Сабақтың тақырыбы Практикалық жұмыс: сапалық және мәтінді есеп шығару



Дата25.12.2021
өлшемі27,1 Kb.
#104976
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ толқын
Қызықты физика, Анкета, Емтихан сурактары, Емтихан сурактары, отбасы құндылықтары

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Тербелістер мен толқындар

Еуразия технологиялық колледжі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Секен Г.С.

МТОРЭ, МТОРА, МВТиПО

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс: сапалық және мәтінді есеп шығару



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Толқындар тарауын жинақтау;

Теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдану;



Бағалау критерийі

1.Гармониялық тербелістердің графиктері бойынша тербеліс периоды мен амплитудасын анықтайды;

2.Маятниктердің тербеліс периодының мәнін есептейді;

3. Энергияның сақталу заңын тұжырымдайды;


Сабақ мақсаттары

Барлық білім алушылар: Толқынды сипаттайтын физикалық шамалар период, жиілік, цикілдік жиіліктердің физикалық мағынасын біледі

Білім алушылардың басым бөлігі: Есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолданады

Кейбір білім алушылар: Энергияның сақталу заңына дұрыс тұжырым жасайды

Тілдік мақсат

Білім алушылар:

  • Тербелісті қозғалыстың гармоникалық түрі деп біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер: период, жиілік, амплитуда,резонанс, толқын ұзындығы, толқын жылдамдығы

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы оқу

Электромагниттік тербелістер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 мин


Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу;

  2. Білім алушыларды түгендеу;

  3. Психологиялық ахуал орнату;

  4. Зейіндерін шоғырландыру;




Ортасы

32 мин


1. Механикалық тербелістер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

2. Еркін тербелістер дегеніміз не? Еріксіз тербелістер дегеніміз не?

3. Математикалық маятник дегеніміз не?

4. Серіппелі маятник дегеніміз не?

5. Электромагниттік тербелістер дегеніміз не?

6. Электромагниттік тербелістерді алуға болатын тізбек қалай аталады?




Анықтама кестесі

Есептер шығару

  1. Су айдынына тас тастағанда,толқындар пайда болады.Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15 секунд ішінде 6 рет жоғары көтеріліп төмен түсті. Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір бірінен 40 см қашықтықта болса,онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең?

  2.  Көл бетіндегі толқынның ұзындығы 300 м, периоды 13,5с.Оның таралу жылдамдығы қандай?

  3. Қайық таралу жылдамдығы 2,5 м/с болатын су толқынында тербеліп тұр.Екі жалдың арасы 8м болса, қайықтың тербелісі периоды қандай?

  4. Найзағай жарқылынан 6c өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340м/с болса, найзағай бақылаушының қандай қашықтықта болғаны?

  5. Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса,онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай?

  6. Балықшы қалтқы 10с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркешетерінің арақашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

  7. Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанына 10с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады.Толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігі қандай? Толқынның таралу жылдамдығын 2м/с тең деп есептеңдер.

  8. Желсіз күні қайықтан көлге ауыр якорь тасталған.Жағада тұрған адам толқын оған 50 с кейін келіп жеткенін, көршілес өркештер арасындағы қашықтық 0,5 м екенін және 5 с ішінде 20 рет келіп соққанын байқайды? Қайық жағадан қандай қашықтықта болған.

  9. Периоды 0,005с тербелістер көзі суда толқын ұзындығы 7,175м дыбыс толқынын шығарады. Судағы дыбыс жылдамдығын табыңдар?

  10. Егер толқын ұзындығы 7 м, ал тербеліс жиілігі 220 Гц болса, судың ішінде 7,7 км қашықтықта дыбыс толқыны қандай уақытта жетеді?


Тапсырма жазылған беттер



Аяқталуы

5 мин


Кері байланыс "Шамшырақ"

Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қызыл - Ұнады, пайдалы жақтары көп болды

Жасыл - Пайдалы жақтары болмаған сияқты

Сары - Мүлдем ұнамады

Бағалау
Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын жариялау

Тербелістер тарауларына қайталау




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Білім алушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Саралауды сабақтың мақсатынан бастап көрсеттім. Берілген тапсырмаларда сапалық сұрақтар, үш деңгейдегі есептер, эксперименттік тапсырмалар орындайды.


Әр тапсырмаға бағалау критерийі берілген және әр дескриптор 1 баллмен бағаланады.

Үй тапсырмасын орындауда қазақ тілі пәнімен байланыс, диктант жазу дағдысы қалыптасады.

Практикалық тапсырманы орындау- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін білім алушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттарына негізделініп құрылған сабақ мақсаттары қол жетімді болды. Білім алушылар алған теориялық білімдерін практикада қолданып, өздрінің білім сапасын бағалады. Сабақта ынтамастық атмосфера орнады, білім алушылар ширақ, сергек болды.

Саралау сабақтың мақсатын қойғаннан басталды, топқа бөлу, берілген тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай, деңгейлік тапсырмалар оқылым, жазылым, тыңдалым,айтылым дағдыларын қамтыды.



Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Практикалық тапсырма
2: Бағалау критерийін алдын ала оқушының білгені
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сыныпта білім деңгейі жоғары білім алушылар көбірек болғанда
2: Сабақ пән кабинетінде өткізілетін болса
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білім алушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақ барысында білім алушыларға топпен жұмыс істеу өте ұнайды, деңгейлік есептер шығарғанда шапшаңдық жетіспеген білім алушылардың көңіл күйлері түсіп қалды.Топтарға бөлінген кезде бір топта білімі әлсіз білім алушылар жиналып қалды, келесі сабақтарда топқа бөлуге көңіл бөлу керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет