Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»



Дата31.12.2019
өлшемі47 Kb.
#54529
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазушы туралы мағлұмат алады, шығарманың мазмұнын игереді, идеясын ашады;

ә) Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі, өнерге деген қызығушылығы арта түседі, өнерді бағалауға үйренеді;

б) Дамытушылық: Топтасып жұмыс істеуге, өзінше ой қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыланады, таным қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Шоқан, С.Бегалин туралы бейнебаяндар, тақырыпқа қатысты слайд

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру



ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрау арқылы оқушыларды топқа бөлу. ( сөзжұмбақ шешу)

І топ: Шоқан ІІ топ: ғалым ІІІ топ: зерттеуші
Ой қозғау

Шоқан кім?


Саяхатшы, ғалым, әдебиетші, этнограф

Шоқан туралы бейнебаян көрсету


Тектіден текті туар қайталанбас...

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын, кейін Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өтті. Арғы атасы – Абылай хан. Шоқанның әкесі – Құсмұрын бекетінің атақты аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов. Анасы-әйгілі Шорман бидің қызы Зейнеп. «Шоқан» деген ат – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. «Шоқыдай биік, таудай асқақ» деген мағынаны білдіреді. Ақылды, парасатты Шоқан Айғаным әжесінің бауырында өсті.Жастайынан тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдап, ерте хат таныды. Ол сурет салуды да үйренді. Сөйтіп, ол заманына Шоқан есімімен танылды. 


Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған.


Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы» деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин есімімен аталады.

С.Бегалин туралы бейнебаян көрсетіледі.

“Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұстылдырды. “Бала Шоқанды” осылай жаздым”

Мағынаны тану

«Жигсо» әдісі бойынша 3 топ тақырыпты бөліп оқып, постер қорғайды.



Сөздікпен жұмыс

Күзек- Малдың күзгі жайылымындағы қоныс.

Төре- Қазақ қоғамындағы ақсүйек, билік иесі.

Ықтияр- Әр адамға тән ерік.

Арлан- Қасқырдың, арыстанның еркегі.

Қаршыға – Шағын денелі, имек тұмсықты қыран құс.

Тұғыр-Қолға үйретілген саят құстың қонақтайтын орны.

Қотан-Малды иіріп жинайтын түнгі жатақ орын.

Шүйгін-Қалың өскен құнарлы шөп.

Құйқалы-Бұл жерде оты мол, малға жайлы, егінге лайық, құнарлы, тың деген мағынада.

Тобарсу- Аздап кебу, құрғау, дегду.

Кездеме- Мата



«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

3 топ бір – біріне жаңа тақырып бойыншы сұрақтар қояды



Осы шығарманың идеясы қандай?

І топ: Мәтіннен Шоқанның апасының сөздерін тауып оқу.


Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?

ІІ топ: Шоқан мен Мысықтың диалогын оқу. Осы диалогтан не аңғардың?



ІІІ топ: семантикалық карта
Семантикалық кесте ( қай кейіпкердің сөзі?)




кейіпкерлер




Жақып

Шоқан

Шыңғыс

Мысық

Сары бәйбіше

Сыдық

-Не бересің,бауырсақ бересің бе,қант бересің бе?










+







-Өй,өзін қара,неге келдің,шық үйден

+
















-Әй,жарайды,бара ғой екі айтпаған жақсы







+










-Өй,кет, былай жолдан!
















+

-Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой,енді аман бол!




+













-Ей,сен қай ауылдың баласысың?Мұнда қайдан келдің?













+




Иә,дәл өзі.Бірақ мына қойының құлағы тым үлкен екен.







+









ІІІ. Ой толғаныс


І топ: «Синквейн» әдісі ІІ топ: Кейіпкерге хат ІІІ топ: 2 жақты түсініктеме күнделігі
Қорытынды.

«Шоқан тұлғасы сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенде сеніңкіремейтінім рас. Кішкене ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...» - деп жазды Ш.Айтматов 


«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқанның арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді. 
Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек. 

Кері байланыс. Рефлексия

Бағалау

Үйге тапсырма: «Шоқандай болғым келеді» тақырыбына эссе жазу

Утеулиева Рзагул

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы



М.Бегенов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет