Сабақ жоспары
|
|
Күні: 17.11.22
|
Мұғалімнің аты-жөні: Керейбаева А.М.
|
Сынып: 11 «А»
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Сапалы, эксперименттік, мәтінді есептер; техникалық мазмұндағы есептер; аралас есептер.
|
Сабақ
мақсаттары
|
жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру
|
Жетістік критерийлері
|
өтілген тақырып бойынша өз білім деңгейлерін көрсете алады, тапқырлық таныта алады, топта белсенділіқ таныта отырып, өз бетінше жұмыс істей алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Булану, конденсация, психрометр, гигрометр, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, кризистік температура, шық нүктесі, кебу, қаныққан және қанықпаған бу, сұйықтың қайнау температурасы
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, биология, география, химия
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ақпаратты жинақтау, салыстыру, ой қорыту
|
Бастапқы білім
|
Будың қасиеттері. Қайнау. Заттың кризистік күйі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Мұғалім оқушыларға тапсырманы слайдтан көрсетеді.
1-ден 12-ге дейінгі көрсетілген сандарды таңдай отырып, сол санға сәйкес келетін сұраққа жауап береді
1 тапсырма. (әр оқушы бір сұраққа жауап береді)
1. Қаныққан және қанықпаған бу деген не? (өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу; булану конденсациядан артық болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу)
2. Ауаның ылғалдылығы деген не? (су буының атмосфераның түрлі бөліктеріндегі мөлшері)
3. Булану және конденсация дегеніміз не? (заттың сұйық күйден газ күйге өтуі және керісінше)
4. Қайнау деген қандай процесс? (сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану)
5. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар қалай аталады?
6. Кебу дегеніміз не? (сұйықтың газ түріндегі ортамен немесе вакууммен шектесіп жататын еркін (ашық) бетінен пайда болатын булану)
7. Ауаның ылғалдылығын сандық мәндермен сипаттау үшін қандай түсініктер енгізілген?
8. Сұйықтың қайнау температурасы дегеніміз не? (сұйықтың қаныққан бу қысымы оның бетіндегі сыртқы қысымға тең болған кездегі температура)
9. Заттың кризистік температурасы деген не? (сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температура)
10. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
11. Шық нүктесі деген не? (салқындау процесінде ауаның, оның өзінде бар су буымен қанығу кезіндегі температурасы)
12. Қатты→сұйық→газ→сұйық→қатты схемасы нені білдіреді?
2 тапсырма. (жұппен жұмыс)
Патша сарайының үлкен бөлмесіне бір тұтқынды әкеліп тастады. Оны жазалауға әзірленіп жатыр. Жазалау алдында бас уәзір тұтқынға былай дейді:
-Саған мынадай жұмбақ айтам, егер жұмбақ шешуін тапсаң, Алла саған өмір сыйлайды. Тұтқын қатты күрсінді. Уәзір бөлме орта-
сында шынжырға ілінген ыдысты көрсетті.
Ыдыс түбіндегі тығынды ашсаң, оның ішіндегі су ағады. Ыдыстан
ағып шыққан су ағыны жерге жақындаған сайын неліктен жіңішкереді? Сенің уақытың су ағып болғанша ғана, соңғы тамшы тамғанда шешуің жоқ болса басың да бірге жерге
түседі,- дейді. Су ағып кетті. Басалғыштар қылышын қамдап тұр. Тұтқын жанталаса жауабын айтып үлгерді.
Тұтқын қандай жауап айтты?
|
Достарыңызбен бөлісу: |