Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы (Үй құстары)



Дата13.08.2017
өлшемі180,18 Kb.
#23537
түріСабақ
Пән: биология

Күні:21.04.2016 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы (Үй құстары)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құстапрдың көптүрлілігі туралы білім дағдысын қалыптастырып, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау, танымдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Білімділік: құс шаруашылығы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: оқулықпен дербес жұмыс істеу, қорытынды жасау білуге үйрету. Құстарды қорғау, қолға үйрету жайлы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Өз бойын таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс- тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын элементтері.

Көрнекілік:құстардың суреттері,интерактивті тақта, постермен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын жаңа сабаққа бейімдеу.

Топқа бөлу:
Құстың сурет қиындысымен оқушыларды топқа бөлу.

Психологиялық ахуал:
Оқушылар орындарында отырып стикке тілек- лебіздерін жазып, оқып береді.

І. Үй тапсырмасын сұрау:
Жоспар:


Білімділер тобы:
1.Қазақстанның Қызыл кітабының шығу тарихы- жобаны қорғау

Алғырлар тобы:
1.Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар – жобаны қорғау

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтаға назар аударамыз. (Үй құстарының дауысы шығады. Оқушылар қандай құс екенін тауып алады.)

ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылардың алдына мәтін беру.

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп атайды.Қолға үйретілген асыранды құстардың арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10 нан астам түрі белгілі. Үй құстарының ең алғаш қолға үйретілгені –асыранды қаз. Асыранды қаз негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз орта есеппен 30-50жұмыртқа береді. Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні-үй тауығы. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі –банкив тауығы. Үй хайуанаттарының жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым ұғымы қолданылады.Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары: Леггор, минореа, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, воронеж осындай қолтұқымдар жатады. Мұндай тауықтардың қолтұқымдары жылына 220-250 кейде одан да көп жұмыртқа береді.


Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары: виандот, род айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі- жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотпмия аймағында және Қытайда қолға үйретілген.Оның еті сіңімді, нәруызы мол.

Білімділер тобы:

1.Алғаш қай құс, қашан қолға үйретілді?

2.Үй тауығының жабайы тегі қай құс және қай жерлерде таралған?

3.Бройлер деген ұғым нені білдіреді?

4.Әсемдік үшін өсірілетін үй құстарын атаңдар?

5.Леггорн, орыстың ақ тауығы қай бағытта өсіріледі?



Алғырлар тобы:

1.Қолтұқым ұғымына анықтама беріңдер?

2.Етті бағытта өсірілетін тауықтың қолтұқымдарын атаңдар?

3.Асыранды қаздың жабайы тегі қай құстар болған?

4.Асыранды үйректер қашан және қай жерлерде алғаш қолға үйретілген?

5.Африкалық түйеқұс Қазақстанның қай жерлерінде өсірілуде?

ІІІ.Постермен жұмыс. (Бұнда оқушылар экранда көрсетілген жұмбақтың шешімін табады, сол құстың суретін салады және осы құс туралы шағын әңгіме құрастырады.)

Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты.Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір “құс” қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы “құсқа” тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын тұрің жоқ екен.Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”.Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” – деп шақыратын болыпты.Ал Күн батып,Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.Бұл қандай құс?






IV.Жұмбақтар шешу. Бұл кезеңде оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Сол жұмбақтардың шешімін тауып, үш тілде айту керек.

Жата қалса орнына


Ақ доп тастап кетеді (тауық, курица, hen

Ерте тұрады


Жар шақырады (Әтеш,петух, соск)

Кеудесі қайқаңдап


Жүреді байпаңдап (қаз,гусь, qoose)

Ботаға ұқсас саны бар


Шөл даланың құмайы
Шәлкем мінез жануар
Ашу қысқан ұдайы (түйеқұс, страус)

Екі аяғы да жоқ


Белінде таяғыда жоқ (жұмыртқа, яйцо, egg)

Суға түссе балықтай


Жүзе берер жалықпай (үйрек, утка,duck)

Басында айдары, иекте сақалы бар


Үстінде күжірейген тоны бар (күрке тауық,индюк, turkey)

Ақ сарайын талқандап,


Шықты біреу талтаңдап (Балапан, -цыпленок-chicken)

V.Үй құстарының пайдасы. Оқушылар үй құстарының пайдасын кластер арқылы түсіндіру.

Тауық -еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі.Саңғырыңы тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Үйрек-жұмыртқа, таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.

Түйеқұс- көне мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған.

Күрктауық –оның еті дәмді және жұмсақ. Мамық пен қауырсын береді.

Қаз- Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265 – 350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.



VI.« Қазақстан » атты сөзжұмбақ шешу






















Қ




























А































З






















А































Қ




























С











































Т






















А































Н

1.Үй құстарының ең алғаш қолға үйретілгені?(қаз)
2.Пәктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептелетін құс?
3.  Басы мойны және кеудесі алтынсары құйрығын ұзын қара-жасыл құйрық үсті қауырсындары жапқан. (қораз)
4. Наурызым қорығында
 және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген құс? (бірқазан)
5Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі?.
(қоқиқаз)
6. Теңіз деңгейінен 2000 — 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейтін құс? (сақалтай)
7.Халқымыз жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құс? (бүркіт)

8. Денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген құс?(тауық)
9.
 Бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкеледі деп саналатын құс? (көгершін)

Бекіту үшін – оқушылар 5 сұрақтан тұратын тест беріледі.

VII.Бағалау парағы

Білемін Білгім келеді



Оқушылар өздерін бағалайды.

VIII.Үйге тапсырма.

VIIII. Қорытынды




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет