Сабақтың тақырыбы Сағ саны Әдебиет теориясы Сабақтың мазмұны



Дата01.06.2017
өлшемі300,83 Kb.
#17317
түріСабақ
Қазақ әдебиеті пәнінен 7-сыныпқа тақырыптық-күнтізбелік жоспар




Сабақтың тақырыбы

Сағ

саны

Әдебиет теориясы

Сабақтың мазмұны

Қосымша оқуға берілген шығарма аты

Мерзімі

1

Кіріспе

1

Әдебиет пәні туралы

Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні, эстетикалық, тәрбиелік мәні







2

Лиро-эпостық жырлар

1




Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы, өзіндік ерекшеліктері және батырлар жырынан айырмашылғы т.б.







3

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

3

Лиро-эпостық жыр. Типтік образ.

Жырдың тақырыбы, мазмұны мен идеясы, көркемдік ерекшелігі. Қозы мен Баянның адал махаббаты. Қарабайлар мен Қодар әлемі. Жырдағы ауыз әдебиет үлгілері, жер, су аттары т.б.

«Айман -- Шолпан»




4

Билер сөзі – ақылдың көзі.

2

Шешендік сөздер

Шешендік сөздердің мағынасы, тәрбиелік мәні.








5

Шығарма

«Шешеннің сөзі ортақ»

1




Оқушылардың ой-өрісін дамыту







6

ХІХ ғасыр әдебиті.

Дулат Бабатайұлы.

«Аягөз қайда барасың?»



1

Өлең туралы

Туған жер, ата қонысынан айырылған халықтың қарсылығын танытқан ақынның жүрек айқайы.

«Өсиет»,

«Ата қоныс Арқадан»






7

Махамбет Өтемісұлы

«Тарланым»



1

Теңеу

Ақын жырындағы Исатай бейнесі.

«Ұлы арман»




8

Абай Құнанбаев.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»


«Қараңғы түнде тау қалғып»

Жиырма тоғызыншы сөз

4

Портреттік суреттеу, антитеза

Абай өмірі мен шығармашылығы.

Құс салып, түлкі аулау кәсібінің қыр-сыры туралы. Өлеңдегі психологизм, ақынның психологикалық суреттеу шеберлігі. Өлеңдегі бейнелеу сөздер т.б.

Өлеңнен көрінетін ақынның көңіл-күйінің көріністері. Абайдың аудармашылық шеберлігі.

Абайдың қара сөздерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы. Бұл сөздің нақыл тұрғысынан айтылуы жөніндегі ақынның өзіндік тұжырымдары.



Он үшінші қара сөз.

Он тоғызыншы қара сөз.






9

Ахмет Байтұрсынұлы

«Ақын ініме»


«Екі шыбын»

2

Мысал жанры туралы ұғымды кеңейту.

Ақынның оқу-ағарту, ғылым, әдебиет саласындағы орны туралы.
Өлеңдегі оқиғаға қойылар талап пен оның парызы жөнінде айтылуы. Өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы. Автор көрсеткен ирониялық сарын.

Мысал жанры туралы түсінікті кеңейту. Мысалдағы басты түйін. Мысалдың тәрбиелік мәні.



«Анама хат»

«Жұртыма»






10

Сыныптан тыс қосымша сабақ

1




Қосымша берілген тақырыптар бойынша әңгімелеу







11

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

«Бір адамға»
«Шәкірт ойы»

2

Ирония, сатира туралы ұғым

Ақын өмірі мен шығармашылығы.
Өлеңнің реалистік сипаты, сюжетке құрылуы. Ақынның оқиғаға көзқарасы.

Шәкірттің болашақ өмірге жету жолындағы алға қойған мақсаты: білім алу, елі үшін аянбай еңбек ету, елін өркениетті елдер қатарына қосу. Өлеңнің өмірбаяндық сипаты.









12

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Әнші» әңгімесі

«Күн менікі»

3




Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Әнші әңгімесінде қазақ даласындағы сахна өнерінің алғашқы бастамаларының суреттелуі. Халықтың өнерге деген ынта-ықыласының көріністері. Әнші Әмірхан бейнесі. Әңгіменің эстетикалық, тәрбиелік маңызы.

Үзіндіде суреттелген көш. күнікей салған әннің көпшілікке ұнауы.


«Боранды болжайтын әулие»




13

Жамбыл Жабаев.

«Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

2

Ұлы Отан соғысы зардабы

Жамбылдың шығармашылығы мен өмірі жөнінде мәліметтер.

Жамбыл өлеңдерінің мазмұны, ерекшелігі, ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданысы, тіл өрнектері, шешендік толғау, даналық ой көріністері.



«Алатау»




14

Сәкен Сейфуллин.

«Тұлпарым»,

«Қамаудан»,

«Сыр сандық» өлеңдері.

2




Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Өлеңге арқау болған тұтқын қиялындағы тұлпар.

Өлеңнің ақын басынан өткен оқиға негізінде жазылуы. Өлеңнің өршіл, асқақ үні. Лирикалық қаһарманның болашаққа сенімі.

Өлеңде көрсетілген ақынның достық, адамгершілік, адалдық туралы ұғым-түсінігінің түйіні. Өлең негізіндегі түйінді ой.



«Біздің жақта»,

«Айшаның ерлігі»






15

Ілияс Жансүгіров.

«Әнші»

«Арынды менің Ақсуым»

«Бөбек бөлеу»

2

Өлең құрлысы туралы ұғымды дамыту. Лирикалық кейіпкер туралы.

Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Өлеңдегі әнші Әсет Найманбаев образы. Ақынның өнер тақырыбын меңгеру шеберлігі. Музыка тілін суреттеу үшін қолданылған бейнелі сөздер.

Өлеңдегі табиғат суреті. Өлеңнің динамикалық қуатын арттырып тұрған тіл шеберлігі, ұйқастары. Өлеңдегі ақын бейнесі. Ақын патриотизмі. Өлеңдегі жер-су аттарытуралы пікір алысу.


«Бөбек бөлеу»,

«Желді қарағай»,

«Ұршық»,

«Жанды сөз»






16

Шығарма

«Жыр құлагері»

1




Шығармашылық қабілетті дамыту







17

Мағжан Жұмабаев.

«Сүйемін»

«Толқын»

2

Өлең құрылысы, қайталау.

Ақын өмірі мен шығармашылығы.

«Сүйемін» өлеңінің негізгі арқауы туған жер, атамекенге деген елжандылық сезім. Өлеңдегі ақынның адамгершілік биік тұлғасының көрінуі. Өлең компазициясының ерекшелігі. Өлең құрылысы, қайталаулардың өлең мәнін ашудағы рөлі.

Табиғаттың үнемі қозғалыста болып тұратын құбылысы толқынды ақынның жанды сөз суреттерімен беру шеберлігі. Ақынның дыбыстан сурет жасауы.


«Мен кім?»,

«Анама»,


«Өткен күн»




18

Мұхтар Әуезов.

«Көксерек»

5

Тақырып және идея туралы ұғымды дамыту.

Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Көксеректің ауыл иттеріне ұқсамайтын жат мінездері. Мұның әсіресе, қасқырлар үйіріне қосылғанда анығырақ білінуі. Қасқырлар ұясын бұзу арқылы адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты. Табиғаттың бір перзенті – түз тағысы қасқырдың адамнан өш алуы. Қасқыр мінезін, өмірін суреттеудегі жазушы шеберлігі, терең білімділігі.

Шығармада адам мен табиғаттың


Бүркіт аңшылығының суреттері,

«Кешкі дон басында»






19

Сәбит Мқанов.

«Есіл бойында»

«Саятшы Ораз»

3

Пейзаж

Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Үзіндідегі Есіл бойының табиғаты, жеке көріністері. Оны суреттеудегі жазушының шуақты сезімдері. Табиғатты суреттеудеқазақтың музыка өнерін шебер өріп келтіруі, сол арқылы шығарманың реалистік сипатын тереңдетуі, эстетикалық әсерін күшейтуі. Әңгіменің тіл көркемдігі. Жазушының көркемдегіш сөздерді қолданудағы талғампаздығы.

Әңгімеде берілген саятшының аңшылығы, адамгершілігі. Саятшы Ораз бен балалар арасындағы достық.








20

Сыныптан тыс сабақ

1




Еркін тақырып







21

Ғабит Мүсірепов.

«Ананың анасы»

«Боранды түнде»

3

Романтикалық образ

Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Өткен заман аңызына құрылған Әйтілес әңгімесінің сюжеттік мазмұны. Мұнда қазақ халқының өткен тарихындағы ерлік шежіресінің бір оқиғасымен байланысты ана махаббатының құдіретті қуаты суреттелгендігі. Ана образының типтік мәні. Ғ.Мүсірепов шығармашылығындағы ана тақырыбының алатын орны.

Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсарға тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік. Әңгімедегі ұлттық салт-дәстүр көріністері. Шығарманың реалистік сипаты.


«Ақлима әңгімесі»




22

Қасым Аманжолов

«Өзім туралы»

«Ақын өлімі туралы аңыз»

2

Өлең құрылысы.

Лирикалық кейіпкер.



Ақын өмірі мен шығармашылығы.

Өлеңнің автобиографиялық сипаты. Өлеңдегі ақын сенімі, ақындық, суреткерлік шеберлік.



«Үстімде сұр шинелім»,

«Дариға сол қыз»






23

Әбділда Тәжібаев

«Сырдария»

1

Кейіптеу туралы ұғымды кеңейту

Ақынның туған жеріне деген махаббатын терең сезіммен жырлауы. Халықтар достығын көрсетуде ақынның өзіндік тәсілі. Сырдарияның қуатын халық игілігіне айналдыру идеясы.







24

Қалижан Бекхожин.

«Ақсақ Темір мен ақын» балладасы

2

Баллада

Аңызға негізделген қысқа сюжетті өлеңде ақындық өнердің құдіреттілігі жырланатыдығын аңғарту. Әлемді тітіркенткен Темір мен ақын Хафиздің мінезі, бейнесі. Өлеңнің сюжеті.







25

Тахауи Ахтанов

Окоп үстіндегі айқас

2

Тарихи роман

Әңгіменң Ұлы Отан соғысына арналғандығы. Шығармадағы жауынгерлер бейнесі. Әңгімедегі қазақ жауынгерлерінің ерліктерінің суреттелуі.







26

Шығарма

«Соғыс пен бейбітшілік»

1




Шығармашылық қабілетті дамыту







27

Баубек Бұлқышев

«Шығыс ұлына хат»

2

Серкесөз туралы ұғым

Шығарманың стильдік,жанрлық ерекшелігі, елжандылық сипаты. Ақынның жастарға қарата айтылған жалынды сөздерінен қөрінетін автордың өз көрінісі.







28

Шерхан Мұртаза

«Жүз жылдық жара»

2

Тақырып, сюжет туралы

Әңгіменің экологиялық шығарма екендігі.ҰОС кезіндегі елдегі ауыр жағдай. Қазақ халқы қасиет санаған киіз үй ағаштарының отқа жағылуы.бақтияр бауырындағы ағаштардың бәрін кесіп бітіп, енді жалғыз қалған Байшынарға балта шабуы. Оларға ауыл адамдарының қарсы көтерілуі. Әңгіменің тәрбиелік мәні.

«Ақсай мен Көксай»




29

Қалиқан Ысқақов

«Қоңыр күз еді»

2

Повесть туралы

Ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуы. Мұғалімнің Қасымның бойындағы әдебиетке деген құштарлықты байқауы, оған ерекше кітап беруі. Қасымның қолжазбаны қастерлеп, жасыруы. Әңгімеде бейнеленген күз суреті.







30

Қадыр Мырза-Әлі.

«Кәрі қыран» өлеңі

1

Аллегория

Өлеңде қартайып, бойында күш-қуаты кеміген қыран өзінің мүсәпірлік қалпына қарсыбар қуатын жиып, шырқау биікке көтеріліп, зулап түсіп, күн қақтаған көк тасқа өзін-өзісоғып мерт еткен «қыран хикаясы» арқылы ақынның ерлікті, өрлікті жырлауы.Өлеңнің аллегориялық сипаты.







31

Сыныптан тыс сабақ

1




Еркін тақырып







32

Сайын Мұратбеков

«Жусан иісі»

2

Әңгіме құрылысы

ҰОС кезіндегі қазақ ауылының ауыр жағдайы, халыққа түскен қайғы-қасірет. Соғыс жылдарындағы балалар өмірінің көрінісі. Басты кейіпкер – Аянға тән парасаттылық, ұқыптылық, нәзікжандылық. Аян айтқан ертегілер, оның тыңдаушыға әсері.







33

Оралхан Бөкей.

«Тортай мінген ақ боз ат»

2

Кейіпкерге мінездеме

Әңгіме тақырыбына негіз болған қарапайым ауыл тіршілігі. Жайлау қөрінісі, туған жер көркінің суреттелуі. Сезімтал да ақылды балалар тіршілігі. Жетім Тортайдың басты қасиеттері.Әңгіме негізіндегі мұң, тағдыр салмағы, орындалмаған арманның басты себептерін ашудағы жазушы қаламының қарымдылығы.

«Апамның астауы»




34

Әлем әдебиеті үлгілерінен.

Александр Пушкин.

«Ескерткіш»

1

Өлең құрылысы

Орыстың ұлы ақыны А.Пушкин туралы әңгімелесу. Өлеңдегі ақын ойы, оның келер заманға деген сенімі. Өлеңде аты аталған халықтар.







35

Шандор Петефи. «Ұлт өлеңі»

1




Өлеңнің шақыру, үгіттеу, ұран, ант сипатындағы мәні. Өлеңде көрінген азаттыққа, бостандыққв үндейтін лирикалық кейіпкердің болашаққа деген берік сенімі, айбынды үні.







36.

О.Генри. «Соңғы жапырақтар»

1




Американ жазушысы Уильям Синди Портердің новеллаларының тақырыбы туралы.

Джонсидің науқасынан айығуы мен Берман қарттың суықтан ұшынып өлуінің новеллада көрініс табуы.









37

Ғабдолла Тоқай

«Өмір жолына қадам басқандарға»,
«Шаруаң бітсе – ойнай бер» өлеңдері

1




Ақын өмірі мен шығармашылығы

Өлеңнің лирикалық кейіпкер атынан, оның сезім күйлері негізінде жазылуы. «Балақайларға» арнау үлгісі.

Өлеңдегі негізгі тұжырымды ой. Авторлық баяндау, өлеңнің диалогтарға құрылуы. Баланы ойынға, көңіл көтеруге шақырғандарға берілген жауаптың өлеңде берілуі.








38

Жылдық бақылау жұмысы

1




Жылдық қайталау.













68














Қазақ әдебиеті пәнінен 8-сыныптың тақырыптық-күнтізбелік жоспар



Сабақтың тақырыбы

Сағ

саны

Әдебиет теориясы

Сабақтың мазмұны

Қосымша оқуға берілген шығарма аты

Мерзімі

1

Кіріспе

1




Оқулықтың мәні, мазмұны туралы







2

Ежелгі дәуір әдебиеті

«Алып Ер Тұңға»



1




ХІ ғасырда Иранның ұлы шайыры Фирдоусидің «Шахнама» кітабының кейіпкері. «Алып Ер Тұңға» -- ХІ ғасырда Махмұд Қашғари жазған атадан балаға мирас болып қалған жоқтау. Бұл жоқтаудың ежелгі түркі әдебиетінің алғашқы нұсқасы ретінде «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа крігендігі.










Тіл дамыту жұмыстары

1













3

Орхон ескерткіштері.

«Күлтегін жазуы»



1

Жырдың композициясы

Ескерткіштің тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар екендігі. Орхон жазуларының мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларына ұқсастығы. Жазудың тақырыбында ел бірлігінің, халқына көмек берудің суреттелуі.







4

Қорқыт ата кітабы

1

Аңыз туралы

Қорқыт өмірінен мәлімет. Қорқыт – оғыз қыпшақтарының ұлы атасы. Қорқыт ата туралы аңыздар. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Нақыл сөздердің қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастық жақтары.







5

Оғыз қаған жыры.

1

Тақырып, идея жөнінде

Жыр туралы мәлімет, оның түркі халықтарына ортақ төл туынды екендігі. Оғыздардың Көк Тәңірге табынып, көк бөріден тарайтындығы туралы. «Оғыз қаған» жырының құрылысы, қазақ эпостарымен ұқсастық жақтары.







6

Шығармаш

«Көне жырлар тарихы»

1




Шығармашылық қабілетті дамыту







7

Ислам дәуіріндегі әдебиет.

Әбунасыр әл-Фараби.

«Қашықтасың туған жер»

«Қағаздың түсіп бетіне»

«Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»


2

Лирика туралы ұғымды тереңдету.

Әл-Фараби өмірі, туған жері, өлеңдері мен еңбектері туралы мәлімет.

«Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген махаббаты, сезімі, «Қағаздың түсіп бетіне» және «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің Отан алдындағы парызы, достық, адалдық туралы ойлары.











8

Ахмет Йассауи

«Хикметтері»



2

Әдебиеттегі сопылық поэзия

Қожа Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығы. Хикметтердің дидактикалық сарыны мен ондағы шешендік, поэтикалық оралымдар, ақыл-нақыл сөздер.







9

Жүсіп Баласағұни.

«Құтты білік» үзінді



1




Өмірінен мәлімет.

«Құтты білік»-тің әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі саналатындығы, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігі. Онда жалпы адам баласын ғаысрлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық-эстетикалық т.б. тұрмыстық мәселелер қамтылғандығы.












Әдеби теориялық сабақ

1













10

Махмұт Қашғари

Мақал-мәтелдері, «Қорадидың аққау-қазы қаңқылдайды» өлеңі



1

Мақал-мәтелдер туралы

Қашғари өмірі мен шығармашылығынан мәлімет.

«Қорадидың аққау-қазы қаңқылдайды» өлеңіндегі туған жерге, табиғатқа деген ақын сезімінің шынайылығы.









11

Рабғузи

«Лұқман Хакім» үзінді



1

Миф туралы

Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәлімет.

Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы жайындағы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы жазылғандығы.

«Лұқман Хакім» әңгімесінің мазмңны, тәрбиелік мәні.











Шығарма

«Даналық сөздер»

1













12

Сайф Сараи

«Түрікше Гүлстан»



1




Сараидың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет.

«Түрікше Гүлстан» парсы ақыны Сағдидың «Гүлстан» кітабының түркі тіліндегі аудармасы екендігі. Сараидың төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін» шығармасы.шығармадағы өсиет-өнеге, адамгершіліккебаулитын тәрбиелік мән.









13

Сыныптан тыс сабақ

1













14

ХІХ ғасыр әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы


«Ереуіл атқа ер салмай»
«Мұнар күн»
«Мен құстан туған құмаймын»

«Жалғыздық»

2

Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы. Дыбыс қайталау (ассонанс, аллитерация)

Махамбет Өтемісұлының өмірі, оның өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман-тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарыны. Махамбет өлеңдерінің ерлік, асқақтық, күресшілдік сипатын аңғарту.

Өлеңнен көрінетін көтерілістің мақсаты мен міндеті. Өршіл, прогресшіл романтизм.

Өлеңдегі ақынның жаңа сыры, қайғысы, эллегиялық сарын.

Ақын поэзиясындағы асқақ арман, жігер.


Өлеңнің философиялық лирикаға жататындығы. Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.







15

Шортанбай Қанайұлы

«Зар заман» өлеңі

1

өлең туралы мәліметтерді кеңейту.

Шортанбай Қанайұлының өмірінен, шығармашылығынан мәлімет. Зар заман ақындары туралы сөз.

Өлеңде көрінетін Ресейдің отарлау саясаты, оның қазақ халқына әкелген зобалаңы. Ақынның жан айқайы, өлеңнің тілі.









16

Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

«Ілімге толса көкірек»

1

Толғау ұғымын кеңейту.

Майлықожа өмірі жайлы мәлімет.

Толғау өлеңнің тақырыбы, идеясы. Толғаудың тәрбиелік мәні.









17

шығармашылық сабақ

1













18

Абай Құнанбаев.

«Адамның кейбір кездері»

«Өлең -- сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Әбдірахман өлгенде», «Әбдірахман өліміне»

Он жетінші қара сөзі

4

өлең туралы ұғымды кеңейту, өлең құрылысы

А.Байтұрсынұлының «қазақтың бас ақыны» атты мақаласы негізінде Абай шығармашылығы туралы мәлімет.

Өлең құдіреті, оның дүниеге келу сыры, ақынның шығармашылық психологиясы.

Абайдың поэзияға қоятын биік талабы мен міндеті. Ақынның өлеңді «өнер» деп түсінуі мен түйсінуіндегі парасаттылық.

Өлеңдегі ақынның жан күйзелісі, гуманизм мен философиялық тереңдік. Өлеңдегі Әбдірахман бейнесі.

Абайдың қара сөздері туралы мәліметберу. Қара сөздің мазмұны және ой түйіні. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің сабақтастығы жөнінде.


«Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек»,

Жетінші өара сөзі,

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»








Әдеби теориялық сабақ

1













19

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

«Қалқаман -- Мамыр» поэмасы

3

кейіпкер туралы

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. «Қалқаман -- Мамыр» дастанына өзек болған тарихи шындықтың көрінісі, кейіпкер бейнесін даралап берудегі шеберлігі. Жырдағы халықтық әдет-ғұрыптың, ұғым-түсініктің көрінісі. Жырдың тілі.

«Сөз жазып, сөз өлшемек»,

«Өмір» өлеңдері






20

Жамбыл Жабаев.

«Жаныс ақынға»
«Патша әмірі тарылды»

«Сұраншы батыр» дастанынан үзінді

2

гипербола, эпитет, теңеу.

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, Жамбыл --фольклордың ірі өкілі, айтыс ақыны, жыршылдық өнердің шебері.

«Жаныс ақынға» арнау үлгісінде екендігі, ұстазы Сүйінбайды пір тұтуы.

1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан толғанысы, жастарға деген жанашырлығы.

«Сұраншы батыр» дастанының «Қобыланды батыр» жырына ұқсастығы.дастанның тәрбиелік мәні.



«Абайдың суретіне»,

«Кәмшат қыз»






21

Сыныптан тыс сабақ

1













22

Шерхан Мұртаза.

«Ай мен Айша» романынан үзінді

2

Роман туралы ұғымды тереңдету.

«Ай мен Айша» -- тарихи шындық негізінде жазылған көркем туынды. Жазушының ата-ана, туған жер, туған ауыл адамдарына құрметі. Шығарманың тәрбиелік мәні. Жазушының тіл шеберлігі.







23

Мағжан Жұмабаев

«Түркістан» өлеңі

«Батыр Баян» поэмасы

3

Поэма туралы ұғымды тереңдету.

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы.

Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтанышсезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы.

«Батыр Баян» -- патриоттық шығарма. Поэманың тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян образдарын Баянға тән биік рух, отты сезім. Поэмадағы ақын тілінің шеберлігі.











Тіл дамыту жұмыстары

1













24

Міржақып Дулатұлы

«Шешенің балаларын сүюі»

1




Дулатұлының өмірі туралы қысқа мәлімет

Ананың балаға деген махаббаты, балаға ана қадірін ұқтыру.



«Насихат», «Елім-ай», «Тұңғыш құрбан» өлеңдері.




25

Мұхтар Әуезов

«Қараш-Қараш оқиғасы»

3

Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы

Жазушы М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

«Қараш-Қараш оқиғасы» -- тарихи шындыққа негізделген көркем туынды. Бақтығұлдың тағдыры.кейіпкерлердің сырт қимылдары мен ішкі сезімдерін суреттеудегі жазушы шеберлігі.



«Еңлік -- Кебек» пьесасы




26

Тахауи Ахтанов

«Күй аңызы»

2

Әңгіме жанры

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

«Күй аңызының» өнер тақырыбында жазылған шығарма екендігі. Жазушының тіл қолдану шеберлігі. Әңгіме сюжетінің тартымдылығы.









27

Мұқағали Мақатаев

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

2

Компазиция, сюжет туралы ұғымдарды тереңдету.

М.Мақатаев шығармашылығы туралы. Поэмадағы табиғатты қорғау, аялау идеясының халық ұғымындағы қасиетті нәрселермен, ұлттық сенім-нанымдармен көмкеріле берілуі. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жырдағы көркемдік шешімі. Жырдың сюжеті мен компазициясы.

Моцарт. «Жан азасы», «Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен»




28

Қабдеш Жұмаділов.

«Қаздар қайтып барады» әңгімесі

2




Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі шетелдегі қазақтардың туған жерге, елге деген сағынышы. Әңгіменің негізгі кейіпкері, қарттың мойнынан түспеген қырық жылғы бойтұмардың символикалық, тәрбиелік мәні.










Шығарма

«Туған жерім--- тұғырым»

1













29

Олжас Сүлейменов.

«Арғымақ», «Қыз қуу»

«Махамбет»

1

Психологиялық параллелизм, теңеу, қайталаулар

О.Сүлейменов өмірі, шығармашылығы туралы.

Қазақ халқының жылқы малына, ұлттық өнерге деген қарым-қатынасының өлеңдегі көрінісі. Өлеңдегі қайталаулар.

Өлеңде Махамбет бойындағы өрлікті, ерлікті, намысты мадақтауы. Махамбет бейнесі.


«АзиЯ» зерттеу еңбегі.




30

Төлеген Айбергенов.

«Ана», «Аруана – бауыр дүние»

1




Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Ана мен аруана (түйе) сезіміндегі ұқсастық. Туған жер қадірін аруананың сезінуі.

«Сағыныш», «сен менің өзімді көрсең»




31

Төлен Әбдіков.

«Қонақтар» хикаяттан үзінді

2

Хикаят туралы

Жазушының өмірі туралы мәлімет.

Үзіндідегі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесінің сөз болуы, қала мен дала адамдарының мінез-құлқы. Әңгімеге арқау болған ұрпақ тәрбиесі.












Сыныптан тыс сабақ

1













32

Дулат Исабеков.

«Әпке» драмасы

3

Драмалық шығармалар туралы

Отбасы мәселесі. Әпкенің жан-дүниесінің байлығы, адамгершілік болмысы.пьесадағы драмалық коллизия







33

Әлем әдебиеті үлгілерінен.

Әбілхасан Рудаки.

«Өмір маған ақыл айтты», «Егіз жолдар»

1




Ә.Рудаки өмірінен мәлімет. Парсы поэзиясының атасы атанған ақын өлеңдеріндегі дидактикалық сарын.Өлең жолдарындағы ақыл-парасат, адамгершілік, имандылық қасиет туралы ақынның қалдырған өлмес мұрасы.










Әдеби теориялық сабақ

1













34

Омар Һаям.

Рубаилар

1

Рубаилар туралы

Әлем поэзиясында рубаилармен өшпес жұлдыз жаққан ақын туралы. Рубаиларының тақырыбы.







35

Расул Ғамзатов.

«Менің дағыстаным»

1




Р.Ғамзатов туралы мәлімет.

«Менің Дағыстаным» -- патриоттық шығарма. Елін, тілін, туған жерін сүйген ақынның үні. Туған тілін ұмытқан баласын «өлді» деген ана қасиеті. Шығарманың тәрбиелік мәні.









36

Шыңғыс Айтматов.

«Найман ана»

2




Аңыздағы ана трагедиясы. Мәңгүрт ұлдың тағдыры. Адам қолынан жасаған мәңгүрттікке ананың қарғысы.

«Ғасырдан да ұзақ күн» романы




37

Сыныптан тыс сабақ

1
















Шығарма

«Мен оқыған шығарма»

1
















Жылдық бақылау жұмысы

1
















68




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет