,1-т, мәтінді аударып,мазмұнын айту.
|
Күнделіктеріне тапсырманы жазады.
|
1мин.
|
Бағалау
|
Әр топтың бағалаушысының пікірін тыңдау
|
бағалаушының көмегімен әр оқушыға жиынтық баға қою..
|
2мин.
|
Рефлексия
|
Кері байланыс
|
Стикерге өзінің сүйікті ісін жазып,әр топ өз парақшаларына жапсырады.
|
2мин.
|
|
|
|
|
|