5.3.3.3 – робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану
Сабақтың мақсаты:
-Роботтың сызық бойымен қозғалатын жарысының талаптарын біледі.
-Түс датчик жұмыс істеу принципін түсінеді.
-Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа -құрастырады
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
«Шаттық шеңберін» құру арқылы ыстық лебіздерін білдіріп «Санамақ» әдісімен 2 топқа бірігеді.
«Пазл» әдісімен үй тапсырмасын сұрау, 2 топ сұраққа жауап беру арқылы пазлды құрастырады. Жауап бере алмаса пазл құралмай сол орында қалуы шарт
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Автоспорт спорт жарыстарының түріне жатады. Бұл жарықса жеңіл автокөліктер және жүк көліктері қатысады.
Робот алғаш пайда болған уақытынан бастап, олардың арасында түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны- сызықтық бойымен қозғалыс жарысы.
1.Мұғаліммен амандасады.
Шеңбер құрады, топқа бірігеді, пазл құрастырып, сұраққа жауап береді
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сызық бойымен қозғалатын роботты құрастырып, программа жазу үшін жарыстың талаптарын білуіміз керек.
Роботтың сызық бойымен қозғалатын жарысының талаптары:
Жарысқа қатысушы робот берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті дербес робот болуы керек.
Сызықтарды жүріп өтуге жұмсалатын уақыт 2 минуттан аспауға тиіс.
Жарыс кезінде робот алаңдағы қара сызықтың бойымен қозғала отырып, кедергілерден өту арқылы аз уақытта ең көп ұпай жинауы тиіс.
Роботқа қойылатын талаптар:
Роботтың көлемі 25 см х 25 см, салмағы 1кг –нан аспауы тиіс.
Жарыс басталғанда робот толық дербес болуы керек.
EV3 роботы қара сызықтың бойымен тұрақты қозғалуы үшін программада шексіз цикл қолданылады. Робот қара сызықтан шығып кетпеуі үшін түс датчигін орнатамыз. Жарысқа қатысатын роботты бір немесе екі түс датчигімен жабдықтауға болады.
Бір түсі датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу алгоритмі.
Роботтың алдыңғы бөлігінің дәл ортасына түс датчигі орнатылады. Түс датчигі бар робот төмендегідей қозғалыс жасайды:
Робот қозғалыс кезінде қара сызықты басқанын түс датчигі арқылы анықтап, бірінші моторымен ақ бетке бұрылады.
Робот қара сызықтан шығып кетіп, түс датчигі қара сызықты көрмей қалса, онда ол екінші моторымен қара сызыққа қайта бұрылыс жасап кіреді.Робот қара сызық бойымен иір сызық жасап қозғалады.
Көрсетілім. Осы алгоритм бойынша программа төмендегідей құрастырылады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа құрастыру.
Дескриптор:
- Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа құрастырады.
ҚБ: фигурамен
Топтық жұмыс. 2-тапсырма.
-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айта аласың?
Дескриптор:
-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың ұқсастықтарын айтады;
-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың айырмашылықтарын айтады.
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
барлығын түсіндім
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбедім, қайталап қарау қажет