Түсінік хат
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының болмауынан, түсінбеуі салдарынан мұғалім жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Егер білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытады.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Курстың мақсаты мен міндеттері
Қызықты математика курсы пәні бастауыш сыныпта математика пәнінің органикалық бөлігі болып табылады.Мынандай мақсаттарды көздейді:
оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
шығармашылық қабілеттерін арттыру;
зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету.
Қызықты математика оқытудағы жалпы міндеттер:
оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;
оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік қасиетке, достыққа тәрбиелеу.
Берілген бағдарлама негізгі принциптерге сүйеніп жасалған: ғылымилық, жүйелілік принципі, пәнаралық байланыс . Берілген курс мақсаты мен міндеті күнделікті математика сабағына негізделеді. «Қызықты математика» курсы оқушыларға ақпараттармен сауатты байланыс жасауға негізделеді.
Оқытудың формасы мен әдіс – тәсілдері
Пәннің негізгі өткізу формасы – сабақ. Ал оқушы өзі зерттеуші, белсенді қатысушы. Сабақ аптасына бір рет өткізіледі. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минут. Әр сабақ сайын тапсырма қиындайды: көлемі көбейеді, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Оқушыға баға қойылмайды, бірақ ауызша бағаланады.
«Ми гимнастикасы» – мидың жұмыс істеу үшін көзге арналған жаттығулар.
Есте сақтау қабілеті мен зейінге арналған жаттығулар.
«Көңілді үзіліс».
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Қалыптан тыс есептер немесе қисынды ізденіс тапсырмалар
Графикалық (сызбалық) диктант.
Сабақты қорытындылау.
Бұл курс оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын, сайыс, турнир, олимпиада түрінде өткізіледі. Сабақтың басында көңілді жаттығулар өткізіп, қызықты тапсырмалар орындайды, «бой сергіту» немесе «көңілді үзіліс» ұйымдастырылады. Карточка, үлестірмелі материалмен жеке, бірге немесе топтық және ұжымдық жұмыстарды орындауға болады.
Балалардың даму деңгейін анықтауда – логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру.
Талдау және жинақтау – оқушылардың ой – өрісін дамыту, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, өз ойын дәлелдеуге үйретеді.
Салыстыру – заттардың түрлі қасиеттерін, ұқсастығы мен айырмашылығын айыра білуді үйренеді.
Жүйелеу – оқушылар жүйелілікке үйренеді, ойлау, танымдық қабілеттері артады.
Талдап қорыту,сұрыптау – ойша тұжырымдама, сұрыптай жасай білуге үйренеді.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Бұл курс балалардың жан – жақты дамуына әсер етеді:
білім алуға деген ынтасын арттырады;
тілдерін дамытады;
логикалық ойлау қабілеттерін дамытады;
өз бетінше жұмыс істеуге;
ойша тұжырымдама жасауды;
өз ойын дәлелдеуге;
бірін – бірі тыңдауды үйренеді.
Нені білуі тиіс:
Кеңістікте бағдарлай алуды;
Мөлшерлерді зерттеп, салыстыруды;
Геометриялық фигуралардың атауларын және ерекшеліктерін;
Заттарды, құбылыстарды, заңдылықтарды құру принциптері;
Талдау және жинақтау.
Нені үйренуі тиіс:
Өз бетімен жұмыс істеу;
Өз күшімен нәтижеге жету;
Логикалық пікір, ой қорыту;
Сандық ребустар мен есептеулерді шешуі;
Заттарды топтастыру, салыстыру;
Есептерді шешу;
Жұмыс кезеңін жоспарлай алу, тұжырымдау, талдау.
Пәнаралық байланыс
Кез келген сабақ пәнаралық байланыста болады. Оқушының білімін жетілдіру үшін, қызығушылығын ояту үшін математика, дүниетану, сауат ашу, бейнелеу өнері пәндермен тығыз байланыста болады. Оқушылар сабаққа белсене қатыса отырып, жаңа сабақта берілген тапсырмаларды өздігінен меңгере алады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Уақыт көлемі – 34 сағат, сабақтың жиілілігі – аптасына 1 сағат.
Қызықты математика 2 – сынып
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
Жиынтық амалдарға қатысты тапсырмалар
|
1
|
5.09
|
|
Жиынтық амалдарға қатысты тапсырмалар
|
1
|
12.09
|
|
Жиындарды біріктіру
|
1
|
19.09
|
|
Логикалық есептер
|
1
|
26.09
|
|
Геометриялық сипаттағы кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар
|
1
|
3.10
|
|
Комбинаторлық тапсырмалар
|
1
|
10.10
|
|
Көңілді жаттығулар
|
1
|
17.10
|
|
Сиқырлы шаршылар мен қызықты фигуралар
|
1
|
24.10
|
|
Логикалық есептер
|
1
|
31.10
|
|
Логикалық есептер
|
1
|
14.11
|
|
Реттеуге арналған есептер
|
1
|
21.11
|
|
Математикалық кроссворд
|
1
|
28.11
|
|
Теңдеу, теңдіктер, теңсіздіктер
|
1
|
5.12
|
|
Математикалық лабиринт
|
1
|
12.12
|
|
Математикалық крассворд
|
1
|
19.12
|
|
Сандық заңдылықтарды анықтауға арналған тапсырмалар
|
1
|
26.12
|
|
Қосу мен алудың тиімді тәсілдері
|
1
|
9.01
|
|
Қосу мен алудың тиімді тәсілдері
|
1
|
16.01
|
|
Көңілді жаттығулар
|
1
|
23.01
|
|
Теңдеу, теңдіктер, теңсіздіктер
|
1
|
30.01
|
|
Геометриялық сипаттағы кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар
|
1
|
6.02
|
|
Комбинаторлық тапсырмалар
|
1
|
13.02
|
|
Реттеуге арналған тапсырмалар
|
1
|
20.02
|
|
Симметрия осі
|
1
|
27.02
|
|
Симметрия осі
|
1
|
6.03
|
|
Логикалық қорытынды
|
1
|
13.03
|
|
Математикалық лабиринт
|
1
|
3.04
|
|
Сандық ребустар мен есептеулер
|
1
|
10.04
|
|
Сандық ребустар мен есептеулер
|
1
|
17.04
|
|
Сиқырлы шаршылар мен қызықты фигуралар
|
1
|
24.04
|
|
Бірмәнді өзара сәйкестік
|
1
|
2.05
|
|
Көңілді жаттығулар
|
1
|
8.05
|
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
16.05
|
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
23.05
|
Курсты ұйымдастыру формасы – сабақ
Курсты қорытындылаудың формасы – сынақ
Оқушы жетістігін бағалаудың жүйесі – сынақ
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
Математика. 1-4 сыныптар. Алматы «Атамұра», 1997-2004 ж/ж.
Т.Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә. Ерешева.
Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1 – 4 сыныптар. Б.М. Қосанов, Р.Қ. Өміртаева Алматы «Атамұра», 1998 ж.
Бастауыш мектеп № 12,2009 ж. №4, 2010 ж. т.б.
Оқушыларға арналған ұсынылатын әдебиеттер:
Қызықты математика «Алматы кітап» 2013 жыл
Холодова «Юным умник и умницам», Москва, «РОСТкнига»,
2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |