- Фразеологизмдер туралы ұғым
- Фразеологиялық оралымдар және олардың түрлері
- Фразеологиялық оралымдар деген не?
- Кемінде екі сөздің тіркесуімен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица.
- Фразеологиялық оралымдарға тән белгілер
- Құрылымдық тұтастығының бекемдігі
- Фразеологиялық оралымдар түрлері
- Жүрек жұтқан немесе жүрегінің
- түгі бар , ит өлген жерде , аузы-
- қисаймастан т. б . Мағынасы
- жағынан , ит өлген жерде деген
- фразеологиялық тұтастық өзін
- құрастырушы үш сөздің (ит,
- өлген және жерде) бірде- біреуінің
- мағынасымен байланыспайды,
- Әңгіме ит туралы да, оның өлген
- дігі туралы емес. Бұл фразеоло
- гиялық тұтастық бүтін қалпында
- “өте алыс, тым шалғай” деген
- мағынада жұмсалады.
- Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын, бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым
- (фразеологиялық тұтастық)
- “Ерітіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы”
- В.В Винаградов
- Фразеологиялық бірлік
- Құрастырушы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан пайда болатын жай ғана туынды мағына емес, образды туынды мағына , астары бар мағына.Мысалы: ауырдың үсті, жеңілдің астымен, тілі қышу, түймедейді түйедей ету, екі езуі екі құлағына жету, тамырына балта шабу
- “Мұндай фразеологиялық бірлікте сөздер жалпы образдың бірлігіне , нақты мағынаның бірлігіне бағынады”
- В.В. Виноградов
- Фразеологиялық тізбек
- Ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады.Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген фразеологиялық тізбектердің құрамындағы дала , көл әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе, мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл немес шабыт сөзімен ғана тіркеседі
- Ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Аузы күйген үрлеп ішер; Құрғақ қасық ауыз жыртар; Темірді кызған кезде соқ; Тауықтың түсіне тары кірер тәрізді фразеологиялық сөйлемшелер де құрылым жағынан сөйлемдер сияқты болғанымен, сөйлеу кезінде қалыптасқан, орныққан күйінде, даяр қалпында жұмсалу қасиеті жағынан сөйлемдерден ажыратылады.
- Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан
- Құрылуы жағынан сөлеймге ұқсас фразеологиялық оралымдар
- Құрылуы жағынан сөздердің белгілі бір тіркесі болып саналатын фразеологиялық оралымдар
Достарыңызбен бөлісу: |