Сабақтың тақырыбы: Ресейдің Қазақстанда жүргізген көшіп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері Сабақтың мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі79,36 Kb.
#9869
түріСабақ
Кудайбергенов Дабылбек Ниязбекович
Ақтөбе қаласы,

8 орта мектебінің



тарих пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ресейдің Қазақстанда жүргізген көшіп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты:

-ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған Қазақстанға жаппай қоныстандырудың мақсатын көрсету, мәнін ашу. Қоныстанушылардың жағдайын, қоныстандырудың қазақ халқына тигізген зардаптарын, ұйғыр, дүнгендердің Жетісу аймағына қоныс аудару себебін түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі:

1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.

2. Кесте, сызба.

Сабақтың жоспары:

1. Көші-қон саясатының басты мақсаты.

2. Қазақ жеріне қоныстандырудың алғашқы кезеңі

3. Қоныс аударудың жаңа кезеңі

4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

5. Қоныстанушылардың кәсіптері

Сабақ басында мұғалім Ресейдің 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережесін оқушылардың есіне түсіреді. Сабақты әрі қарай жалғастырып ереже шыққаннан кейінгі Ресейдегі шаруалар толқуын, шаруалардың жаппай шет аймаққа көше бастауын, Ресей үкіметінің «Қоныстандыру басқармасын» құрып, қоныстандыруды заңдастырғанын айта отырып, оның түпкілікті мақсатын ашып көрсетеді. Төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты

I. Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.

II. Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.

III. Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.

Екінші мәселені оқушылардың өздігінен оқып-үйренуін ұйымдастыру арқылы мәтінмен жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықтағы екінші тақырыпшаны оқып шығу ұсынылады (5 мин беріледі). Екі оқушы оны өзара талқылайды (3 мин). Одан кейін оқулықты жауып қойып, төмендегі сұрақтар арқылы пысықтау жұмысы жүргізіледі. Сұрақтарды карточкаға жазып, әр партаға жеке беруге болады.

Сұрақтар:

1. Қазақ жеріне казактар мен орыс шаруаларын қоныстандыру қашан басталды?

2. Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 жылғы 20 қазандағы мәлімдемесі қандай мәселе көтерді?

3. Ресей үкіметі тағайындаған жергілікті билік басында отырған басшылардың қоныстандыруға байланысты пікірі қандай болды?

4. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ерекшелігі неде?

5. Жетісу облысында қоныстандыруға байланысты қандай «ереже» шықты, ол бойынша қоныстанушыларға қандай жеңілдіктер беріледі?

Керекті жерінде картаны пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді (5 мин). Оқушылардың сұраққа нақты, тез, тұжырымды жауап беруін қадағалап, үйрету керек.

Үшінші мәселе- «Қоныс аударудың жаңа кезеңі»

Тақырыпшаны оқып, талқылауды ұсынамыз.

Сұрақтар:

1. Қоныс аударудың жаңа кезеңі қай кезден басталды, ерекшелігі неде?

2. Қоныс аударудың қазақ халқына қандай зардабы болды? Оны немен дәлелдейсіңдер?

Мұғалім «Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы» туралы мәселені түсіндіру кезінде мына мәселеге тоқталғаны жөн: Қытай мемлекетінің қол астында болған ұйғыр халқының жағдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресі, тіпті олардың жеңіске жетуі, Ресей үкіметінің әрекеті, 1881 жылғы орыс-қытай келісімі, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы. Одан әрі қарай түсіндіру барысында сызбаны пайдалануға болады.

Оқушыларды қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайымен таныстыру.

Қоныстанушылардан құрылған болыстар


 Жаркент

 Кетпен


 Ақсу-Шарын

 Малыбай

 Қарасу


Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысының басталуы

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру. Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топпен, жеке оқушымен үлестірмелі перфокарталар пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, Activote-тест құрылғылары, интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.

Пән аралық байланыс: тарих, география, әдебиет, математика, биология

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу Оқушы білімін тексеру

Аламан бәйге:

«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?

Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды?

Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?

Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?

Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?

Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едік?



Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

Фашистік Германияның Кеңес еліне қарсы соғыс жоспары

ҰОС-ы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі

Сандар сыр шертеді.

ҰОС-ы жылдарында халқымызға рух берген ақын-жазушылар.

Тарих:

- 1930 жылдары халықаралық жағдайдың шиеленісуі ІІ дүние жүзілік соғысты жақындата түсті. Екінші дүние жүзілік соғысты бастаған Фашистік Германия болды. Германия өзін 1914-1918 жылдары аралығында 38 мемлекеттің қатысуымен болған І дүние жүзілік соғыста жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді. Сонымен қатар өздерін «таза қанды ариилердің» ұрпағымыз деп дүние жүзіне өз биліктерін жүргізуді армандады. Осы армандарын жүзеге асыруға 1933 жылы Германияда Фашистік партияның сайлауында жеңіске жеткен Адольф Гитлер қол жеткізбек болды. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан бастады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың бастамасы еді. Германия кішігірім әлсіз мемлекеттерді басып ала отырып ең соңында ірі алып мемлекет Кеңес Одағын басып алуды жоспарлады. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. КСРО туралы мәлімет беру. Картадан көрсету 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО –ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО –ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.



Фашизм- дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысқан кертартпа топ, бірлестік.

Агрессия – мемлекеттің тәуелсіздігімен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзу.

Биология:

-Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды. ( арсенал-күш-қуат, қару-жарақ қоймасы). Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 миллион көмір шығарды. Орал, Ембі мұнайлы аудандары май шығаруды 39 пайызға арттырды. Қазақстан жеріне Украина, Беларуссия, Ресей-дің 220 -зауыт, фабрикалары көшірілді. Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға шықты. Майданда атылған әрбір үшінші оқтың біреуі Қазақстанда шығарылды. Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік парызын жан қиярлықпен атқарды. Ы.Жақаев күріштен, Ш.Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Ж.Қуанышбаев төл алудан жоғары көрсеткішке жетті. 1941-1945 жылдары майданға 5829 тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік жіберілді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі туралы кинохроникаға көз жүгіртейік.



Математика:

- Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты. Ұлттар пайыз есебімен

Қазақ50%

Орыс37%


Басқа ұлт өкілдері13%

Қазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны.

Жалпы әлем бойынша - 70000000

Фашистік Германиябойынша -10000000

Кеңестер одағы бойынша -270000000

Қазақстан бойынша - 400000

Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.

КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры-11600 адам

Соның ішінде Қазақстандықтар - 497 адам

қазақтар- 97 адам

Ең жас батыр Жәнібек Елеусізов 18 жаста болды.



Әдебиет:

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.



Б.Момышұлы

Ж.Жабаевтың "Ленинградтық өрендерім" өлеңін оқу.



Сабақты бекіту.

Ойлан тап.

1.Екінші дүние жүзілік соғыс қай жылы басталды?

2. Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс жоспары қалай аталды?

3. Германияға Фашистік тәртіп орнатқан жетекші.

4. «Барбаросса» жоспары бойынша Кеңес Одағын неше уақытта басып алу жоспарланды Тапсырма: Бабалар ерлігі – ұрпаққа мұра

(Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туысың, жерлесің не көршің туралы әңгіме жаз)

Ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыз туралы еске алу

( 1 минуттық үнсіздік) слайд

Тест

1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

А) 1939 ж. В) 1941 ж. С) 1938 ж. Д) 1940

2. КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт, фабрика көшірілді?

А) 110 ; В) 250; С) 220; Д) 280.

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған тыл еңбеккерін ата.

А) Ш.Берсиев; В) Ж.Қуанышбаев; С) Р.Елеубаев; Д) Ы.Жақаев

4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан неше адам армия қатарына алынды.

А) 1 млн 200 мың; В) 1млн 300 мың; С) 2 млн 200мың; Д) 1 млн 500 мың

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында төл алудан жоғары көрсеткіш көрсеткен кім?

А) Ш.Берсиев; В) Ж. Қуанышбаев; С) Р.Елеубаев; Д) Ы.Жақаев

6. Ұлы Отан соғысының батыры, әрі жазушы кім еді?

А) Б.Бұлқышев; В) Б.Момышұлы; С) Ж.Жабаев; Д) Т.Тоқтаров.

7. Ж. Жабаевтың өлеңін ата

А) Туған жер; В) Отан үшін шайқас; С) Бауырлар; Д) Ленинградтық өренім.

8. Қанша қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды?

А) 86 ; В) 97; С) 79; Д) 102.

Қорытынды: · Үйге тапсырма беру, бағалау. · Өз ата-әжеңнен Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің жағдайы туралы сұрап, әңгіме құрастыр.


Оқушылар мәтінді, яғни «Қоныстанушылардың кәсібі» тақырыпшасын оқи отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы өткізуге болады.

Бекіту сұрақтары:

1. Ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі кәсібі қандай болған?

2. Қандай көкөністер өсірген?

3. Қоныстанушылар мен жергілікті халықтар арасында қандай қатынастар болған?



Үй тапсырмасы

1.§60 оқып, түсінгенін айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет