Сабақтың тақырыбы: Сағи Жиенбаев



Дата07.02.2017
өлшемі29,76 Kb.
#8878
түріСабақ
Пәні: әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы:Сағи Жиенбаев «Әлия».

Сабақтың мақсаты:С.Жиенбаевтың «Әлия» өлеңімен таныстыру.Әлия молдағұлова туралы мағлұмат беру.Мәнерлеп,түсініп оқуға жаттықтыру,байланыстырып сөйлеуін,сөздік қорларын,ойларын дамыту.Әлияны оқушыларға үлгі ете отырып,өз Отанын сүюге,қорғауға,ел жандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Әлия,Мәншүктердің суреттері, Акт,бағалау жұлдызшасы, Сағи Жиенбаевтың портреті.

Тәсілдері:сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,сто стратегиясын пайдалану,диалогты оқыту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Келген қонақтармен амандасады.

-Мынау не? (жұлдызша) Ол қайда көп кездеседі? (балалардың жауабы.)

Олай болса, әрбір жауаптарыңыз жұлдызша арқылы бағаланады. Кім көп жұлдызша жинайды?



«Аяқталмаған сөйлем»әдісі арқылы мақал-мәтел жасыру.

Батыр туса- ел ырысы. (жаңбыр жауса жер ырысы)

Ер жігіт елі үшін туады, (Елі үшін өледі)

Батыр болмай, (батыр болмас).

Батыр қол бастар, (көсем жол бастар).

Балалар мақал-мәтел не туралы айтылған?

-Ұлы отан соғысына қатысқан тағы қандай батырларды білесіңдер? (Балалардың жауабы).

Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?



«Бәйге» әдісі. Кім мәнерлеп оқиды? (4-5 балаға мәнерлеп оқыту).

Әр топ басшылары кім мәнерлеп, нақышына келтіріп оқығанын айтады.

Топпен жұмыс.

Ассоциация. 1 топ 2-топ




Мәншүк

Әлия

3 топ: Әлия мен Мәншүктің ұқсастығы.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Болжау стратегиясы.Біз кім туралы білдік?

Қос шынар,қос жұлдыз,Мәншүктің сынары кім?

-Әлия. Олай болса бүгінгі тақырыбымызды кім болжайды екен?

-Бұл кімнің өлеңі деп ойлайсыңдар? Автор туралы түсінік.

Сонымен Әлияның өмірбаянына шолу.слайд Акт.видео. (Соғыс жылдарынан үзінді көрсету.)

Сергіту сәті. Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әнін тыңдайық.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу 2 мин.

Миға шабуыл.

Осы өлеңді кім өздеріңе ұнаған әуенге салып айта алады екен?

Кімнің әуені ұнаса, сол әуенге салып барлығымыз айтамыз.

Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмыс.

Мәрмәр- сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас.

Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.Берілген мәтінге қатысты екенін айтып көр

Балалар өткенге шолу жасайық.

Ой қозғау.

-Өткен жылы Жеңістің неше жылдығы тойланды?

-Биыл жеңістің неше жылдығын атап өтеміз?

-Біз қайда бардық, естеріңде ме? (Музей, Әлия ескерткіші)

-Естеріңде не қалды? Не көрдіңдер? (Оқушылар Естерінде қалған көрген- білгендерін айтады)

-Міне, сол Ұлы Отан соғысында мерт болған қос шынарымыз Әлия мен Мәншүк апамызға тағзым етейік. 1минут үнсіздік.



Кері байланыс. Алдын ала дайындалған гүл шоқтарының артына өз тілектерін жазып,Әлия мен Мәншүк апамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

57 жалпы білім беретін орта мектебі



Ашық сабақ.

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Сағи Жиенбаев. Әлия.

Өткізген: Кузембаева М.Б.

(2 «ә» класс)

2015-2016 оқу жылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет