Әдебиет
|
Күні:
|
Тойбаева Б.Х.
|
5- сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Мектеп
|
№24 орта мектеп
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Бегалин «Бала Шоқан»
|
Оқу мақсаты
|
Оқушылар шығармадағы негізгі ойды анықтайды; Шығарманың мазмұнын түсінеді, өмірмен байланыстырады; Кейіпкерлерді жан -жақты талдайды.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Шығарманың мазмұнын түсінеді, Шоқан туралы жан -жақты мағлұмат алады, қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Шығармадағы негізгі ойды анықтайды, кейіпкерлерге талдау жасайды.
|
|
Кейбір оқушылар:
|
|
Шығарманың мазмұнына терең үңіле отырып, кейіпкерлерге жан - жақты талдау жасайды, өмірмен байланыстырады. Шоқан Уәлиханов туралы қосымша мәлімет айтады.
|
Алдынғы оқу
|
С.Мұқанов «Лашын» шығармасы
|
Жоспар
|
Уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Дерек көздері
|
Басы
7 мин
15 мин
|
Қызығушылығын ояту.
«Алақан жылуы» тілек айту
Шоқан туралы шағын бейнебаян көрсету
-Сонымен бүгін сабақ кім туралы?
-Шоқан Уәлиханов туралы
Оқушылар алдын -ала берілген тапсырма бойынша С.Бегалин мен Ш.Уалиханов туралы мәліметтерімен бөліседі.
Мақсат қою.
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар?
- «Бала Шоқан» шығармасымен танысу, кейіпкерлерді жан жақты талдау, шығарманың идеясын анықтау.
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса кітаптарыңды ашып, «Бала Шоқан» әңгімесін «Жигсо» әдісі арқылы оқимыз.
|
Алақан жылуы
Бейнебаян
https://go.mail.ru
Оқулық
|
Ортасы
Мағынаны тану
3 мин
2 мин
5 мин
|
Оқып болған соң, топтарға тапсырмалар беріледі.
«Сөйлемді аяқта» әдісі
Мысықтың отбасы.......
Шоқанның апасы...........
Шоқанның жаңа досының аты......
Балшықтан әр түрлі ойыншықты......
Шоқан мейірімді бала,.....
Жақып Мысықты ........
Мысық Шоқанға сыйлады......
Өзара бағалау жүргізеді.
Дұрыс_-Бұрыс»_стратегиясы'>«Дұрыс -Бұрыс» стратегиясы
Бұл оқиға жайлауда болған Бұрыс
Шоқан кедей отбасынан шыққан Бұрыс
Мысық жетім бала Бұрыс
Шоқан Мысықтың мүсіндеріне қызықты Дұрыс
Шоқан өте мейірімді бала Дұрыс
Шоқанға Мысық күшіктің мүсінін сыйлады Бұрыс
Мадақтау
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Өз ойы,
Киіпкер көзқарасы
Тапсырманы топта қорғайды.
« Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
|
А4 парағы
Слайд №4
Слайд №5
А4 парағы
|
Соңы
5 мин
5 мин
3 мин
|
«Еркін микрафон»стратегиясы
1-топ С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін оқып........
Мысықтың өнері мені арманға жетеледі...
2-топ Шоқанның мейірімділігі мені ойландырды......
Мен болашақ өміріме.......
3-топ Болашақта мен Шоқан сияқты.......
Шығармада мені таңқалдырған........
4-топ Шоқан сияқты қайырымды адамдар......
«Оқиға желісі» әдісі
Кім?
Кіммен?
Қашан?
Не істеді?
Қалай істеді?
Қорытынды
Рефлексия.
«Гүл шоғы» қойылған сұрақтарға жауап беріп, гүл сабағына іледі.
1. Сізге қай тапсырманы орындаған ұнады, неліктен?
2. Бүгінгі сабақтан өзіңізге қандай ақпарат алдыңыз?
3. Алған ақпаратыңыз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
4. Сіз өз біліміңізді көрсете алдыңыз ба?
5. Сіз бүгінгі нәтижеңізге қаншалықты ризасыз?
Бағалау
Әр топ басшы алдарындағы кесте бойынша бағаларын айтады. Салыстыра отырып қорытынды баға шығару.
Үйге тапсырма: Эссе «Қайырымдылық асыл қасиет»
|
Микрафон
А4 парағы
Гүл шоғы
Бағалау парағы
Слайд
|
Қосымша ақпарат
|
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?/
|
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы құрылды. Оқушылар Шоқан бейнесі арқылы мейірімді, қайырымды болуға үйренді. Өнерді, біреудің еңбегін құрметтеуді үйренді.Сыныптағы ахуал, өзара ынтымақтастық жақсы деңгейде болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, әр тапсырманы тиянақты орындап, топта бірлесе жұмыс жасады. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Саралау барысында, оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін нақты анықтап алдым, тақырыпты барлық бала меңгерді, сабаққа қатыспай қалыс қалған оқушы болған жоқ, сабақ өте қызықты болды. Мен берілген уақыт ішінде жоспар бойынша үлгердім, барлық тапсырмалар уақтылы орындалды. Сонымен қатар әр оқушының іс – әрекетін назарда ұстау керектігін ұғындым.
Мен сабағымда «Екі жұлдыз, бір тілек», «Топты бағалау», «Өзара бағалау», «Басбармақ», мадақтау сияқты бағалау түрлерін қолдандым. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағын толтырып, өзін бағалады. Сол бағалау парағымен сәйкестендіре отырып, мен қорытынды бағаны қойдым.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2. Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Сабақ барысында мен сынып оқушыларына сабақтың қызығушылығын ояту кезеңі тиімді болғанда сабақтың барысы мақсатты түрде алдыға жылжитынын түсіндім. Сонымен қатар, жекелеген оқушыларға, әсіресе белсенділігі төмен оқушыларды сабаққа қамти отырып, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін ояту, тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай түрлендіріп беру келесі сабағымның сапасын арттырары сөзсіз.
|