Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
Дата 01.04.2017 өлшемі 13,61 Kb. #13290 түрі Сабақ
“Жемістер” Өсімдіктер жайындағы білімін кеңейту , Табиғаттағы өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасын, олардың дәнді, майлы, бақша, жеміс-жидектерден тұратынын, Табиғат Ана біздің асыраушымыз екенін, Жер ғаламшарындағы өсімдіктердің көп түрлілігін білдіру Сабақтың жоспары: І бөлім Әр топ өздерін таныстырады ІІ бөлім Рөлдік-ойын (үй тапсырмасы) ІІІ бөлім “Ойын-жұмбақ. Жеміс теру” ІV бөлім “Жаңылтпаштар сайысы” V бөлім “Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары” VІ бөлім “Қызықты деректер” Жемістер бар шырынымен қымбатты Жемістің де түрлері бар тым қатты, Жеміс жесең бойға қуат таралып, Өсесің сен азамат боп сымбатты. Тіл үйірер жемістердің шырыны, Кішісі бар, кейбіреуі тым ірі , Құрғақ жеміс, енді бірі шырынды, Хош иісі жарып тұрар мұрынды Өсімдіктер – адам үшін азықтың қайнар көзі,байлығы,тірі табиғаттың бөлігі, қазынасы. Себебі адамдар мен жануарлар тыныс алу үшін оттегі қажет, ал өсімдіктер қоректенгенде ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығарады. Өсімдіктер өніп өсу үшін су, жарық, жылу, ауа болу керек. Өсімдіктер гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап, түсіп қалады. Жеміс – көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол бір ғана гүлден дамиды. Жеміс - ішінде тұқымы бар , гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі. Бек тұрған, Белін буып, Тек тұрған Пішіні бар домалақ, Көміп қойдым сығалап, Жақсы болса тұрмысы, Шығады екен қоғалап. Бес ай уақыт өткенде, Қаптап алдым құмалақ. Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала , Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. Қойыпты ортасына қазық қағып, Сүйкімді көреді екен бала-шаға. Арбиған әкесі бар, Тарбиған шешесі бар. "Ойын жұмбақ. Жеміс теру" Ұзынынан созылып жатыр көп сабақ, Сол сабақта байлаулы тұр дәу табақ. Жемісін оның кейде жейміз қайнатып, Оны қоссаң дәмді болар бар тамақ Аршабек арша деп шыршаны , Шыршабек шырша деп аршаны, Шатасты күлдіріп баршаны, Шырша деп, арша деп шаршады. Түйреуішке түйреген түйреуішті, Күлдіреуішке тіреген тіреуішті. Күлдіреуішке тірегім тірелмепті, Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті. Былдыр былдыр білдір, бүлдіршін Бұл бір білгір бүлдіршін. Білгір бұл бір бүлдіршін, Білгірлігін білдірсін. Шөжем деп шешесі бәйек, Шешем деп шөжесі бәйек. Шешесі шөжем жесін дейді, Шөжесі шешем жесін дейді. Әсем билеймін деп әлек , Қасен шешен сөйлеймін деп әлек. Қашан Қасен шешен сөйлеп еді, Қашан Әсем әсем билеп еді. Қабат-қабат үй салдық, Үйлер толы күйсандық. Күйсандықтан үй салдық, Күйсандыққа үй салдық. "Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары" (жемістер мен тұқымдардың таралу жолдарын ажыратып, рет санын кестенің ішіне жазу керек) Желмен: 1.Үйеңкі, 4.Бақ-бақ, 8.Қайың. Өздігінен: 2.Қарағай, 9.Жауқазын. Құстармен: 3.Таңқурай, 7.Шие, 10.Жүзім. 5.Итмұрын Аңдармен:, 6.Иттікен. Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді. Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады. Егер кісі түсінде бидай көрсе , онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады. Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадман ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек. Өсімдіктер дүниесі бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,өніп-өсер мекені. Әрбір адам ойлап бассын қадамын, Шалдықтырма зардабына заманның. Ынтымағы, тұтастығы бұзылмай, Жолы болсын табиғат пен адамның. Жүрекпен аялайық Жер-Ананы, Байқаймысың, жаны оның жаралы. Табиғатқа азаматтық танытар , Санын көбейт адамдардың саналы. (Р.Сәтімбеков) Достарыңызбен бөлісу: