Ортасы
32 мин
|
Тұсаукесер: Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары
1 - қадам. «Білу» 5мин
Анықтаңдар:
1) Масштаб деген не?
2) Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есеге кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
3) Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсысы кіші?
а) 1:20 ә) 100:1 б)1:20000 в) 75:1
4. Масштабы: а) 1:100000 ә) 1:50000 б) 1:25000
Картада жер бетіндегі 1 км қашықтық неше см кесіндемен кескінделеді?
Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.
Мысалдар сызбада барлық өлшемдері бірдей есе кемігенде ғана дененің өзі мен оның сызбасы ұқсас болатын шартын қорытып шығарады.
Негізгі бөлім:
2 - қадам: «Түсіну». Диалогтық оқыту:
5 мин
Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.
Бос орынға қажет сөзді жаз:
1.Неліктен кішкентай бөлшектерді сызбаға үлкейтіп түсіреді?
2. Неліктен 1: 100000 масштабты картадағы 1 см кесіндіге жер бетінің 1 км - і сәйкес келеді?
3. 210 километрге тең болатын екі қаланың арақашықтығы 10 сантиметрмен берілген. Картаның масштабы қандай?
Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.
3 - қадам: «Талдау». Сыни ойлауын дамыту:
3 мин
Салыстырыңдар:
а) 1: 50 масштабы
ә) 50 : 1 масштабы
Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.
а) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен кіші
ә) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен
4 - қадам: «Жинақтау» 10 мин
Сыни ойлауын дамыту:
Оларға масштабы 1: 2 500 000 болатын Қазақстанның географиялық картасынан
1 топқа: Астана мен Орал,
2 топқа: Ақтау мен Орал,
3 топқа: Атырау мен Орал,
4 топқа:Атырау мен Ақтөбе
арасындағы арақашықтықты сызғышпен өлшей отыра, жер бетіндегі арақашықтығын табу.
Оқушылар топта картамен жұмыс жасап, толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Тақырыпқа түсіненнен кейін оқушылар тағы да өздері мысалдар келтіріп жазады. Тақтадағы мысалдарды дәптерлеріне жазып отырады.
Топтық жұмысты қорғау кезінде:
1. Масштабы берілген картадағы екі қаланың арақашықтығын өлшейді.
2. Масштаб анықтамасын пайдалынып, пропорция құрады.
2. Алынған мәліметтерді жолдастарыңның нәтижелерімен салыстырып, бақылайды, бағалайды
5 - қадам: «Қолдану» Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар
15 мин
№ 184 (А деңгейі)
Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар.
№ 190 (В деңгейі)
Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Астана қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар.
№192 (1) (С деңгейі)
Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүреді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см болса, картаның масштабын табыңдар.
Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.
№184
170 км = 170 000 м = 17 000 000 см
17 мм = 1,7 см
Картаның масштабы = =
1 : 10 000 000.
№190
х - екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы
17 мм = 1,7 см
х= 1,7 · 60 000 000 = 102 000 000 (см) = 1 020 000 м = 1020 см.
№192 (1)
1) Мотоциклші неше километр қашықтықты жүрді?
40 · 1,4 = 56 (км)
Нақты арақашықтық - 56 км = 5 600 000 см.
Картадағы арақашықтық 7 см.
Масштаб 1 : 800 000.
|
|