Сабақтың тақырыбы: Психология пәнін оқып үйренудің маңызы Сабақтың мақсаты



Дата07.07.2018
өлшемі22,89 Kb.
#48253
түріСабақ
№2

Күні:

Топ: ББМ-02

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Психология пәнін оқып үйренудің маңызы

Сабақтың мақсаты:

Психология пәнін оқып үйренудің маңызы тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.



Білімділік мақсаты:

Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

Дамытушылық мақсаты:

А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

Пайдаланылған әдебиеттер: Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Жоспар:


  1. Психологияда қалыптасқан негізгі бағыттар.

  2. Ғылыми психология принциптері.

  3. Психология салалары.


Бихевиоризм – XX ғ. Американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп біледі. Бихевиоризм теориясы негізінде сыртқы орта әсерінен адам мен хайуанаттар әрекетінің, организмінің қайтаратын кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жалпы жиынтығы деген түсінік жатыр. Биохевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын қалаушы – Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, «биохевиоризм» терминін енгізген – Дж.Уотсон.

Гештальтпсихологиясы (нем. Гештальт – бейне, құрылым, біртұтас форма) – XX ғ. Бас кезінде германияда пайда болған идееалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: Н.Бертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Ливин.

Фрейдизм. Негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық сақтауларды саналы әрекетке тікелей қарсы қойумен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғатын астар санадағы психикалық күштері мен сол адамға қарсы әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалыста дамиды, қалыптасады.

Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаже негізін қалаған. Өз зерттеулерінде ол бала ақыл-есінің қалыптасып, дамуына назар аудара отырып, сол арқылы ересектердегі интелект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады. Пиаженің негізгі міндеті- адам интелектінің құрлымын зерттеу.

Гуманистік психология. Гуманистік психология зерттеу объектісі ретінде салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Гуманистік бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі – Абрахам Маслоу. Оның ойынша, адам іс-әрекетінің, мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі танытуы мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында дейді.

Детерминизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыстар өмір салты мен қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болды, тіршілік жағдайының ауысуы мен психика да өзгеріске ұшырайды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің сансыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

Даму принципі: барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді. Заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап, жойылуына орай танылады.

Педагогикалық психология-оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зеттейді.

Медециналық психология-дәрігір мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез құлқының, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді.

Инжинерлік психология- адам мен техниканың қарым-қатынастарынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді.

Балалар психологиясы-қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді.

Салыстырмалы психология- жануарлар психикасы мен ұқсастық, айырмашылықтарын қарастырады.

Әлеуметтік психология- қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен айналысады.

6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.
Практикалық тапсырмалар:

1-тапсырма.

Бихевиоризм бағытының негізін салған кім?

А. Павлов;

В. Джон Утсон;

С. Голен;

Д. Рене Декарт;

Е. Гиппократ.

2-тапсырма.

Қазақша бейне, түр, құрылым деген мағынаны білдіретін XX ғ психологияның

негізгі бағыттарының бірі:

А. Бихевиоризм;

В. Фрейдизм;

С. Супер эго;

Д. Гештальт;

Е. Эго.


3-тапсырма.

Фрейдің адам психикасының 3 компоненттерінің қайсысы тура пайда болатын компонент?

А. Супер эго;

В. Эго;


С. Ид;

Д. Ешқайсысы;

Е. Барлығы.

4-тапсырма.

А.Маслоу бойынша адамгершілік, этикалық қасиеттер негізі:

А. Оқу-тәрбиеден;

В. Қоршаған ортадан;

С. Тумадан;

Д. Қоғамдықтан;

С. Интеллекттен.

5-тапсырма. А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасын өз қажеттіліктеріңізбен сәйкестендіре түсіңіз.



6-тапсырма. Сана мен астар сананың айырмашылықтарын түсіндір.

7-тапсырма. Психологияда қалыптасқан материалистік және идеалистік ілімдерді жаттаушы екі топ құрып, пікірталас жүргізіңіз.

7.Бекіту сұрақтары.

1.XIX-XX ғ тоғысындағы психология дағдарысының себептері неде?

2.Бихевиористер бағытының мән-мағынасы қандай факторлармен байланысты болады?

3.Генетикалық психологияның кемшіліктері қандай?

4.Фрейдизм теориясы бойынша қоғам мен сана қатынасын түсіндіріңіз.

5.Гуманистік психология адам қажеттіліктерін қалай түсіндіреді?

6.Гештальт психологиясының мәні неде?

7. Қазіргі заман психологиясындағы негізгі бағыттар.

8.Даму принципінің түсінігі қандай?

9.Детерминизм психикасының дамуын, қалыптасуын қандай факторлармен байланыстырады?



8.Үй тапсырмасын беру.

Психология пәнін оқып үйренудің маңызы тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.



9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет