Тағдыр қаншама қаһарын төгіп, дүниенің ойраны шығып жатса да, соғыс кезіндегі бейкүнә балалар Аян мен Тортай өмірдің өзін қаз-қалпында түсінді. Олар үшін басқа түрлі өмір жоқ сияқты еді



Дата11.01.2022
өлшемі16,59 Kb.
#111381
Байланысты:
Тағдыр қаншама қаһарын төгіп


Тағдыр қаншама қаһарын төгіп, дүниенің ойраны шығып жатса да, соғыс кезіндегі бейкүнә балалар Аян мен Тортай өмірдің өзін қаз-қалпында түсінді. Олар үшін басқа түрлі өмір жоқ сияқты еді. Аштық, жалаңаштық, қақаған қыстың суығына тоңу, жаздың аптап ыстығына күю тас маңдайларына қаттап-шоттап жазылып берілгендей еді. Аштықтан қарындары шұрылдап жатса да, қыңқ етіп сыр бермеді.

Аян анасы қайтыс болып, әкесі соғысқа аттанғаннан кейін ажесі екеуі ауылға көшіп келеді. Сол кезде Аянның жалғыз ғана арманы болды – ол әкесінің соғыстан аман есен оралуы ғана еді. Бірақ Аянның әкесі де соғыстан аман есен оралмады. Аян қара қағаз алғаннан кейін ешкімнің көзіне көрінбей қораға барып жылайды. Одан кейін әжесі қайтыс болады, осы кезде Аянның соңғы үміті үзілгендей болады. Жалғыз қамқоршысы қайтыс болған соң Аян туыстары Бопайдың үйіне барып тұрады, бірақ ол үйде туысы сиякты емес, жалшы ретінде тұрғандай болды. Оны Аянның аяғын ауыртып алғанда досы іздеп барған кезде қандай жерде жатқанынан аңғаруға болады.Аян өзінің білімімен көзге түседі. Ол шанамен сырғанақ тебу үшін достарына ертегі айтып беріп, күн қарайғанға дейін далада сырғанақ тебуші еді. Ол соңында достарымен қоштасып балалар үйіне кетеді. Содан кейін Аянның қандай болғанын ешкім көрген емес.



Ал Тортайға келсек оның да әкесі соғыста қайтыс болады. Жақын туыстары сиғызбай үңгірге барып тұрады. Бұзау бағып, жетімдіктің жүгін жастайынан арқалайды. Тортайдың өзінің ақ арманы бар еді, бірақ жетімдіктің кесірінен ол арманына жете алмады, өйткені басқа балалар күз келіп оқуға кетіп жатқанда, ол ауылда бұзау бағып қалады. Кейіннен Тортайдың өз отбасы болғанын оқимыз.

Бұл екі оқидан ұққаным енді соғыс болмаса екен деп тілеймін, барлық жерде бейбітшілік болғанын қалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет