Сыныбы: 10
Пәні: физика
Күні:10.12.19.
Сабақтың тақырыбы
|
§ 43. Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы
|
Оқу мақсаты
|
10.3.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
|
Жалпы мақсаты
|
Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы жайлы мағлұмат беру
Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету
|
Күтілетін нәтиже
|
Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы жайлы мағлұмат алады
Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді
|
Негізгі идеялар
|
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп ауадағы су буының қысымының сол температурада қаныққан будың қысымына тең қатынасының процентпен өрнектелген шамасын айтады.
Бу қаныққан күйге көшетін, ал салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температура шық нүктесі деп аталады.
Ауадағы су буының шық нүктесін анықтау үшін Ламбрехтің конденсациялық гигрометрін пайдаланады.
Ауа ылғалдылығының мәнін анықтау үшін психрометр қолданылады
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Булану дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Сұйықтың булану шапшаңдығы қандай себептерге байланысты?
Конденсация деген не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Бу жайында не білеміз?
Будың қандай түрлерін білеміз?
Ауа ылғалдылығы жайында не білеміз?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
Қысқаша эссе жазады .
Бу жайлы 2) ауа ылғалдылығы жайлы
Жасаған жұмыстарын , яғни барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
|
Білу
|
Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
|
|
2
|
Түсіну
|
Ауа ылғалдылығының формуласын жаз?
|
|
3
|
Қолдану
|
Күнделікті тұрмыста ауа ылғалдылығына мысал келтір?
|
|
4
|
Талдау
|
Қаныққан және қанықпаған буларды салыстыр?
|
|
5
|
Жинақтау
|
Бу түрлерінің ауа ылғалдылығына қандай байланысы бар?
|
|
6
|
Бағалау
|
Адам денсаулығына немесе жалпы ауа ылғалдылығының маңызы қаншалықты?
|
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
|
|
Кейінгі оқу
|
Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы
|
Достарыңызбен бөлісу: |