Жауап: Әрбір су бөлшектері жерге жақындаған сайын тез қозғалады (жердің тартылысы көп) және сығылады, өйткені су ағыс жылдамдығы көп кезде қысымы аз, ал сырттан қоршап тұрған ауа жылдамдығы аз, қысымы көп, сондықтан ауа суды қысады, сонда су сығылады да жіңішкереді.
3 тапсырма. Жеке жұмыс. Тест тапсырмасы (10 сұрақтан тұрады)
4-тапсырма (жұппен жұмыс) Ыстық күні егінді түнде суарған дұрыс. Неге күндіз суарған тиімсіз? (күндіз кебу шапшаң болады, сондықтан топырақ ылғалды бойына жақсы сіңіре алмайды)
Ит жүгіргенде неге тілін шығарады? (кебу үдерісі тезделеді де, ит денесі салқындайды)
Көптеген өсімдіктердің жапырақтары мен гүлдері күн ысығанда бүріседі де, кейін қайта қалпына келеді. Неге? (өсімдік жапырағы мен гүл бүршігінің бет ауданы кішірейеді де булану үдерісі баяулайды. Осыдан барып тіршілікке қажетті су мөлшері үнемделеді)
Бөлме ішіндегі ауа температурасы төмендегенде, неліктен ылғалдылық байқалады? (температура төмендегенде ауадағы су буы конденсацияланады)