-Күрделі деңгейде берілген жаттығуларды орындай алады.
4-тапсырма:
Жұптық жұмыс: «Серпілген сауал» әдісімен оқушылар тыңдаған ақпаратты қалай түсінгендерін білу үшін допты бір-біріне лақтыра отырып, ауызша сұрақ есептерге жауап береді және келесі оқушыға сұрағын қояды.
Қалыптастырушы бағалау: Ауызша бағалау.
Математика-6 сынып
Т.А.Алдамұратова
Доп
Сабақтың соңы:
/5 мин/
Кері байланыс:«Қосу, Алу, Қызықты» әдісі.
Қосу
Алу
Қызықты
Үйге тапсырма: №118
Кесте
Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Басқаларына қарағанда жылдам орындайтын, тез жұмыс істейтін оқушыларға саралаудың қарқын тәсілі бойынша деңгейлік тапсырма беріледі.
Қолдау көрсету аз:
Қабілеті жоғары оқушыларды әрдайым қолдап отырамын.
Оқушының білімінің жоғары ілгерілеуіне ықпал жасайтындай жекеленген тапсырмаларды орындауға итермелейтін шығармашылық жұмыстар істеуге талпындырамын.
«Мадақтау сэндвичі» бағалау әдісін үй тапсырмасын тексеруде «жұптық
жұмыс» тапсырмасында қолданамын. Бұл әдістің ұтымды тұсы- әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай, өзінің әс-әрекетіне қарай мадақтау көрсету арқылы сабаққа деген құлшынысын арттыру.
Қалыптастырушы бағалаудың «Қол белгісі» әдісін қолданамын.
Себебі, бағалаудағы қол белгілеріне сүйеніп, жаңа сабақтың қай деңгейге жеткенін сабақтауға және тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. Оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрау.
Бағалаудың «Бағдаршам» әдісін қолданамын.
Тиімділігі-оқушылардың қолдарындағы карточка түстерін көтеруде қаншалықты түсінгендерін, не түсініксіз екендігін анықтаймын. Бұл арқылы тақырыпты әлі пысықтау қажет екенін немесе әлі де жетілдіру керектігін байқауға болады.
Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?
Дескриптор арқылы бағалау.
Тиімділігі: Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өздерінің сабақ бойында алған білімдерін пайдаланып, деңгейлеріне қарай тапсырмаларды таңдайды.
Осы тәсіл арқылы барыншақолдау көрсетуді, орташа қолдау көрсетуді және қолдау көрсетуді аз қажет ететін оқушылар сараланады.
5. «Жарайсың! Өте жақсы! Мен күткеннен де жақсы! Керегі дәл осы!» сөздері арқылы қолдау көрсетіп немесе «Тағы да ойланып көр! Сенің қолыңнан келеді!» сияқты сөз тіркестерін қолданып, ауызша бағалау жүргіземін. Бір-біріне сауал есептер қойдырту арқылы оқушылар жылдамдыққа, шапшаңдыққа, тез ойлауға дағдыланады.
Кері байланыс:«Қосу, Алу, Қызықты» әдісі бойынша сабақ барысында
оқушылардың алған білімдерін қорытындылау үшін кесте толтырту.
Тиімділігі-оқушылар өз беттерінше ой қорытады, ойларын ашық, еркін білдіре алады. Сабақ бойында алған әсерлерін, білімдерін ашық жеткізе алады. Қорытындыларына сүйене отырып, болашақта осы тақырып бойынша сабақ жоспарлауыма қандай мәселені ескеру керек екендігін назарға алынады.
АКТ-ны пайдалануда оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?